Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


Қаңлы Қожаұлы Хан-Тұралы (Төрәлі) туралы жыр



Pdf көрінісі
бет37/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

6. Қаңлы Қожаұлы Хан-Тұралы (Төрәлі) туралы жыр.
Оғыздар дәуірінде Қаңлы қожа деген бір ақылды адам болып-
ты. Оның Төрелі деген ержеткен ұлы болыпты. Әке орнын бала 
басып, бәріне мұрагер болып қалар сенсің, көзім тірісінде үйленуің 
жөн болар - депті ол баласына. Баласы: мақұл, бірақ маған әперетін 
қызыңызға қояр талабым бар депті. «Мен орнымнан тұрғанда ол 
бұрын тұруға тиіс болсын, мен атыма мінбес бұрын ол атына қонатын 
болсын. Мен аттанып, шабатын жауымды ол бұрын барып шауып, 
басын алып алдыма тартсын», - депті. Сонда әкесі: «Бұл не дегенің 
балам? Саған қалыңдық керек емес екен ғой. Өзінді асырайтын адам, 
сауық-сайран құрып тұруынды камтамасыз ететін ержүрек жігітті 
ке рек етеді екенсің ғой» - депті. Баласы: «Иә, әкежан, менің тілегім 
осы. Әйтпесе, сіз маған түркіменнің мүсәпір қызын әпергің келер. Ол 
мен қасына жантая бастағанда жүрегі жарылып өлер» - дейді. Әкесі: 


145
«Олай болса, балам, кызды көріп, таңдау сенің жұмысың болсын да, 
тамақ пен ақшы тауып беру менің жұмысым болсын», - дейді. Баласы 
іздеген болады. Алысқа ұзамай түстік жерден кері орала береді. 
Ешкімді таба алмадың ғой деп әкесі де іздеп, алыс сапарға аттанады. 
Жердің арғы бетінен Трапезунтдерден бір алып қыз табады. Бірақ 
оны алу үшін сал, ақша керек емес, асқан ерлік жасау керек екен. 
Әкесі ол қызды арыстан, қара бұқа, қара бура үшеуін жеңгенге берем 
депті. Талайдың басы осы жолға құрбан бопты. Мұны баласы на әкесі 
әбден корыққандай етіп, жолының да ауыр екенін үрейлі баян етеді. 
Баланы әке-шешесі тоқтатқысы келеді. Ерлік іс үшін туған Төрәлі 
бас тартпайды. Ол ел жұрты, әке-шешсімен қоштасып, 40 дос ертіп 
аттанады. Талай киындық көріп ол бұқаны да, арыстанды да, бураны 
да ерлікпен жеңеді. Бұдан кейін да талай қиындыққа душар болады. 
Ақыры әрі сұлу, әрі батыр Салдар сұлуды алып келеді. Әкесі той 
жасайды. Қорқыт бұл ерлікті де жыр қылады...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет