Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет116/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

    Бұл бет үшін навигация:
  • Қисса
Діни қисса – пайғамбарлар мен әулие-әнбиелер, періштелер мен 
сахабалар т.б. өмірі мен олардың дін жолындағы іс-әрекетін бейнелеген 
шығармалар. Діни қиссалар сюжеті Құран Кәрімнен алынған. Негізінен, 
қарасөз түрінде айтылатын ертегілер мен әңгімелерді, аңыздар мен 
әпсаналарды араб тілінде қисса десе, парсы тілінде «дастан» деп 
атайтыны мәлім. Алайда қазақ қауымы Шығыс хикаяларының өлең 
жырға айналдырған үлгілерін ғана «қисса» немесе «дастан» деп таныған. 
Діни дастан – ислам дінін уағыздайтын, Мұхаммед пайғамбар мен 
оның төрт сахаба-серіктерінің есімдеріне байланысты мифтік аңыздар 
негізінде туған дастандар. Бұлар – «Сал-сал», «Зарқұм», «Кербланаың 
шөлі», «Хазрет Расулалланың Мағражға шыққаны», «Жұм-жұма», 
«Әзірет Әлінің құлдыққа сатылғаны», «Әлінің сараң байды жолға 
салғаны», «Мұса ғалаиссалам мен Қарын хикаясы», «Жүсіп-Зылиха» 


384
т.б. Діни дастандар қазақ даласына XVIII ғасырда әуелде ауызша, кейін 
жазба түрде тарай бастады. 
Қыйт’а – түркі өлеңіне араб, парсы поэзиясынан ауысқан түр. Ұйқасы 
а –б–в–б–г–б болып келеді. Ақындар шын сырын, арман-тілегін осында 
айтады. Ғазалдан айырмашылығы соңында автордың аты кірістірілмейді. 
Көбінше қыйт’адағы бәйіт саны – бесеу.
Қисса (араб тілінде – әңгіме, аңыз) – ауыз әдебиетіне тән эпикалық 
жанр, сюжетті жыр, дастан, кітаби эпос. Мазмұны, құрылысы жағынан 
лиро-эпосқа жақын. Махаббатты, пәктік пен тазалықты, ізгілікті
адамгершілікті жырлайтын шытырман оқиғалы поэтикалық жанр ретінде 
Қисса араб, парсы, әдебиетінде кең дамыған. Түркі тілдес халықтарға 
араб әдебиеті арқылы енген. 
Мәснауи – араб, парсы, түркі әдебиетінде кездесетін өлеңнің 
формасы. Әр екі жолы өзінше ұйқасады. Қазіргі әдебиетіміздегі кезекті 
ұйқасты өлең сияқты. Мәснауи «Махаббатнамада» көбіне үш бәйітті 
болып келеді.
Мифкөне аңыз, әңгіме. Ежелгі мифтер мен аңыздар алғашқы 
адамдар тіршілігінің маңызды бөлігі болып, олардың рәміздік мазмұны 
арқылы адам қоршаған ортаны игеріп, жете түсінді. Мұнда поэзия мен 
алғашқы білімнің, дін мен әдептің, өнер мен өмірлік тәжірибенің ерекше 
бірлігі орын алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет