АХМЕТ ЙҮГНӘКИ
XII ғасыр әдебиеті тарихында аты мәлім есімдердің бірі. Оның
толық есімі - Әдиб Ахмет Махмудұлы Йүгнәки екен. Йүгнәкидің әкесі
- Махмудтың негізгі мекені Түркістан маңы, Махмудтың өзі де ақын
жанды, сергек адам болған. Ахметтің туған жері де сол Түркістанға
қарасты Йүгнәк деген кыстақ. Оның Йүгнәки аталуының өзі де
сондықтан. Қазақтар ол жерді Жүйнек деп атап кеткен.
Ахмет Йүгнәки жас шағынан араб, парсы тілін игерген, өз кезінің
окыған, білімді адамы саналған. Йүгнәкиден бізге жеткен шығарма -
оның бір ғана «Хақикаттар хадисі» немесе «Шындық сыйы» (арабша аты-
Хибат-ул-Хақайк). «Хақиқатта» адамгершілік, әділеттілік, білімділік,
ақыл-парасаттылық сияқты өнегелі тәлімдер дәріптеліп, адамшылыкқа
жат іс-әрекет, мінез-қүлықтар сыналады. Білім жөнінде, тіл туралы,
сақтық, әдептілік, дүниеқорлық тағы баска мәселелер туралы пікір
қозғалады. Автор кітапты жазу себебін және қай тілде жазып отырғанын,
өзінің аты-жөнін хабарлайды. Өзі өлсе де, даналық сөзінің калатынына
сенім білдіреді.
Атым Ахмет, ғылым сөзім,
Кетсем де өзім, калады сөзім.
Өмір озып, келеді көңіл күзі,
Талғандай болады екі көзім.
Соның үшін шығардым түрікше кітаб,
Керек болса тәлім, дос кітаб.
Әдиб Ахмет Махмудұлы Йүгнәкидің «Хақиқаттар қадисі» -
дидактикалық сарында жазылған, дәуірінің моральдық нормаларын
уағыздайтын маңызды дастан. Ол - Баласағұндық Жүсіптің «Құтадғу
білік» атты даналық кітабы тәріздес түркі тілді халықтар әдебиетінің баға
жетпес көркем туындысы. Дастанның мазмұны 14 тарау, 235 бәйіттен
қүралады. Алғашқы үш тарауында сол кездегі дәстүрге орай аллаға,
пайғамбарға, оның төрт сахабасына кұлшылық етуден басталып, шығарма
Датбек деген шахтардың біріне бағытталады. Төртінші тарау ында да
Датбектің адамгершілігі зор, әділетті басшы, ақыл иесі дана, қайырымды
шах болғаны дәріптеліп, дастанның жазылу себептері түсіндіріледі.
Акынның негізгі мұраты – бесінші тараудан бастап баяндалады. 5-8
тарауларда түгел дерлік білімнің пайдасы түсіндіріліп, адамгершілік
ақыл-өсиеттер айтылады. Адам ұстамдылық, акыл-парасаттылығымен
әділет үшін еңбек етіп өсуі керек, тіліне сақ болып, орынсыз сөз айтпай,
басқаны жөнсіз тілдемей, дос-жарандарымен өмір кешуі орынды. Себебі
дүние пәни, бүкіл ғаламда өзгермей бірқалыпта тұратын ешнәрсе жоқ,
өткінші өмірде жауыздыққа орын бермей, жақсы өткізген абзал. Кейінгі
174
тарауларда ақын дүниеқорлық, мал-жанды пендешілікті сынға алады.
Опасыз, нәтижесіз бос өткен өмірге қарсылық білдіреді.
Дастанның түп нұсқасы бізге жетпеген. Нажиб Осим деген түркі
ғалымы 1916 жылы жариялаған көшірме нұсқа Стамбул кітапханасынан
табылған. Ол - София мешітінде сакталған. 1480 жылы көшірілген
нұсқасы. Бұл кітапты соңғы жылдары Е.Бертельс пен С.Малов сияқты
кеңес түркологтары тиянақты зерттеп, пікірлерін айтып келді. Қазір
Ахмет Йүгнәкидің осы дастаны өзбек әдебиетінің окулығында да толық
талданып жүр. Шығарма өз кезінде қолданылған араб және ескі ұйғыр
жазуларымен жазылған.
Өзбек ғалымы Қ.Махмудов 1972 жылы «Ахмет Йүгнәкидің «Хибатул
хақойық» асари хақинда» - деген атпен академиялық нұсқасын және
өзінің лингвистикалық талдау еңбектерін жариялады. Бұл қазіргі түркі
тілдерінің бірінде, кеңестік өзбек топырағында туған ізгі істің нәтижесін
танытты. Йүгнәки кітабының ол алғаш транскрипцияланған мәтінімен
таныстырды
67
. Ол 1971 жылы «Хибатул хакайықтың» өзбекше аударма-
сын шағын кітапша көлемінде Ғафур Ғұлам атындағы көркем әдебиет
баспасынан көп тиражбен қалың окушы жұртшылыкка ұсынған болатын.
Бұл - ескерткіштің қазіргі окушылар үшін де пайдалы екендігі ескертерлік
жағдай.
68
Ахмет Йүгнәкидің аты қазақ арасында да мәлім. Оны Жүйнек маңы өз
ақынымыз деп санайды. Кейбір сөздерінен мысалдар келтіріп айтушылар
да табылады. Ахмет Йүгнәкидің аталмыш шығармасы қазақ тілінде
бөлек кітап болып, 1985 жылы ғана шығып отыр. Ә. Құрышжанов пен
Б.Сағындықовтар шығарма мәтінін сөзбе-сөз аудармасын және қазіргі
қазақ өлеңіне айналған мәтінін жасап бастырған. Мұны көне мұрамызды
игеруде жасалған ізгі қадам демекпіз
69
.
С.Е.Малов кітабында да Йүгнәки еңбегінің мазмұны түгелге жақын
берілген.
Йүгнәки шығармасының кейінгі жылдары Абдураззақ Бақшы нұсқасы,
одан басқа да бірнеше көшірмесі табылған. Олар - Хират көшірмесі
(ұйғыр әліппесінде), Түркиядағы арабша көшірмелері. Ал, Рашид Рахмет
Арат деген зерттеуші дастанньің бір нұсқасын Берлин кітапханасында
ұшыраткан. Ахмет Йүгнәки шығармасының нұсқалары және олардың
бір-бірінен айырмашылықтары туралы Қ.Махмудов пікірлері дәлелді.
Ол өзінің жоғарыда біз көрсеткен «Ахмет Йүгнәкидің «Хибатул хақойық
асари хақинда» кітабында автордың өмірі туралы да пікір айтады. Ахмет
жастай соқыр, ғаріп адам болған дейді.
Қ.Махмудов еңбегі - негізінен лингвистикалық зерттеу. Шығарманың
фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктеріне ол баса көңіл аударған.
Соған қоса шығарманың арабша көшірмесінен, транскрипциясынан,
67
Қараңыз: Қ.Махмудов. «Ахмет Йүгнәкидің «Хибатул хакойық» асари хақинда» Ташкент, 1972.
68
«Ахмет Йүгнәки. Хабитул хақойық. Ташкент, 1971
69
Ахмет Йүгнәки. Ақиқат сыйы. Алматы, 1985
175
сөздігінен түсініктер берген. Бұл сөз жоқ, біздің түркітанушылардың
айтарлыктай табысы, ескерерлік еңбегі болып отыр.
Ахметтің дінге табынып, Мұхаммед пайғамбарға, оның төрт
сахабасына сиынудан басталатын осы шығармасы Датбек дегенді де
дәріптейді дедік. Бұл - дастанның кіріспе бөлімінің бір кездегі дәстүрді
сақтағанын көрсетеді. Екінші бөлімде білімнің пайдасын түсіндіріп,
ақыл-өсиеттер айтылады.
Білікті ердің өзі өлсе де, аты өлмейді,
Біліксіз екенсің атың да өледі.
Білікті біреуге - біліксіздің мыңы,
Teң келе алады, біліктіге білімі тең,
Біліммен әлем жоғары көтеріледі,
Біліксіз ер төмен шөгеді,
Білікті кісі білер ол істің көзін,
Біліп істер жұмысты, өкінбес кейін..
Мейірімді, пейілді адамды ақын ардақ тұтады. Адамгершілігі зор,
қайырымы мол адам әрі білімді, әрі мейірімді болса деп армандайды.
Мырза ерді мақтағын, егер мақтайтын болсаң,
Сараңды өткір өленмен жазала, егер жазалар болсаң.
Езілмейтін көңілді мырза ер жібітеді,
Жете алмайтын мақсатқа ер жетеді.
Адам өз тіліне сақ болып, парасатты болуға тиіс деген ойды айтады.
Тіліңді мықты тұққын тісің, сынбасын,
Егер шықса сыртка тісіңді сындырар,
Ойлап сөйлеген әр сөзі - сөз турасы,
Көп шатасқан тіл аяусыз жау.
Сөзіңді бос койма, жинап, тұр тілінді.
Жейді басты бір күні тілдің бостығы,
Ақылды болар ма тілі бос кісі,
Көп басты жеді бұл тіл, сөздің бостығы.
Үшінші бөлім бүкіл ғаламның дәйім өзгерісте болатынын, бірқалыпта
тұратын еш нәрсенің жоқ екенін баяндайды. Төртінші бөлімінде
жомарттық пен сараңдық сипатталып, опасыздық пен дүниеқорлык
сыналады. Кейінгі бөлімдерінде тәкаппарлық пен кішіпейілділік сөз
болып, адамның ең жақсы қасиеттері ардақталады.
Ақынның пікірінше, жақсы адам малқұмар болмайды... мал үшін
басқаның канын төкпейді, себебі, «қанмен қанды жуып тазартуға
болмайды».
Ахмет ұсынар ақыл көп. Оның кейбірі халықтық нақылдарға да
ұқсайды. Адам өзінің жақсы ісімен басқаға үлгі болуы керек. Егер бай
болсаң, жоқ-жітікке қарас, жыртығын бүтінде. Егер бек болсаң, жай
176
адамға қиянат етпе, қайта оларды қиындықтан құтқаруға күш сал. Саған
біреу жамандык істесе, сен оған жақсылықпен жауап бер. Бұл адамшылық
нысанасы, «мұны ұмытпа! Біреудің жақсы ісін сезсең, оны ардақтай біл,
күнәліні кешіре біл! Жауыздықтың тамырына балта шап, оны аластай
біл! Қайғы-қасіретсіз, тыныш өмір сүре біл! Өзіңе де, өзгеге де жақсылық
тіле! Үятыңнан бір айрылсаң, оны қайырып болмас. Бал бар жерде - ара
да бар. Балдан бұрын араның уын татарсың. Дүние - қоңыз, бүгін бар да
ертең жоқ. Дүниеден кім өткен жоқ, бай да, батыр да, неше бір даналар
да өтті. Олардың біраз сөзі, қадірлі аттары ғана қалды. Білімді адам біліп
іс қылады, біліп істеген іс өкінішсіз болады.
Акынның нақылдарынан тағы біраз мысалдар келтіре кетелік: Бөрікті
кию үшін ең алдымен бас керек. Атлас арзан, бөз кымбат, көбейіп кетсе
(кеп сейлеу) сөз арзан. Алды қозғалған керуеннің арты кідірмейді. Ең
жақсы әдет - мырзалық, ең жаманы - сараңдық. Ала білгенмен, бере
білмеген қол құтсыз. Сараңның қолы берерде қалтырайды. Ашкөздің
көңілі малға тоймайды. Кең пейілі жоқ кісі - мәуесіз ағаш секілді. Сараң
жер жүзі малын жиса да тоймайды, қос уыс алтын берсең, үш уыс
сұрайды. Берместің қолы бермеуге берік келеді. Телегей-теңіз байлығы
барлар, тырнақтай тарту алудан тайынбайды.
Жинайды бақыл байлық калмай шіркін,
Қалып-ақ жаман атқа дүркін-дүркін.
Арам мал жұрт қолына таратылып,
Жөнелер өкінішпен сөйтіп бір күн.
Мал жиып бақыл ашкөз дірілдейді,
Күні жоқ бірін ішіп, бірін жеген.
Досына тірісінде дәм татырмай,
Өлген соң жаулары жер дүрілдеген.
Мал жияр сараң теріп одан бұдан,
Жей алмай карап тұрсаң, ерте кетер.
Мал санын көрде жатып есептесіп,
Жат кісі жарын мұнда еркелетер.
Көнбес көңілді (кереңді) жомарттық көндірер, жеткізбес мұратқа
жомарттық жеткізер. Жамандық келетін жолды жомарттық қияды. Ұрыс
жүретін жолды жомарттық бұрады. Ең қиын (қиядағы) мұратқа жомарт ер
жетеді. Сақылық (колы ашықтық) пен жомарттық - бар сұраудың дауасы.
Ел сүйенерге жол ашық - болып тұрсаң қолы ашық. Ең кұтты қол береген
қол. Алып-беріп жүрмесе, қол — құтсыз. Жомарттық бар айыптың
кірін жуады. Жомарттық — сарандықтың өлшемі. Жомарттықты кара
да (халқы), хан да сыйлайды. Мақтасаң жомарттықты мақта, күншілге
қорамсақта бір оқ сақта. Барлық тіл де жомарттықты мақтайды. Жомарт ер
малын сатып (сарп етіп) атақ алады (қадір-құрметке ие болады). Жарамды
177
киім таба алсаң - жалаңашқа жап. Әр тілде бәрі мақтап асырады, айыбын
жомарт жанның жасырады. Бол жомарт - жуымайды пәлелі сөз. Жомарт
бол, ол сені көркейтеді. Тәкаппарлық — қай тілде бол са да жаман сөз.
Тәкаппардың көйлегін кисең - табанда сыпырып таста. Өз ашуын баса
білген — күшті адам. Жазылмас ауру - бакылдық. Бақылға бағыштаған
оғынды қатты жайға оқта. Бақытқа бақастық — жазылмас ауру. Әр айып
сайын бас кесілсе, дүниеде тірі жан қалмас. Не бір ұқыпты ер де бір мүлт
кетеді, не бір асқан енерде де бір мін болады. Өзі білмейтінін білем деген
айып. Біртіндеп келсе қуаныш, ондап қайтар реніш.
Ахмет дастанының соңында өзі туралы да мәлімет берген.
Ақындардың ақыны,
Даналарға жақыны,
Казіргі оның шабыты
Тәңірдің, берген қарқыны.
Туған жерім жер Үйнек
Сол бір жерді еске алсам,
Жүрекке жылы тиеді.
Әкем аты Жүйнектегі Махмуд
Баласы мен - ақын Ахмет.
Кітабымды «Хақират хадисі» деп атадым:
Арабша жазған кісімін,
Қашқар тілін білсеңіз.
Сол тілдс кесте жасадым...
Ахметтін бұл сөздеріне қарағанда, ол қазақ жерінде туып өскен, өзі
білімді ақын болған.
Йүгнәки кітабының казіргі түркі елдер тіліне түсініксіз жерлері өте
аз. Қазак тілі ерекшеліктерін танытатын а, ә, о, ө, ү, ұ, ы, і, ғ, қ сияқты
дыбыстары бар сөздер мол қолданылған. Казақ халқының сөздік корын
сақтаған көптеген сөздер, жеке атаулар жиі үшырайды. Мысалы, ұшқан
кұс, ұсақ тиын, мунча (монша) қожа, бақа, еңбек, әлчи, ұйкы, оқу, білім,
білімді, орам, өлім, тірлік, ұғлан (ұлым), аз, көп, мол, тіл, сөз, ұсақ (майда),
үлуғ, билур (билер), түгел, ұлуш (үлысы), үн, түн, күндіз, қызыл, ақ, ақы,
қатық, ынаниб (иланып), насихат, сағындым (сағындым), тилег (тілек),
азық, орын, үмид (үміт), курук (құрык), керумдүк (көрімдік), йокдуғы
(жоқтығы), йүгүрмәк (жүгірмек), йарутур (ерітер), әдеп, көңіл, емді,
тоймас, өкініш, шындық, укушы (ұққыш), ошак, сақын (сақтан), қылық,
тоқлық, өкініш, тәңәді (тыңдады), кутулді (құтылды), эзгу (ізгі жақсы),
кәингі (кейінгі), бузун әл (халык, ел), кәиім (киім), мән (мен), сән (сен),
өзүн (өзін), тоймаз (тоймас), оңалмас, арымас, йалған (жазған), малға,
қораға, ұқыш (ұққыш адам), әмгәк (еңбек), түгәл (түгәл), иузгә (бетке),
бір, екі, үш, төрт, бірінші, төртінші, иуғса (жуса), кач (қаш), (нешеу), әшіт
(есіту), тікті, оқытты, узатты, ачындым, (сыйладым), ічіндә (ішінде), т.
б. Бұл келтірілген сөздерден кітаптың тілі түркі халықтарының тіліне
178
негізделгенін аңғаруға болады. Араб сөздерінен қолданғандары да
көбінесе халыққа сіңіп, төл туындыға айналған сөздер.
Білім туралы айтқан ақыл сөзінен бір үзінді келтірелік.
Біліклік кіші кер білүр іш озін,
Білін отер ішні окінмәс кендін.
Нәтүрлік іш эрсе біліксіз окы,
Өкүнч ол ана ііоқ он, aima азын.
Біліклік кәреклік сөзін сөз лойүр.
Кәрәксіз сөзні көмуб кізләйүр.
Біліксіз сөзін не анса айур укматын,
Ақын өз тілі, өз башыны йәйүр.
Білік бірлә білнүр түрәткон ізі,
Біліксізлік ичрә хайір йоқ деді.
Біздіңше бұл жолдарды аудармасыз-ақ түсінуге болады.
Зерттеушілер Ахмет Йугнәкиді әр халыққа танып келеді. Е.Э.Бертельс
пен Н.М.Малаев оны өзбек ақыны десе, С.Е.Ма лов қашқар-ұйғыр ақыны
дейді және оның өлендерінен ескі ұйғыр тілінің формаларын таппақшы
болады. Біздіңше, Ахмет колданған архаизм сөздер ескі тайпалар тілінің
көбіне ортак. Мәселен, нэп (үлкен), будун (ел), ажун (дуние) қыпшақ
тілінде жиі кездеседі. (Ибн Муханнан кара). Ал қазақтар осы күнге
дейін «нән» деген сөзді қолданады, «неменеге нәнсіп тұрсың» дейді.
Сондықтан Ахмет қазаққа да жат ақын болмаса керек.
Дастан мазмұны автор баяндауы арқылы ашылады. Лирикалык
каһарман сан-сала оқиғаны тізбектеп, біріне-бірін ұштастыра жырлайды.
Ақыл-өсиет, насихат болар болжам жасайды. Бақыт жолын сілтеп,
тәкаппар болмай, кішіпейіл болып жоқ жітікке қарасып, әлсізге қамқор
болуды ұсынады. Ұят пен арды жоғары ұстау білімді. парасаттылык,
белгісі деп танытады. Жақсылыққа жаманшылық әділетке әділетсіздік,
жомарттыққа сараңдық, білімді - данаға - надандық, т.б. қарсы қойылып,
шығарма окиғасы, шартты түрде болса да, қақтығыстар арқылы
сипатталады. Ақын тілі бейнелі, шешен-дік тіркестер, халықтық мақал-
мәтелдер жиі ұшырайды. Теңеу, эпитет, метафора сияқты поэтикалық
тілдің жақсы үлгілерін де көптеп ұшыратамыз. Төрт жолды, он бір
буынды өлең кұрылысы жиі қолданылған.
Ахмет Йүгінәки дастаны – түркі тілді халықтар әдебиетінің
қалыптасуына мықты эсер еткен орта ғасырлык құнды туынды
Оның өзбек, ұйғыр, казақ әдебиеті тарихындағы маңызы да осы
әсерлері арқылы белгіленеді.
|