386
1431 жылы Мәскеу князі Василий Темный бағындырғаннан кейін, Еділ
бойы өңірінің орталығы Қазан қаласы болды. Бұлғардың қираған орны
Татарстан
аумағында, Еділ өзенінен алты
шақырым жердегі осы аттас
ауылдың маңында.
Византия - /Шығыс Рим империясы/ (325-1453) - Батыс тарихшылары
XIX ғасырда Шығыс Рим империясына «Византия империясы» деген атау
берген. Византиялықтар өздерін
ромей деп атаған. Византия астанасы Кон-
стантинополь қаласы болды, император Юстиниан I заманда гүлденген ірі
қала болды. XV ғасырдың басында түріктер Византияның Кіші Азиядағы
иеліктерін толығымен басып, Константинопольді Стамбул деп жариялады.
1461 жылы түріктер Трапезунд империясын да басып алғаннан кейін, Ви-
зантия империясы өзінің өмір сүруін мүлдем тоқтатады.
Екіөгіз – орта ғасырларда Іле алқабында болған қала.
Қаланың
орны төрт-бүрышты, қабырғаларының ұзына бойы мен бұрыштарында
болған дөңгелек мұнаралардың орындары анық сақталған. Төбенің
үстінен қазылған ұңғымадан және ескерткіштің үстінен
табылған
қыш ыдыстардың сынықтары қаланың
VІІ-ХІ ғасырларда болғанын
айғақтайды. В.Рубрук қалада парсы көпестерінің
арнайы тұрақтары
болғандығы жайында жазған.
Достарыңызбен бөлісу: