Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет71/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Rustemov okulik 00

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Ж.Смақов шығармашылығының өзіндік ерекшелігі жайында айтыңыздар. 60-80 жылдар қазақ балалар поэзиясындағы тың ізденістер мен жаңа тенденцияларды анықтаңыздар.

  2. 60-80 жылдардағы қазақ балалар ақындары өлеңдерінің танымдық, тәрбиелік сипаты жөнінде баяндаңыздар.

  3. Қазақ балалар ақындарының балалар фольклоры дәстүрінде жазылған өлеңдерін халық өлеңдерімен салыстырыңыздар. Әзара ұқсастығы немесе керісінше, алшақтығы неде екендігін түсіндіріңіздер.

  4. Қазақ балалар ақындарының балалар фольклоры дәстүрінде жазылған өлеңдерін жаттаңыздар.



Оқуға ұсынылатын кітаптар

  1. Бесік жыры. –Алматы: Жалын, 1989.

  2. Ж.Смақов. Бақ-бақ. – Алматы: Раритет, 2008.

  3. Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы: Смақов Ж., Кәрбозин Ж., Молдағалиев Т. -Алматы: Балауса, 1992.

  4. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. -Алматы: Мектеп, 1980.

  5. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 3 кітап. - Павлодар: Арман, 2004.

Қорытынды
Жоғары оқу орнында оқытылатын қай пән болсын, олардың білім мен дағды, тәрбие беруде өзіндік орны бар. Солардың ішінде балалар әдебиеті пәнінің маңызы ерекше.
Балалар әдебиеті пәні ең алдымен, филология факультетінде жүретін арнаулы пәндермен өте тығыз байланысты. Әсіресе, халық ауыз әдебиеті, хандық дәуір әдебиеті, XIX ғасыр әдебиеті, XX ғасыр әдебиеті, қазіргі қазақ әдебиеті пәндерімен, тіпті әдебиетті оқыту әдістемесі пәнімен де тығыз байланысын атап өткен жөн. Әдебиет балалардың рухани дүниесін байытады, туған жерін, елін, жалпы адамзатты құрметтеу сезімдерін тәрбиелейді. Соның ішінде балалар әдебиетінің де мақсаты - балаларға эстетикалық тәрбие беру, оларды халық даналығымен, халық өсиеттерімен таныстыру, сол арқылы адамгершілікке, имандылыққа, парасаттылыққа т.б. тәрбиелеу. Халық даналығы халық ауыз әдебиетінде. Ал халық ауыз әдебиеті - балалар әдебиетінің негізі. Сондықтан, қазақ балалар әдебиетінің даму кезеңдері дегенімізде, бірінші кезекте балалар фольклоры тұрады. Елдікке, ерлікке үндейтін, әділдікке шақыратын жыраулар поэзиясынан балалар әдебиетін тыс қалдыруға болмайды. Махамбеттің патриоттық жырларынсыз, Абайдың ғибраттық ой- толғамдарынсыз балалар әдебиетін көзге елестету қиын. Балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин шығармалары - балалар әдебиетінің күретамыры.
Балалар әдебиеті пәні XX ғасырда профессионалдық деңгейге жеткен қазақ балалар әдебиеті шығармаларын халық ауыз әдебиеті, жыраулар поэзиясы, Махамбет, Абай, Ыбырай дәстүрлерімен жалғастықта танытуды мұрат тұтады.
Әдебиет өнер пәні болып саналатындықтан, балалар әдебиеті бейнелеу өнері, музыка пәндерімен ерекше гармониялық үндестікте өтуі тиіс. Тарих пәні де балалар әдебиетіне туыстас пән саналады. Әйткені балалар әдебиетінің даму кезеңдері осы туыстықты жақсы аңғартады. Асан қайғы, Бұқар жырау, Махамбет шығармашылығы жайындағы мәлімет олар өмір сүрген тарихи кезең сипаттамасымен қоса беріледі. Қай суреткер болсын, өз заманының келбетін кескіндейді. Оның шығармасы - өз заманының айнасы. Демек, балалар әдебиеті пәнін студенттерге меңгертудің де жауапкершілік жүгі үлкен.
Балалар әдебиеті пәнін оқып-үйренуде оның өзге факультеттерде жүргізілетін гумманитарлық, эстетикалық циклдағы пәндермен сабақтастығы ескерілуі қажет. Мәселен, педагогика факультетіндегі педагогика, этнопедагогика, психология салаларына катысты пәндер мазмұны ескеріле оқытылғанда студенттерге пайдасы анағұрлым зор, берері нәтижелі, түбегейлі болар еді. Осы мақсатта Ә.Табылдиевтің, С.Қалиевтің қазақ этнопедагогикасына, оның теориялық негіздері мен тарихына арналған еңбектері пайдаланылды. Бірақ балалар әдебиеті мен этнопедагогика пәндері екеуі бір емес. Оқулықта ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті туындыларының балаларға арналған түрлері тақырыптық, идеялық, көркемдік, жанрлық ерекшеліктері, танымдық және тәрбиелік мәні тұрғысында қарастырылады, балалар ақын-жазушыларының шығармашылығы жайында мағұлмат беріледі, қазақ балалар әдебиеті тарихы зерделенеді.
Балалар әдебиеті пәнінің міндеті - өзіндік эстетикалық көзқарасы бар, ойлы, ізденімпаз маманды дайындауында. Жалпы әдебиет пәні - терең ойлаудың және жан-жақты ойлантудың пәні. Оқулық тараулары соңындағы тапсырмалар әдебиет пәнінің осы сипаттары ескеріле отырып құрастырылды.Тапсырмалар студенттерге көркем туынды туралы оқулық авторы, не ғалымдар пікірін қайталауды, не соны қаз - қалпында мазмұндатуды мақсат етпейді. Ең бастысы, оқыту процесінде ұсынылатын көркем туынды туралы студент ой-пікіріне ерекше көңіл бөлінгені жөн. Ол үшін көркем шығарма оқылуы керек. Осы мақсатта тарау соңында сұрақтар мен тапсырмалармен қоса оқуға кітаптар да ұсынылады. Кітаптар денін көркем шығарма, естеліктер, хаттар, мақала, очерк жинақтары құрайды.
Егер оқулық студенттер үшін қажетті, пән мүғалімдері мен оқытушылар үшін көмекші, жалпы көпшілік қауым үшін пайдалы болатын болса, онда балалар әдебиеті пәні мақсат-міндеттерінің орындалғаны деп білеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет