Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет67/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   73
Rustemov okulik 00

Поэмалары. «Әтірік туралы шындық, яки менің қалай Судырахмет атануым туралы хикая» поэмасы ойдан қырық өтірік құрастырған баланың әңгімесіне құрылған. Поэмада халық шығармасында кездесетін жанды, жансыз кейіпкерлер жиі ұшырасады.
Әлі есімде қарт кезім,
Таяқ қылдым тебенді.
Жалған болса бір сөзім,
Көрмейін мен төбемді!!!
Қырық өтірік айтқан балаға асыранды бөлтірік берілетін болады.
Міне, осындай өтірік
Өлеңіме сый алдым.
Жұртты тыңдап отырып,
Әз-өзімнен ұялдым.
Бірақ поэмада кейіпкердің «судырақ» атануын түсіндіретін этимологиялық сипат бар.
Содан бері балалар:
«Судырақсың сен!» - дейді.
Содан бері балалар
Сөзіме бір сенбейді.
Орыс балалар поэзиясындағы классикалық үлгілерден шығармашылық үйренудің үлгісін Қ.Мырзалиев өлең- жырларынан анық байқалады. С.Маршактың «Мастерломастер» туындысындағы қарапайым шындық оқушысын күлкіге кенелтерлік қуат алған. Осындай үйреніс ізі Қ.Мырзалиевтің «Жаңғалақтар», «Омар мен Құмар» шығармаларынан да елес береді. С.Маршактың «Вот какой рассеянный», В.Маяковскийдің «Сказка о Пете, толстом ребенке и о Симе, который тонкий» деп аталатын туындыларынан бағдар алғандығын байқаймыз. Қ.Мырзалиевтің «Киімдер қалай күйінді?» поэмасы К.Чуковскийдің «Мойдодыр» шығармасын еске түсіреді. Айырмашылығы, Қ.Мырзалиев поэмасында салақ баладан өңкей киімдер өш алады. Киімдер таңертеңгілік тығылып қалып, көп іздетеді. Сөйтіп, ұқыпсыз әрі сотқар Еркебекті сабақтан қалдырады. Калошы көк мұзға сұлатып, көп қызға күлкі қылады, көк кепкісі басынан ұшып кетеді. Қалтасындағы винт және жердегі тас жамбасына батады.
Әліңді шамала,
Бізді де бағала,
Әйтпесе, о, бала,
Боласың көкала!
- Обал,ә?!.
Ақынның «Балшықұлы Балшықбай» поэмасында Алексей Толстойдың «Алтын кілт немесе Буратиноның басынан кешкендері» ертегісі оқиғаларының елесі бар. Екеуі де - қуыршақ кейіпкерлер. Бірақ Буратино ақылды тентек болса, Балшықбай - салдыр-салақ бала. Жан бітіп балаға айналған соң рұқсатсыз далаға шығып кетеді. Суық тиіп ауырады. Машинаның астына түседі. Ертегі-поэма соңында балдақпен жүрген Балшықбайды көреміз. Айбала оның досы боп, Біраз байқап көрмекші. Кетсе түгел жақсы боп, Аяқ жасап бермекші.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет