Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет119/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

Дешті-Қыпшақ – ежелгі түркі мемлекеттілігінің дәстүрлерін 
жалғастырған әрі дамытқан, орталықтандырылған ерте феодалдық мем-
лекет. Шыңғыс хан империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын 
(Алтын Орда) тарихшылар Дешті-Қыпшақ деп атады. Кейін бұл аумақта 
Қазақ хандығы құрылды.
Жанкент - орта ғасырлардан сақталған көне қала. Парсыша Дех-и-Нау, 
арабша әл-Карьят әл-Хадиса, түрікше Янгикент, қазақша Жанкент («Жаңа 
қала») деген мағынаны білдіреді Сырдың Арал теңізіне құяр тұсында 
орналасқан. Жувейнидің, Несевидің және Омаридің кейбір еңбектерінде 
ол «Шаҝаркент» деп те берілген. Шыңғыс хан шапқыншылығына дейін 
гүлденген қала болған. 
Жиделібайсын – қазақ фольклорында (“Алпамыс батыр” жырын-
да, Асан Қайғы туралы аңыздарда, т.б.) жиі кездесетін берекелі, қасиетті, 
құтты мекен. ХҮІ ғасырда Мұхаммед Шайбани бастаған Дешті Қыпшақтың 
көшпелі түркі рулары Орта Азия жерін басып алғанда, Жиделібайсын қазақ, 
қарақалпақ халықтарының құрамындағы қоңырат тайпасының үлесіне 
тиген. Жаңа қонысқа ауысқан қоңыраттардың саяси және әлеуметтік 
тұрмысында орын алған тарихи оқиғалар қазақтың «Алпамыс батыр» 
жырында эпикалық түрде суреттеледі. Тарихи жағдайларға байланысты 
қалың қазақтан қол үзіп кеткен қоңыраттардың мекені уақыт өте аңызға 
айналып, қазақ фольклорында халық қиялының символы болды. 
Месопотамия –Тигр және Ефрат (Қос өзен) өзендерінің бойында 
орналасқан ежелгі ескі қала орны. «Месопотамия — архивтер отаны» деп 
аталады. Өйткені мұнда мемлекеттік архивтермен қатар жеке адамдардың 
да архивтері болған. Сонымен қатар ең көне медициналық еңбектердің, 


387
дәрі-дәрмек рецептері жинақтарының авторлары, диқаншының тұңғыш 
күнтізбегін жасаған да осы Месопатамия тұрғындары (шумерлер). 
Мекке – мұсылмандардың қасиетті қаласы. Онда бас мешіт әл-
Мәсжид әл-Харам мен Қағба орналасқан. Мұхаммед (с.а.с.) осы қалада 
дүниеге келген. Мұхаммед (с.а.с.) Меккеден кеткенімен Мәдинедегі жаңа 
құлшылық ету үйінің есігін Қағбаға қаратты (Құбыла). Мұсылмандардың 
Меккені 630-жылы жаулап алуы оның діни орталық ретіндегі айрықша 
жағдайын қалпына келтіріп қана қоймай, одан да жоғары дәрежеге 
көтере түсті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет