Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е


Оқуға ұсынылатын кітаптар



бет66/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   73
Rustemov okulik 00

Оқуға ұсынылатын кітаптар

  1. Бердібек Соқпақбаев туралы естеліктер. - Алматы: Білім, 2005.

  2. Б.Соқпақбаев. Аяжан. - Алматы: Жалын, 1985.

  3. Б.Соқпақбаев. Менің атым Қожа. - Алматы: Атамұра, 2003.

  4. Б.Соқпақбаев. Әжесінің баласы. - Алматы: Жазушы, 2003.

  5. Б.Соқпақбаев. Балалық шаққа саяхат. - Алматы: Раритет, 2005.

  6. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. -Алматы: Мектеп, 1980.

  7. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 3 кітап. - Павлодар: Арман, 2004.



5 тарау. Қ.МЫРЗАЛИЕВ
Өлеңдері. 1970 жылдың аяғында Қ.Мырзалиевтің «Күміс қоңырау» атты кітабы -өлеңдер, мысалдар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер, диалогтар, мазақтамалар жинағы жарыққа шығады. «Күміс қоңыраудағы» шығармалары бұрын жарық көрген бір топ кітаптан -«Көктем», «Жаңғалақтар», «Кішкене Қожанасырлар», «Ноян палуан», «Алуан палуан»,
«Сабақ» кітаптарынан және «Омар мен Кұмар», «Мешін мен адам» кітапшаларынан таңдалып, іріктеліп алынған. Жекелеген өлеңдері бастауыш сыныптарға арналған оқу құралдарына енді. Екі жүзге тарта өлеңдеріне әдейі арнап, ән, кантата, ораториялар жазылды.
Қ.Мырзалиев - филосоиялық-дидактикалық дәстүрді дамыта жырлаған ақын. Қ.Мырзалиев қазақ балалар әдебиеті мәселелеріне көп көңіл бөледі. Балалар ақынының қасиеті жөнінде былай дейді: «Барша поэзияға қойылатын түбегейлі талаптармен қоса, балалар өлеңінен жеке-дара талап етілетін қасиет белгілердің өзі қаншалық: оларды үқпайтын, бүкіл жаратылысымен сезінбейтін ақын қандай ма талант, қандай ма дарын болғанмен, егер ол балалар психологиясы мен балалар әдебиетінің өзіндік деген ерекшеліктерін әдейі зерттеп-біліп, үлкен бір даярлыққа кіріспесе, бөбектер көңіліне бірден қона кететін ғұмырлы дүниелер тудыра алмайтыны хақ»(38,324)
«Көктем» өлеңі 5 шумақтан тұрады. 11 буынды өлең. Дала адам бейнесінде алынады. Аспан - әке, көктем - ұл ұғымында.
Аспаның әлсін-әлсін көктем ұлын
Алады шомылдырып жаңбырына.
Тосады жалпақ дала күнге жонын
Денесін жазайын деп құрыстаған.
Автор өлеңнің соңғы шумағына дейін бір бағыттан айнымайды. Көктемнің жазға орын беруі -кішінің үлкенге құрметі тәрізді қабылданады.
Жаз келіп, көктем жылжып жүре берер
Інідей орын берген ағасына.
Өлең аяқ астынан құйып, аяқ астынан басылған жаңбырды, жаңбырдан соңғы арайлы құбылысты көркем сурет етіп көрсетеді.
Су-су қылып бозторғайды, шымшықты,
Сілкінді де сұп-сұр аспан тыншықты.
Сахна - көк, шымылдық - бұлт сырылып,
Сығалады, нұрын сеуіп күн шықты.
Автор табиғат мінезін бала мінез-құлқымен салыстырады. Табиғат мінезі бала көңіл-күйімен байланыстырылады.
Құдды ерке бала сияқты.
Жұтты гүлдер нөсер суын, шуақты.
Жылғалардан жылжып қана су ақты.
Жаңбырдан соң күлімдеді табиғат
Жақсы баға
Алған бала Сияқты.
7 буынды «Шие мен жиегі» атты өлең тілазар баланың қылығын баяндайды. Айтқан тілді алмаушылықтың неге соқтыратынын көрсетуге арналған өлең.
Айтқан тілді алмайтын
Көршіміздің жиені.
Әлі жеуге болмайтын
Жұлатын көк шиені.
Жұлып жүр деп жиенім,
Көрші ойына алмады.
Пісер кезде
Шиенің Бір түйірі қалмады.
Балаларға арналған өлеңдердің ішінде күшік, мысыққа арналғандары жиі кездеседі. Қ.Мырзалиевтің «Саққұлақ» елеңі үш шумақтан түрады. Ойыншыл күшік қимыл- қозғалысы кімге болса да таныс. Әсіресе, мына қылығы:
Үріп тұрып жөнімен,
Қызық оның қашқаны.
Қорқып үріп,
Сонымен
Қорқытады басқаны!
Бірінші шумағының бастапқы екі жолы 4 және 3 буынды да, қалған шумақтары 7 буынды.
Қ.Мырзалиев өлеңдерінде теңеу мол. Табиғат үнемі жанды бейнеде алынады. «Қыс» өлеңінде қыс ересек адам кейпінде болатын болса, тал - жас бала есебінде алынады.
Қыс өзі бүрсеңдеген бала талға
Кигізді үстіндегі ақ халатын.
Қар жапқан аппақ дала хақында «расымен ұқсайды екен!» дегізетін теңеу табады:
Әлі де із түспеген әппақ дала
Басталмаған оқушы дәптеріндей.
Баланың тілазарлығы - ақын өлеңдері тақырыптарының бірі. 7 буынды «Тілазар» өлеңі тағы да тілазарлықтың салдарын түсіндіреді.
Тазалашы, мұз болған,
Есік алды тайғанақ!
Жата берсін, біз оған
Теуіп жүрміз сырғанақ!
- Шыға беріп Жалтақбай
Ұшьш түсті қалпақтай!
Халық әңгімесі ізімен жазылған «Аңқау аңшы» өлеңі 5 шумақтан тұрады. Әр шумақта 8-9 жол. 3, 4, 5 аралас буынды өлең. Қиялға беріліп, қоянды қолдан жіберіп қойған аңшы жөнінде. Идеясы - бос қиялдың қажетсіздігі, әрекет етуге ұмтылуға үндеу.
Қ.Мырзалиев мысалдары шағын көлемді. Көпшілігі 2-3 шумақтан аспайды. «Күміс кітапта» ақын мысалдары «Мұндайлар да бар» айдарымен берілген. «Бас пен тарақ» мысалы 2 шумақтан тұрады. 11 буынды өлең. Тарақ Басты «Менсіз сенің күнің құрсын ұйысқан» деп менсінбейді. Шашсыз тарақтың күні қараң. Осы ойды екінші шумағында аңғартады:
- Бірте-бірте сиреңкіреп барамын. Уақыт алып келмейді көп тарағым. Таз болатын кезім жақын, - деді Бас,
-Күнің сонда не болады, қарағым?!
«Бұлбұл және оның иесі» мысалы 6-7 буын аралас өлшеммен жазылған. Тордағы бұлбұл иесіне «босат» деген тілек айтады.
«Босатсам, сені мысық жеп қояды» дейді қожайыны. Қожайын, бұлтарма, Қолдайсың бұзықты. Әйтпесе, бұл торға Қамар ең мысықты!
Үш мысалдың үшеуінде де кісі қадіріне жетпейтін жан қылығы тұспалданады. «Жаңғалақтар» кітабынан енген өлеңнің бірі - «Әттеген-ай». Әкпешіл бала өзіне кесел келтіреді. «Ет аз қалдырдыңдар» деп апасы қойған тамақты жемей қояды.
Ет екен демедім,
Әкпелеп жемедім.
Ал апам күлді де,
Майлы шек, тілді де
Қалдырмай жеп қойды,
Тәтті екен!- деп қойды.
Өйтерін білмедім,
Өйтерін білгенде
Өзім-ақ жейтін ем,
Аз емес! - дейтін ем! «Досым екеуміз» өлеңінің кейіпкерлері жиілеткен өбелестен соң өзара ортақ шешімге келеді:
Шекіссек те екеуміз
Үйге жылап қайтпаймыз.
Сөзімізге бекембіз,
Апамызға айтпаймыз.
Естімесе өздері,
Айтып қанша қажеті?
Біліп қойса,
Біздерді
Ойнатпайды бір жеті!
Автордың жиі тұспал жасайтыны - жалқаулық. Жалқаулықты әшкерелеу үшін де кез келген форма тиімді. Оған мысал - сұрақ-жауапқа құрылған «Балақай» өлеңі.
Бүлдірген тереміз, балақай. Алақай! Ат жарыс көреміз, балақай. Алақай! Айға ұшып барамыз, балақай! Алақай! Кел, ағаш жарамыз, балақай. Әй, ата-ай!... Тұспалсыз, айтарын ашық айтатын өлеңі - «Шылым жыры»:
Шылыммын, Шьшыммын, Сөзі рас ғылымның:
Сорымын жүректің, Жүйкенің, Жұлынның.
Шылыммын, Шылыммын, Бос кеткен пұлыңмын.
Шексең - патшаңмын, Шекпесең - құлыңмын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет