195
Бірінші хикаят: Алла Лұқманға: «Тілесең – пайғамбарлық берейін,
жоқ, болмайды десең – ғылым берейін, қайсысын қалайсың?», –
дейді. Сонда Лұқман: «Пайғамбарлық керек емес, ғылым, білім керек.
Пайғамбарлық тым ұлық іс,
онымен бірге болғанша, ғылыммен бірге
болып, адал іс қылайын», – деп ғылымды алады. Сөйтіп, білімдар,
көреген, ақылды болады. Жұрттың бәрі келіп, Лұқманнан ақыл сұрайтын
болады.
Үшінші хикаят: Лұқман хакім қарыз
сұрап келген кісінің бетін
қайтармайтын еді. Бір күні бір кісі келіп, мың алтын алады. Іштей:
«Қарызын бермей кетейін», – деп ойлайды. Жолда бара жатып, бір
жерге тоқтайды. Алтын қызыл жаулыққа ораулы болатын. Бір құс ұшып
келеді де, тұмсығымен жатқан түйіншекті іліп алып, ұша жөнеледі. Құс
Лұқманның үйінің төбесінен ұшып бара жатқанда түйіншек жерге түсіп
кетеді. Лұқман түйіншекті көріп таниды.
Қарыз алған кісі амал жоқ, Лұқманға қайтып келеді. Жайын айтып,
тағы мың алтын бер деп өтінеді. Ішінен: «Осы жолы берсе, мың алтынын
екі мың қылып қайтарармын-ау», – деп ойлайды.
Лұқман сұрағанын
береді. Алтын алған кісі сауда жасап, сол мың алтыннан он мың алтын
пайда табады. Лұқманға екі мың алтын береді. Лұқман: «Бірінші мың
алтынды алғанда, бермей кетейін деп арамдық ойлап едің, ол саған
бұйырмады,
екінші рет алғанда, адалдық ойлап едің, пайда таптың.
Бұдан былай қара ниет болма!» – дейді.
Достарыңызбен бөлісу: