Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


Қазылық қожа ұлы Йүгенек туралы жыр



Pdf көрінісі
бет38/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

7. Қазылық қожа ұлы Йүгенек туралы жыр. Баяндүр ханның 
үлкен мәжілісінде, көп бектердің ішінен Қазылық кожа деген уәзірі 
тұрып жорыққа шығуға рұқсат сұрап алады. Ол көреген ақсақалдар 
мен ерлерін ертіп көп жүріп, Қара теңізге келеді. Осы жердегі 
(Дұзмүрт) деген гәуірдің қамалына шабуыл жасайды. Қазылық қожа 
осы алыпқа қарсы тұра алмай, тұтқынға түседі. Оның үйінде бір жасар 
Йүгенек деген ұлы қалады. Йүгенек 15 жасқа толады. Ойнап жүргенде 
бір баламен ерегісіп калады. Ол бала: - Маған күш көрсеткенше 
тұтқындағы әкеңді босатып алмайсың ба, - дейді. Оны естіген жас 
батыр ханға барып рұқсат сұрайды. Хан 24 алып ерлерін қосып беріп 
аттандырады. Аттанбас бұрын бала түс көреді. Жау қамалына келіп, 
әуелі 24 батырын дәуге қарсы бір-бірлеп жіберіп көреді. Бәрі де дәуге 
қарсы тұра алмайды. Йүгенектің жаны қалмай құдайдан жәрдем 
тілейді. Акыры қүдайдан күш алған Йүгенек жауын жеңіп, әкесін 
босатады. Қорқыт келіп бұл жеңісті де жыр қылады. 
8. Бисаттың Дөпе-Гөзді калай өлтіргені туралы жыр. Бір күні 
оғыздарға жау тиіпті, асып-сасып қашып шыққанда жұртта Аруз 
(Абыз) қожаның баласы ұмыт қалыпты. Ол баланы бір арыстан 
бауырына басып, асырап, өсіріпті. Ел бұрынғы қонысына қайта 
келгенде әлгі баланы тауып алады. Ол алып болып өседі. Атын Бисат 
қояды.
Ел жаз жайлауға шығады. Аруздың (Абыздың) койшысы қой 
шетінде жүріп, пері сүлуын кездестіреді. Пері ұзын су деген жерде 
қойшымен жанасады да ұшып жоқ болады. Екінші жылы тағы сол 
жерге қой бағады. Қой үрке береді. Қараса бір төмпешік жатыр. 
Бір кезде пері қыз шығып, қойшы қарызыңды ал, бірақ оғыздарға 
өлім тиеді дейді. Қойшы қорқып кетіп қалады. Сол төмпешікке хан 


146
уәзірлерімен келеді. Бәрі төмпешікті бір-бір ұрып шығады. Төмпешік 
үлкейіп өсе беріпті. Бір кезде Аруз қожа кеп өкшесімен темпешікті 
түртіп қалады. Төмпешік қақ айрылады. Оның ішінде бір ғажап 
жалғыз көзді бала жатады. Баланы Аруз орап алып, үйіне әкеліп 
асырайды. Ол емізген әйелдің бір сорғанда сүтін, екінші сорғанда 
қанын, үшінші сорғанда жанын алады. Содан кейін сүтпен асырайды. 
Сүт те шақ келмейді, балалармен де дұрыс ойнамайды. Бірінің 
құлағын, бірінің мұрнын жеп қоя береді. Оғыздардың тынышы кетеді. 
Бұған шыдамаған әкесі Аруз оны ұрып-соғып қуып жібереді. Ол биік 
тауға кетіп қалады. Тауда жүргенде пері анасы келіп, қолына алтын 
сақина кигізеді де, оған - «балам, сен оқ өтпейтін, кылыш кеспейтін 
боласың», - дейді де жоқ болып кетеді. Халық оны Дөпе-гөз (Жеке көз) 
деп, немесе жалғыз көз деп атап кетеді. Ол тауда жатып алып ешкімге 
жол бермейді, тонайды. Жеп қояды. Ел оған Қорқыт атаны елші етіп 
жібереді. Оған күніне азықка екі адам, 500 қой беріп тұруға келіседі. 
Осылайша оғыздарды құрта жаздайды. Бұл кезде жорыкта жүрген 
Бисат үйіне келеді. Бұл жайды біледі де, оған қарсы күреске шығады. 
Көп киындық көріп, жалғыз көзін ойып, ақыл-айламен жеңеді. Елді 
ауыр індеттен құтқарады. Қорқыт кеп... бұл оқиғаны да жырлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет