Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет50/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73
Rustemov okulik 00

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. М.Әтемісұлы мен Б.Бұлқышев өлең-жырларындағы тақырыптық-идеялық үндестік жайында айтыңыздар. Ақын шығармаларының өршілдік рухын дәлелдеңіздер


Оқуға ұсынылатын кітаптар

  1. Б.Бұлқышев. Заман біздікі. - Алматы: Жалын, 1984.

  2. Б.Бұлқышев. Адамзатқа хат. –Алматы: Санат, 2005.



  1. тарау. Ж.ЖАБАЕВ

Өлеңдері. Жамбыл - өлең-жырды лезде шығарып айтатын суырып салма импровизатор ақын. Ұшқыр ойлы, өткір тілді ақын. Ақын шығармашылығында оқу-білім, еңбек, Отан туралы жырлар маңызды орын алады. Жамбыл поэзиясы - жігерлі, жалынды саяси, лирикалық жыр. Ақын кез келген тақырыпты өзінің ойы, сезімі, үміті, ішкі дүниесі, сыры етіп жырлайды. Жамбылдың «Шәкірт балаларға», «Атаның әлдиі», «Балама хат», «Жеңіс жырын жырлаңдар», «Жаңа жыл сәлемі», «Жүз жасаған жүректен», «Ленинградтық өрендерім», «Әнердің өсуі», «Балаларға», «Жастық жыры», «Бесік жыры» т.б. өлеңдері балалар әдебиетінен өзіндік орынға ие болды. «Шәкірт балаларға» өлеңінде ақын балалар алдына үлкен міндеттер қояды. Өзін ұялы бәйтерекке, биік шынарға балайды. Жасыл жапырақтай жамырасқан бөбектерді биік шынардай болуына тілек білдіреді. «Балаларға» өлеңінде балалардың өмір жалғасы екенін мақтанышпен жыр етеді. «Бесік жыры» өлеңінде балалардың бақытты өмірін қуана жырлайды.
Жамбыл жазбайды, әндетіп ауызекі орындайды. Оның ақындық құрал - домбыраны пайдаланады. Ол - көркем саяси поэзияны жасаушы.
Жамбылдың балаларға арналған өлеңдерінің басты міндеті өз ұрпақтарының патриоттық рухын көтеру болды. Соғыс жылдарында жазылған Жамбыл өлеңдерінің патриоттық ролі жастар үшін мейлінше ықпалды болды. Алғадай армияға алынғанда «Аттандыру» атты өлеңі дүниеге келсе керек.
Алғадайым арлы едің,
Ата сөзін сыйлаған.
Перзентімнің алды едің,
Көңілімді қимаған.
Аттандырдым майданға,
Аман-есен жүр балам!
Майданда Алғадай ерлік көрсетеді. Бөлім бастығы Жамбылға арнап хат жазады. Алғадайдың өзі де әкесіне хат жазады. «Балама хат» өлеңі арқылы баласына қарт ақын жауапты міндеттер жүктейді. Жамбылдың аталмыш «Балама хат» өлеңі майдан газетінде жарияланады. Майдан жауынгерлері атынан Ә.Нұршайықов 1943 жылдың наурыз айында «Тыңдаңыз, ата, ұлдарыңыздың үнін» деген атпен жыр жолдайды. Бригада жауынгерлерінің ерлігін жеткізеді. Жауынгерлердің хатына Жамбыл өлеңмен «Жүз жасаған жүректен» деп жауап қайырады. Жамбыл жастарды мақтаныш ете жырлайды. Әйткені жігер де, күш те, қайрат та солардан табылады. Жастарға осындай сенім арта сөйлеу олардың патриоттық сезімдерін шыңдай түседі Ақын оларды қандай қиыншылық болса да табандылықпен жеңіп шығуға үндейді. Олардың жігерін тасқындататын халқы барын және бүл халық атынан айтылып отырған сөз екенін еске салады.
1943 жылдың жазында Алғадай ерлікпен қаза табады. Алғадайдың өліміне Жамбыл қатты қайғырады. Ендігі жұбанышы немересі Қуаныш болады. «Атаның әлдиі» өлеңін Қуанышқа арнайды.
«Жеңіс жырын жырлаңдар» өлеңінде балаларға басқыншы жау мақсатын түсіндіреді. «Ленинградтық өрендерім» өлеңінің кәріге де, жасқа да, балаға да қаншалықты рух беріп, олардың жігер-қайратын тасытқаны бүкіл әлемге әйгілі.
Жамбыл шығармашылығының негізгі мотивтері мен идеялық, тарихи тамырлары Асан қайғы, Бұқар, Махамбет т.б. поэзиясында ғана жатқан жоқ, көне заманғы эпоста, тарихи жырларда, ертегі, аңыз әңгімелерде.
«Жаңа жыл сәлемі» өлеңінде екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі бейбіт жылдарды еске алады. Бейбіт өмірді аңсайды. Бейбіт өмір үшін жан аямай күресуге шақырады. Жамбыл «Жаңа жыл сәлемі» өлеңнің шумағын, ұйқасын жаңаша қиыстырады.
«Жамбыл шығармашылығының басты ерекшелігі - ақын өлең-жырларының айналадағы өмірдің әрбір елеулі құбылысына дереу үн қатып отыру нәтижесінде туатындығы. Және халық ақыны бар оқиғаға жазба ақыннан гөрі әлдеқайда бұрынырақ назар аударып, үн қатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет