Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет65/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73
Rustemov okulik 00

Әңгімелері. Балаларға арналған шағын әңгімелерінен де қаламгердің өзіндік ерекшеліктері көрінеді. Жазушының «Бурыл ат», «Әріпбай және көкжал қасқыр», «Жол», «Ағаштар неге ашуланды?» әңгімелері балалар өміріне құрылған. Әңгімелерінің кейіпкерлері - ауыл балалары.
«Борандағы» Нұржан, «Бурыл аттағы» Сүлеймен, «Жол» әңгімесіндегі Балғын - қарапайым ауыл балаларының бейнелері. «Жол» әңгімесіндегі Балғын қоршаған ортаның сырын ұғуға ұмтылады. Әңгімеде бәрін білгісі келген бала бейнесі ғана емес, оған жалықпай жауап беретін әке сипаты да қатар ашылады. Жазушы бала өмірінің бір ғана сәтін бейнелегенімен, оны шынайы суреттейді. Қоршаған ортаның қыр-сырына әлі қанығып үлгермеген сәбиге соқпақ жолдың ауылдан асқан соң таусылатындай болуы – табиғи құбылыс. «Ағаштар неге ашуланды?» әңгімесінде күтімсіз қалған ағаштар кешегі еркін өмірлерін аңсап, бір-біріне мұңын шағады. Бұл халді самал жел өзен бойндағы орманға жеткізеді. Әңгімеге қиял-ғажайып ертегі элементтері араласады. Тал, қайың, бұтаға жан бітеді. Ағаштың адамға тигізер пайдасын кәрі еменнің өзіне айтқызу арқылы жазушы жас баланы ойлантады.


Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. «Бердібек Соқпақбаев туралы естеліктер»(2005) кітабын оқыңыздар. Жазушының өмірбаяндық шығармашылығын әңгімелеңіздер.

  2. Б.Соқпақбаев повестеріне мазмұндық, тақырыптық, сюжеттік-композициялық талдау жасаңыздар. Жазушы шығармаларының өмірбаяндық сипаты жөнінде айтыңыздар. Қоғамдағы әлеуметтік- психологиялық мәселелердің қаламгер шығармаларындағы көрінісін дәлелдеңіздер.

  3. Б.Соқпақбаевтың «Меиің атым Қожа» повесіндегі Қожа бейнесінің жаңашылдығын дәлелдеңіздер. Шығармадағы образдардың жасалу ерекшеліктеріне тоқталыңыздар.

  4. Жазушы әңгімелеріне тақырып, идея, образдар жүйесі бойынша талдау жасаңыздар.

  5. 1960-80 жылдардағы балалар повестерінің тақырыптық ауқымын анықтаңыздар. Қазақ балалар жазушылары повесть, романдарының көркемдік-идеялық ерекшеліктерін танытыңыздар. М.Иманжанов, Б.Соқпақбаев шығармаларындағы дара және ортақ стильдік белгілерді айқындаңыздар. Шығармаларының сипатын қазіргі заман тұрғысынан бағамдаңыздар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет