Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет69/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Rustemov okulik 00

Поэмалары. Бірде М.Әлімбаев «Балдырған редакциясында бас редактор ретінде бір мәселені қозғайды.
«Бауырсақ қайдан келеді?» деген сауалға қала балабақшасында тәрбиеленіп жүрген бес жасар бала - қазақ сәбиі «ақ бауырсақ алма сияқты ағашта өседі» деп жауап беріпті. «Ауыл тірлігінің қыр-сырына қала балаларын қанықтыру үшін «Балдырған» беттерінде әдеби-көркем туындыларды көптеп жариялау - басты парызымыздың бірі» - деп ескертеді ақын. «Малшылар еңбегі жаынан оқиғалы сурет-кітапшаны қолға алайын»- деп Ә.Дүйсенбиев өзіне міндеттеме артады. Кейін «Бәтеңке, Шұжық, Балқаймақ» туады.(М.Әлімбаев естелігінен алынып отыр). Ертегі-поэма төмендегіше басталады:
Бәтеңке, Шұжық, Балқаймақ,
Дүкенде түрып ұрысты,
Ұрыс-керістің сыры - қайсысымыз халыққа керекпіз? - деген сауалдың төңірегінде өрбиді. Олар төрешілерге жүгінеді. Көк төбет Шұжықты, ала мысық Балқаймақты, тышқан тістің қышуын қандырады деп Бәтеңкені жақтайды. Дау шығып, атыс күшейе түседі. Ең соңында олар ақ сиырға жүгінеді.
Сиыр сөйлей жөнелді, Бір төңкеріп көздерін:
-Мына менен, әуелі,
Шыққансыңдар өздерің.
Шытынама,
Балқаймақ,
Сені сүттен беріп ем.
Ал, Бәтіңке, айқайлақ,
Жасалғансың теріден.
Сен де,
Шұжық, безілдек,
Шығасың ғой етімнен,
Енді өзім, өзім» - деп,
Екіленбе бетіңмен.
Сөйте тұра өзімді,
Мақтамаймын, таспаймын.
Әрқашанда сөзімді
Бақташыдан бастаймын - деп үшеуін ертіп, бақташы еңбегін көзбен көру үшін фермаға кетеді.
Ертегі-поэмада тәлімдік бірнеше сипат бар. Шығарма, алдымен, өзімшілдікті сынайды. Өз көкірегін қағып, менмендік танытқан Бәтеңке, Шұжық, Балқаймақ әрекеттері осыны маңзейді. Екінші, Көк төбет, Аламысық, Тышқан төреші ретінде алынған. Әркім өз керегіне қарай сыңаржақ бағалаған. Соңғысы, Ақ сиырдың аналық пейілі аңғарылады.


Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Ә.Дүйсенбиев өмірі мен шығармашылығы жайында әңгімелеңіздер.

  2. Ә.Дүйсенбиев өлеңдерінің өзіндік ерекшелігін түсіндіріңіздер, шығармаларындағы түйінді ойды анықтаңыздар. Шығармаларының тәрбиелік мәні туралы пікір білдіріңіздер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет