Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет54/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   73
Rustemov okulik 00

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романының шығармашылық тарихы жөнінде әңгімелеңіздер. Романдағы жасөспірім бейнесінің берілу ерекшелігі жөнінде айтыңыздар.


Оқуға ұсынылатын кітаптар
1. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 3-кітап. – Павлодар: Арман, 2004.

  1. тарау. С.БЕГАЛИН

Әңгімелері мен повестері. С.Бегалиннің балаларға арналған әңгімелері мен повестерін тақырыбына қарай Ш.Ахметов бес топқа бөледі. Аңшылық, мал шаруашылығы, мичуриндік агробиология тақырыбындағы шығармалары, тәрбие мәселесін көтеретін және екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі тыл мен майдан өмірі туралы туындылары. Жазушы соғыс жылдары қызмет бабымен Аягөз ауданына барады. Сол жақта ителгі асырап, саятшылық жасайтын Сәтжан деген баламен танысады. «Сәтжан» повесі осы кездесуден соң жазылады. Сәтжан бейнесі талапты баланың іс-әрекетін көрсетуге арналған. Мектеп оқушысы Сәтжан жазда колхоз бұзауын бағады. Аңшы атасы Серікбайға еліктеп, құсбегілікпен айналысады. Табиғат тағысы қыран құс ителгіні үйретеді. Тау қыранымен аң аулайды. Сәтжан туған өлкенің сыр-сипатымен танысады. «Таңбалы тастағы» әр алуан суреттер мен тастар Сәтжанды үлкен ойға қалдырады. Талапты бала аңшылықты өлкетану ісімен байланыстырады. Сәтжан алдында аңшылық өнерден жоғары мақсат пайда болады. Оны қиясына қыран, қыналы бетіне тарих ұялатқан зәулім жартастар құпиясы қызықтыра бастайды. Повесть балаларға арналған әдебиеттің Бүкілодақтық конкурсында жүлде алады. Орыс, армян, азербайжан, өзбек, корей т.б. тілдерге аударылады.
«Бала мерген» повесіндегі Уаш әке жолын қуып аңшы атанады. Әкесі соғысқа кеткенде үй іші тірлігін арқалап қалады. Повесть «Таныстыру», «Алғашқы елік», «Сілеусін», «Қалаумен барып қасқыр атқаны», «Аюмен жекпе-жек», «Таутеке жорығы» деп аталатын тараулардан тұрады. Шығарма кейіпкерлері - он төрт жасар Уаш, укесі Нұрқасым, шешесі Әймен, милиция бөлімшесінің бастығы Исаев, Ыбырайым қарт, Жанжігіт атай, Қалиев, Чугунов, Мұқан, Уаштың қарындасы Дариға. Повесте жер-су атаулары мол: Қырық құдық белдеуі, Алтай тауы, Сарымсақты өлкесі, Қоскемпір биігі, Тазқара биігі, Үлкен Нарын, Балтақалған тауы, Текше тауы, Шыбынды бұлақ, Сармойын құздары, Ақжар биігі т.б.
«Көксегеннің көргендері» повесіндегі Көксеген - маралшы бала. Ол дала сырын жақсы біледі. Оның далада көргендері - замандастары үшін таңғажайып хикая. Көксеген көп нәрсені көреді, ойға түйеді, көкірегіне байлайды. Көргендері мен түйгендерін жас оқырмандармен бөліседі. Повесте аңшылық кәсіп, жер, егін шаруашылығы өзара байланыста әңгімеленеді. Шөп шабуға шыққан балалар табиғат құбылыстарымен танысады, аңшылықтың қыр-сырын танытатын тосын оқиғаларды бастан кешіреді.
«Шопан даңқы, «Төлбасылар», «Сұрапылда», «Керкиік», «Будан», «Қозышы Нұрман», «Жылқышы» әңгімелерінің тақырыптары - мал шаруашылығы. Мектеп балалары оқуды мал бағумен тығыз байланыстыра жүріп, өмір таниды. Тәжірибелі шопандардың жұысын балалардың алдына үлгі етеді.
«Жас бұтақ» әңгімесінде Жүмақан деген бала өзі өсірген апорт алмасын Артекте танысқан достарына жібереді. «Қант бұршақ» әңгімесіндегі Зуфар Артектегі достары арқылы қант бұршақ ұрығын алдырады, оны өсіреді. «Мектеп бағында» әңгімесінің кейіпкері Ерден ағаш отырғызумен айналысады. Аталған әңгімелерде жолдастық, достық, қоғамдық еңбек мәселелері көтеріледі.
С.Бегалиннің бірсыпыра әңгімелері ерке балалар қылықтарын әшкерелейді. «Сымбатты Сима» әңгімесіндегі Сима - еңбек етуге құлықсыз жан. Сабаққа да атүсті қарайды. Әзгені менсінбейтін тәкаппарлығы және бар. Әңгімеде баланың тәрбиесі ата-анаға тікелей байланысты деген ой айқын. «Жаңғалақ» повесінде тентек баланың түзу жолға түсуі, тәрбиеге көнуі оқиға желісіне алынған. Жаппарбек деген бала жаңғалақтығынан тосын оқиғаларға тап болып жатады. Содан Жаңғалақ атанады. Қаладағы қазыналық оқудан демалысқа Дойырбай келеді. Жаңғалақ Дойырбайға ілесіп қалаға кетеді. Жаңа мектепте жетістіктерге жетеді. Фабрика-заводтар үшін мамандар даярлайтын мектепке қабылданады. Қазақ баласының оқуға деген құштарлығын ояту, оқу-білімге шақыру және бұзықтық, тентектіктің өрге бастырмайтынын аңғарту - шығарма идеясы.
Соғыстан кейінгі жылдардағы балалар әдебиетінің негізгі тақырыптары тыл мен майдандағы ерлік істер жайында болды. Соғыс жылдарында 11-14 жастағы балалар ересек адамның барлық жұмысын атқарды. Арбамен астық, пішен тасыды, мақта терді, қызылша тазалады, бұзау бақты, жылқы қайырды, есепші болды. Бұл жастағы балалар майданда ерекше маңызы бар тапсырмалар орындайды. С.Бегалиннің тыл мен майдан өміріне арналған шығармалары нақтылы оқиғаларға құрылды.
Тарихта есімі қалған тұлғалар жайындағы биографиялық шығармалар да – балалар әдебиетінің мұрасы. Соғыстан кейінгі балалар әдебиетіндегі көрнекті қайраткерлер туралы шығармалардың қатарында С.Бегалинның «Шоқан асулары» повесі де бар. Жазушы ғалым есімін Семейде оқып жүрген кезінде естиді. Кітапхана, архивтерден Шоқан жайында материал жинайды. Ғалымның туыстарымен әңгімелеседі. «Шоқан асулары» повесінде автор беймезгіл заманда туып, заманның қыспағына түскен, жарқын талантымен, алғырлығымен қараңғы түнекті жарып өтуге ұмтылған адамның өмірін, балалық, жастық шағын нанымды әңгімелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет