Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет43/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

А. ҚЫРАУБАЕВА


180
АУДАРМА – НӘЗИРА ӘДЕБИЕТ
«Қисас-ул Рабғұзи» («Рабғұзи қиссалары»)
ХІІІ-ХІV ғасырлардағы түркі тектес халықтар әдебиетіндегі негізгі 
бағыттың бірі – өткенге назар салу, өз заманындағы тірлік-тынысына 
ұқсас жауапты өткен ойшылдар мен ұлылардың шығармаларынан 
тауып, соларды өз тілінде қайта сөйлетуге ұмтылыс, кейде одан да 
асырып жазып, айырықша талант биігін танытуға талаптану еді. 
Мұндай ағымның бел алуына бір кезде әл-Фараби ден қойған Қайта 
өрлеудің, сол дәуірде жер жүзі мәдениетіне жайылып жатуы орасан 
әсерін тигізді. 
Мұндай әсерлер мен ықпалдар Әли, Құтба, Сәйф Сараи 
шығармашылығындағы классикалық парсы әдебиетіне еліктеуден, 
сондағы қайта өрлеу идеясына бой ұрған ақындардың шығармаларын, 
бұрынғы араб-парсы әдебиеті үлгілерін өз заманына лайықтап қайта 
жаңғырту талпынысынан туған шығармалардан көрінеді. 
Бұлайына бір ақынның жазғанын екінші ақынның қайталап өзінше 
баяндауы шығыста көп тараған. Бұл нәзира дәстүрі деп аталады. Ол 
жөнінде М.Әуезов кезінде мынадай анықтама берген:
«Көпке мәлім болған тарихи шындықтар бойынша, шығыста бір 
классик жырлаған тақырыпты келесі буында, тағы бір шығыс ақыны 
қайталап, әңгіме ететін, тың дастандар шығаратын дәстүр бар 
еді... Олар біреуінің тақырыбын біреуі алуды заңды жол еткен. Тек 
алдыңғының өлеңін алмай және көбінше алдыңғы айтқан оқиғалары 
негізінде пайдаланса да, көп жерде өз еркімен өзгертіп отырып, тыңнан 
жырлап шығатыны болады. Бұлайша, әр тақырыптың әр ақында 
қайталануы еш уақытта аударма деп танылуы керек емес. Ол өзінше бір 
қайта жырлау, тыңнан толғау немесе ақындық шабыт-шалым сынасып, 
жырмен жарысу есепті бір салт еді. Шығыс поэзиясы бұл салтты заңды 
деп біліп, осы дәуірде «Нәзира», «Нәзирагөйлік» деп атау да берген».
70
ХІІІ-ХІV ғасырда туған шығармалардың бірқатары аудармаға 
жақындау болса, бір парасы нәзираға жақын. Кейде бір шығарманың 
ішінде осы екі әдіс те қатар қолданылады. Осыдан, соңғы кезде 
«аударма-нәзира» деп алынып жүрген анықтама бұл шығармалардың 
ерекшелігін толық көрсетеді. 
70
Әуезов М. Әр жылдар ойлары. А., 1959, 150-бет.


181
***
«Рабғұзи қиссалары» – сөз болып отырған бір дәуір әдебиетінің 
жинағы, хрестоматиясы, әр түрлі жанрдағы шығармалар қамтылған, өз 
дәуірі әдебиетінің негізгі ерекшеліктерін аңғартатын құнды мұра. 
Шығарма 1310 жылы (710 қыжыра) Насреддин Тоқбұға бекке арналып 
жазылған:
Иеті йуз он ерді йылға кім бітілді бұ кітаб
Иазуб елттім Насраддин Тоқбұға бек табұғұна.
Бұл кітап жеті жүз оныншы жылы жазылды...
... Насреддин Тоқбұға бектің құрметіне арнап жаздым...
Жазған Рабат Оғыз қыстағының қазысы Бүрһанеддин ұлы қазы 
Насреддин. Рабғұзи – Фараби, Хорезми тәрізді туған жеріне байланысты 
алған лақап аты. Өзі: «Сенің қолыңнан шыққан, қаламыңнан түзілген 
сөз оқуға, үйренуге жеңіл, түсінікті болады деп жұрт қолқалаған соң, 
Тәңірден тауфиқ тілеп, кітап бастадым», – дегеніне қарағанда, бұрын да 
білімділігімен, жазғыштығымен танымал болған кісі сияқты. Арабша, 
парсыша, түрікше жақсы білген. 
Шығарманың ең ескі көшірме қолжазбалары Лондондағы Британия 
музейінің кітапханасында, Ленинградтағы М.Е.Салтыков-Щедрин 
атындағы көпшілік кітапханасында
71
сақталған. Бірнеше көшірмесі КСРО 
Ғылым академиясының Шығыстану институтының Ленинградтағы 
бөлімінің кітапханасында да бар. Ең алғаш 1859 жылы белгілі түрколог 
Н.И.Ильминский Императорлық Қазан университетінің баспаханасынан 
толық мәтінін бастырып шығарды. Шығарушы көпшілікті ескерткіштің 
мазмұнымен таныстыруды ғана мақсат еткен. Қандай қолжазбаны 
пайдаланғаны анық мәлім емес. Жорамал бойынша, екі түрлі қолжазбаны 
негізге алған сияқты. Бұл жөнінде П.М.Мелиоранский былай дейді:
«Шамасы Н.И.Ильминский кейін Азия музейінде сақталған №361 
қолжазбаны пайдаланған тәрізді және ол императорлық көпшілік 
кітапханысандағы Дорн каталогында тіркелген № VІІ қолжазбамен де 
таныс болған болуы керек»
72
.
Түрколог ғалымдар «Рабғұзи қиссаларының» ең көне қолжазбасы 
бойынша толық та ғылыми мәтінін іздестірген. «Іздеген жетер мұратқа» 
демекші, 1893 жылы Лондонға барған сапарында П.М.Мелиоранский 
Британия музейіндегі ең ескі, толық қолжазбаны қарап шығып, кейбір 
71
ТНС – 71 Біз осы қолжазбаны және 1859 жылғы Қазан баспасы шығарған басылымын қатар 
пайдаландық. Соңғысында шығарманың бас-аяғы толық, ретті болғандықтан үзінділер де сол 
бойынша берілді. 
72
Мелиоранский М.П. Сказание о пророке Салихе. (изд. Кисас-ул-Энбия Рабгузи).
Сборник статей учеников барона В.Р.Розена к дню двадцатипятилетия его лекций СПБ, 1897, 
стр. 279 – 280. 


182
көшіріп алған үзінділерін елге оралған соң, 1897 жылы жариялаған еді. 
Бұл болашақта жасалатын ғылыми-салыстырмалы толық мәтінге үлгі 
етіп аларлықтай еңбек болды. Автордың ұйғаруы бойынша, ескерткіштің 
ондай баспасы тарих, әдебиет, тіл зерттеушілеріне жан-жақты, толық 
сенімді материал бола алатын кітап болып шығуы керек. Ғалым 
үзіндіде Британия нұсқасын Москва, Ленинград кітапханаларындағы 
қолжазбалармен де салыстырып отырған. 
П.М.Мелиоранский еңбегінің жалғасындай болып, Ленинград 
университетінің кітапханасындағы қолжазбаларының ішінен бұрын ол 
жариялап үлгермеген Лондон нұсқасының бірнеше үзіндісін С.Е.Малов 
тауып бастырған.
73
Ал, Н.И.Ильминский баспасы бойынша берілген үзіндісі 
С.Е.Маловтың 1951 жылы жоғары оқу орындарының студенттеріне арнап 
шығарған «Көне түркі жазба ескерткіштері» деген кітабына да енгізілді. 
«Рабғұзи қиссаларының» жеке үзінділері Н.П.Остроумовтың (1874 
ж.), Н.Ф.Катановтың (1894 ж.) мақала еңбектерінде бар. 
И.Ф.Катанов 
«Мұсылман 
аңыздары» 
деген 
мақаласында 
Қытайдың Гань-Су-Синь-Цзянь провинциясын аралағанда жергілікті 
мұсылмандардың айтуынан жазып алынған кейбір аңыздарды Құранмен, 
«Рабғұзи қиссаларымен» салыстыра қатар жариялап, өзара ұқсастығын 
көрсеткен. 
«Рабғұзи қиссалары» әдеби мұра ретінде өзбек әдебиетінің тарихында 
ертеден қарастырылып
74
, 1950 жылы М.Айбектің алғы сөзімен шыққан 
«Өзбек әдебиетінің антологиясында» жарияланған. 
Бұл ескерткіш қазақ әдебиеттану ғылымында бірінші рет 1967 жылы 
профессор Б.Кенжебаевтың басшылығымен филология факультеттерінің 
студенттеріне арналып шыққан «Ертедегі әдебиет нұсқалары» атты 
хрестоматияға енгізілді. Мұндағы үзінділер «рабғұзи қиссаларының» 
1914 жылғы Қазан баспасынан алынып жарияланған. Ал, зерттеушілер 
Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов, М.Томановтың филология факультеттеріне 
арналған «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» (1971) деген 
оқулығында ескерткіштің жазылу тарихы, әр түрлі көшірмелері жайында 
бірқатар мәліметтер берілген. 
«Рабғұзи қиссалары» туралы арнайы зерттеулер кітапты тілдік-
лингвистикалық тұрғыдан талдауға арналған
75
.
«Рабғұзи қиссаларының» алғаш қолға алынған кезінен бастап, қазірге 
дейінгі зарттелуі барысын қарастыра келгенде көретініміз: ескерткіш 
73
Малов С.Е. Мусульманские сказания о пророках по Рабгузи. Записки коллегии востоковедов 
при Азиатском музее. Том V. Ленинград. Изд. АН СССР. 1930, стр. 507 – 525. 
74
Узбек әдәбиати нәуналары, Самарканд – Ташкент, 1928; Маллаев Н.М. История узбекской 
литературы с древнейших времен. Стр. 27.
75
Ульмас Мирзакаримова. Морфологические особенности «Кисаси Рабгузи», Ташкент, 1969, 
автореф.Канд. дисс.


183
– тілдік-лингвистикалық жағынан бірқатар толық зерттелген, ал оның 
әдебиеттік сипаты сөз арасында, шолу ретінде ғана айтылғаны болмаса, 
арнайы зерттелмеген. 
Бұл ретте профессор Бейсембай Кенжебаевтың арнайы мақаласының 
танымдық мәні зор болғанын айта кету керек
76
. Онда ғалым ескерткіштің 
1914 жылғы Қазан баспасы бойынша сюжетін, құрылысын, басты 
ерекшеліктерін, кейбір жеке әңгімелерін талдайды. Біраз мысалдар 
келтіреді. Осы кезге дейін атына ғана қарап, діни шығарма деп, 
ескерткішті керексіз дүние санап жүрген сыңаржақ көзқарастарға 
қарсы нақты дәлелдер айтады. 1951 жылы С.Е.Малов: «Басқа көне 
түркі ескерткіштері сияқты бұл ескерткіштің де мән-мағынасын 
ашу, тарихи-әдебиеттік жайын зерттеу жағы әлі басталған жоқ деуге 
болады»,
77
– деп жазған еді. Одан бері біраз уақыт өтсе де, ғалымның 
бұл ескертпесіне пәлендей назар аударыла қоймағаны байқалады. Оған 
бір үлкен себеп: кейде сонау көне замандардан, талай қоғамдық, тілдік 
өзгерістерге ұшырап, бізге сан ғасырларды асып жеткен ескерткіш 
мұраларға «өзінің бұрынғы озық ой-пікірлерге қосқан жаңалығы, 
сол тұстағы әдебиетті дамытудағы азды-көпті үлесі қандай?» деп 
қарамай, қазіргі заманымыздың биігінен, қазіргі талап тұрғысынан 
қарайтынымызда болса керек. Әр дәуірдің ескерткішін өзін тудырған 
қоғамдық-әлеуметтік құрылысқа тығыз байланыстыра тексергенде ғана 
оның сан-салалы сипаттары ашылатыны кейде ескерілмей қалатын 
тәрізді. Сөйтіп, шығарма терең зерттелмегендіктен, ол туралы үстірт 
пікірлер тууы да мүмкін. 
Мысалы, «Рабғұзи қиссалары» жөнінде осы күнге дейін әр түрлі 
пікірлер болып келді. Бірі оны дүниәуи сипаты мол құнды мұра деп 
қараса, енді бірі діни кітап, қажеті шамалы деп біледі. Алғашқы пікірдің 
дұрыстығын зерттеуші Н.М.Маллаев былай деп дәлелдейді:
78
«... Рабғұзи қиссаларының» тематикасы, идеялық бағыты негізінен 
діни сипатта болғанымен, жазушының жеке дүниәуи әңгімелері мен 
өлеңдері көркем әдебиеттің дамуына игі ықпал етті. Рабғұзидың 
творчестволық қызметінде діни-мистикалық аңыз бен дүниәуи өмір 
шындығы қатар беріле отырып, осы екі көзқарас өзара белгілі дәрежеде 
күресіп жатқаны байқалады. 
... «Рабғұзи қиссаларында» діни нанымға тікелей қатысы жоқ, жер 
бетіндегі тірлікке бағытталған әңгімелер бар. Мұндай әңгімелердің 
дидактикалық, танымдық мәні зор»
78

«Рабғұзи қиссаларын» оқи отырып, осы айтылған пікірлердің орынды 
екенін аңғару қиын емес. 
76
«Қисас ул әнбия». Жұлдыз, 1968, №7.
77
Малов С.Е. Памятники древнетюрксой письменности М – Л. , 1951, стр. 323.
78
Маллаев Н.М. История узбекской лит-ры с древнейших времен до ХVІІ века. Ташкент, 1963, 
стр. 27. 


184
«Рабғұзи қиссаларының» негізі шығыстан – араб, парсыдан келген 
әңгімелерден тұрады. Ежелгі араб, парсы арасында туған, бірден-бірге 
ауысып келе жатқан сюжеттерден алынған аударма-нәзира шығарма. 
Автор ескі кітаптардан оқыған, ауызша естіген аңыз-әңгімелерді 
құрастырған, дамытқан. Сипаты, жалпы характері жағынан, идеялық, 
тақырыптық мазмұны жағынан алуан түрлі. 
Бұрын да түркі тілдерінде жазылған дидактикалық сипаттағы 
«Хибат-ул-хақаиқ», «Диуани Хикмет» (ХІІ ғ.) сияқты кітаптар болған 
еді. «Рабғұзи қиссалары» олардан мазмұны жағынан өзгешерек болып 
шыққан. Кітап жалаң өсиет, уағыз түрінде емес, қызық сюжетпен 
баяндалады. Шығармада барлығы 60-тай (қолжазбада – 42; баспасында 
– 64) «қисса» деген атпен берілген бөлек әңгіме-аңыздар бар. Оларды 
мазмұнына қарай мынадай топтарға бөлуге болады:
1. Табиғат, дүние құбылыстары, жаратылыстың пайда болуы 
жайындағы діни-мифологиялық әңгімелер.
2. Дінді таратушылар, халифалар, тарихи адамдар жайлы деректі, 
дерексіз әңгімелер, аңыз-қиссалар.
3. Ауыз әдебиеті үлгілері, өлеңдер. 
Жаратылыстың пайда болуы жайындағы әңгімелер өз тұсындағы діни 
түсінік рухында жазылады. Шығарманың жазылған дәуірін, қоғамдық 
жағдайын ескерсек, мұндай түсініктер ол заман үшін ғылыми мәні көне 
замандардағы адамдардың дүниетанымынан хабар беретіндігінде болса 
керек. 
Ғылыми шындыққа сай келе бермейтін, діни түсініктерден туған 
әңгімелер «Қиссада» мына түрлі:
Құдай Жәбірейілді үш түрлі топырақ алып кел деп жұмсайды. Жер: 
«Менен топырақ алма», – дейді. Жәбірейіл жердің көңілін қимай, 
қайтып келеді. Құдай Ысрафилді жібереді. Ол да алмай қайтып келеді. 
Ең соңында Әзірейілді жібереді. Жер Әзірейілге де жалынады. Әзірейіл: 
«Сенің сөзіңнен Алланың хүкімі күшті», – дейді де, жерден үш түрлі 
топырақ алады. Құдай Әзірейілге: «Сенің көңілің бәрінен қатты екен. 
Бұдан былай адамның жанын алатын сен боласың!», – дейді. Содан 
адамның жанын Әзірейіл алатын болады. Топырақтың түсі әртүрлі 
болған соң, дүниедегі адамдардың түрі де әртүрлі болады. 
Адамның басқадан емес, топырақтан жаратылу себебі: Тау: «Мен 
биікпін, менен жарат», – дейді, алтын: «Менен жарат, мен әзизбін», - 
дейді, сөйтіп, теңіз, аспан, су – барлығы таласады. Сол себепті адамды 
жерден жаратады. Алла Тағала жанға: «Адамның тәніне кір!», – деді. 
Жан басқа кірді, көзге келді. Адам өзін-өзі көрді. Мұрынға келді. Адам 
түшкірді. Жан көкірекке келді. Адам ғаламдағы бар нәрселердің есімін 
білді, мың түрлі тіл білді. Жан беліне келді. Адамға: « Орныңнан тұр!», 
– деп бұйырды. Адам тұра алмады. Жан адамның құрсағына кірді, адам 


185
тамақ тіледі. Адамның денесіне қан жүрді. Жанға: «Күшпен кір, күшпен 
шық!», – деді. 
Адам ұйқылы-ояу жатқанда сол жақ қабырғасын алып, одан Хауа 
ананы жаратады. Ояу болса, қабырғасының ауырғаны білініп, жанына 
батады, қатты қиналған соң Хауаны жек көретін болады, ал ұйқыда 
болса, Хауаның өз қабырғасынан жаралғанын білмей, жат көруі мүмкін 
деп, әдейі ұйқылы-ояу кезінде жаратады. Жұмақта Ібілістің азғыруымен 
Құдайдың тыйым салған бидайынан жеп қойып, екеуі сол үшін жаза 
тартады: жұмақтан қуылады. 
Табиғат әлемі, жаратылыстың құпия құбылыстары адам баласын ерте 
замандардан таң қалдырып, кейде тіпті үрей тудырған. Ол табиғаттағы 
нәрселердің жанды қасиеті бар, олар сөйлей алады, сезінеді деп түсінеді. 
«жабайы адам жан-жануардың, табиғат заттарының өмірін адам өмірінен 
басқа деп білмейді. Олар адам сияқты сөйлейді, сезеді... Ол жануарлар не 
істесе де, адам сияқты біліп, сезіп істейді, өзара сөйлеседі деп түсінеді... 
Ол өзен-судың, тау-тастың тіршілігін де осылай деп ұғады... Жабайы адам 
табиғат құбылыстарын адам өмірінде болатын құбылыстар тәрізді, оны 
да бір күш әдейі осылай істеп отыр деп біледі»
79
. Мұндай көріністерді 
шығармада жердің қиналып жылауынан, таудың, тастың, алтын, судың 
сөйлеуінен байқауға болады. 
Бастапқы адамдардың ұғымына сыймайтын сан түрлі жұмбақтардың 
бірте-бірте ашылуы үшін қаншама замандар өтті. Адам баласының 
фантазиясы сол шындықты іздеу жолында толып жатқан жорамалдар 
жасады, есепсіз көп әңгімелер туғызды. Жоғарыдағы әңгімелер адамның 
дүниенің шын сырын білуге құмартуы, аңсауының бейнелі көрінісі деуге 
болады. Мұнда адам аспан, тау-тас, орман қалай пайда болған, адам 
организмінің құпиясы қандай, ол неліктен өледі, тағы басқа сұрақтарға 
жауап іздеген. 
«Дүниенің жаралуы туралы ұғым алғашқы қоғамдық құрылыстың 
ыдырау дәуірінде қалыптасқан. «Дүниені жаратушы» туралы идея 
антроморфизмнің бір көрінісі, яғни бұл идея адамның өзі және 
өзінің іс-әрекеті, қабілеті жайлы ұғымын табиғатқа салыстыра 
байланыстырудан туған. Адамдар қару-жарақ және басқа заттарды 
қолдан жасайды, олай болса, онда дүниені де біреу жаратты деп 
ойлаған. Тек ол жаратушы кәдімгі адамға қарағанда ерекше, ұлы 
деп түсінген»
80
. Кейбір діни ұғымдар өте көне тайпалардың аңыз-
әңгімелерінің негізінде туды. Сондай аңыздың бірінде айтылатын 
жердің алты күнде жаралуы жөніндегі наным-түсінік Библияға, 
Құранға, басқа да діни кітапқа енді. 
«Рабғұзи қиссаларына» ол аңыз-әңгіме Құран арқылы келген. Себебі, 
79
Чернышевский Н.Г. Эстетические отношения искусства к действительности. М,. 1955, стр. 32.
80
Шахнович М.И. Мифы о сотворении Мира. М., 1968, стр. 2. Ақназаров К.С.


186
мұсылмандардың нанымы бойынша, Құран дүниені билеуші күштің өзі 
жіберген бірден-бір қасиетті кітап. Бірақ тарихта ондай кітаптардың 
бірнешеуі белгілі: Тәурат (Библия), Зороастризм дініндегілердің 
Зендавеста кітабы, будда дініндегі үнді, жапон, қытай, моңғолдардың 
Махаяна, үнді браминдерінің – Ригведа, жаңа индуизмінің – Махабхарата 
және Рамаяна кітаптары, тағы басқалары бар. Ал, шын мәнінде Құранның 
әңгімелері өзіне: «Ерте замандардағы арабтардың пұтқа табынушылығын, 
христиан дінінің аңыздарын, ежелгі Иран дінінің қалдықтарын арқау 
етті. Әрбір діннің мәнді-мәнсіз уағыздарын қабылдап, олардың көбін 
араб жағдайына сәйкес басқаша түсіндірді, оларға жаңа түр, жаңа сипат 
берді»
81

Сонымен, Құранда, Библияда және басқа діни кітаптардағы дүниенің, 
адамның жаралуы жөніндегі әңгімелерде бір-бірінен айнымайтын, үнемі 
біркелкі келетін бірнеше ұқсас деректер бар. Олар: дүниенің пайда 
болуының алты күн оқиғасы, Хауаның қабырғадан жаратылуы, Адам ата 
мен Хауа ананың ұжмақтан қуылуы. 
1966 жылы поляктың белгілі ғалымы, жазушысы Зенон Косидовскийдің 
«Библейские сказания» атты кітабы Москвада басылып шықты. Бұл 
кітап бұдан бұрын да бірнеше тілге аударылып, көп елге тараған еді. 
Қарапайым оқушылардың да, ғалымдардың да назарын қатты аударып, 
атеистердің қолдан түсірмейтін өткір қаруына айналды. 
Кітаптың алғы сөзінде автор өзінің мақсатын былай көрсетеді: 
«Меніңше, өткен замандардан келген сүреңсіз мұралармен ғылымның 
қаруымен күресу тиімді. Ғылымның ең жаңа жетістіктеріне сүйеніп, 
кейбір наным-сенімдердің өтірік, алдамшы, қисынсыз екенін көрсету 
керек, олардың заңдылығын біздің қазіргі астрономия, астрофизика, 
атомистика және биологияның салтанат құрған ғасырында әлгілердің 
қандай жабайылық, балалық екенін ашып көрсету, айқындау қажет»
82
.
Зенон Косидовский, өзі айтқандай, кітабында археология, астрономия, 
тарих, этнография, әдебиет-тіл тарихы тағы басқа ғылымдардың ең соңғы 
жетістіктерін нақтылап, тексеріп пайдаланған. Библияның «Ветхий 
Завет» кітабында айтылатын толып жатқан оқиға, әңгімелердің сырын, 
түп-тамырын ашқан. Сөйтіп, қазіргі ғылым діни кітаптар – «құдайдың 
сөзі, құдай жіберген» дейтін аңыздардың жалғандығын жалаң сөзбен 
емес, ғылымның бұлтартпайтын қаруымен дәлелдеп отыр. 
«Рабғұзидегі» кейбір «қалыптасқан сюжеттердің» түп негізі, дүниенің 
жаралуы, жерді топан су қаптауы туралы аңыз және басқалар вавилон 
мифологиясынан алынғандығы дәлелденіп отыр. Мысалы, христиан, 
ислам дінінің негізгі концепциялары бұл діндердің шығуынан көп 
бұрынғы бір мәліметтерден алынған болып шықты. Ал, ол мәліметтерді 
81
Ақназаров К.С. Ислам діні және оның реакциялық мәні. Алматы, 1964, 15-бет.
82
Косидовский З. Библейские сказания. М., 1966, стр. 27. 


187
өте ертеде өмір сүрген бір адамдардың фантазиясы туғызған. Әңгімелер 
ғасырлар өткен сайын өңделіп, өзгеріп, жамала берген. Олардың 
сырын әр түрлі қолжазбалар кезінде табылған шумерлердің клинопись 
(сына жазулар) жазбалары ашып отыр (Біздің жыл санауымыздың үш 
мыңдай жыл бұрын шумерлер тамаша қалалар, көркем ескерткіштер 
туғызғандығы белгілі. Қазба кезінде табылған шумерлердің ұлттық 
батыры Гильгамеш туралы эпос та сол үлкен мәдениеттің қалдығы). 
Лондондағы Британия музейінің қызметкері, археолог Джордж Смит 
сына жазбаларынан «Энума Элиш» атты бір поэманы оқып шыққан. 
Сондағы көктің, жердің, дүниенің алты күнде жаралуы, адамды алтыншы 
күнде жарату, тағы басқалары кейінгі діни кітаптардағы «қалыптасқан 
сюжеттерге» дәл келеді. 
«Адам мен Хауаның жаратылуы» жөніндегі діни аңызды да біздің 
жыл санауымыздан бірнеше мың жыл бұрын өмір сүрген адамдардың 
фантазиясы туғызғандығы дәлелденіп отыр. Археологтар ертедегі 
Месопотамия қалаларының орнын қазу кезінде осы аңызды бейнелейтін 
сурет тапқан. 
Библия мен Құрандағы Хауа ананың Адам сияқты топырақтан емес, 
қабырғадан жаралуы ғалымдарды ойға қалдырып келді. Бұл оқиғаның 
негізі қайдан, қалай алынғандығы көпке дейін жұмбақ болды. Оның сыры 
кейін Вавилонның ескі қаласын қазу кезінде табылған клинопись жазба 
арқылы ашылады: Шумер мифі бойынша Энки құдайдың қабырғасы 
ауырады. Әйел құдай Нинти оның ауырған қабырғасын жазады. Шумер 
тілінде Нин – әйел, ти – қабырға деген мағынаны білдіреді екен. Сонда 
«қабырғадан шыққан әйел» деген ұғым туады. Бірақ Нинти өзінің екінші 
бір «Өмір беруші әйел» – деген мағынасы да бар екен. Кейін ескі тайпалар 
Нинтиді Ева деп атап, шумер аңызындағы құдайдың қабырғасын жазған 
оқиға өзгеріңкіреп, «қабырғадан шыққан», «қабырғадан жаралған» 
болып кетеді
83
.
Бір айта кететін жай, мифтік аңыздардың барлығы бірдей қиялдан 
ғана тумаған. Олардың кейбіреулері өте ежелгі замандарда болуы мүмкін 
оқиғаларды да тұспалдап баяндайды. Сондықтан да тарихшылардың 
аңыз-әңгімелердің көмескі сүрлеуін қуа отырып, бір тарихи деректің
ұштығына тірелетін кездері де аз кездеспейді. Осындай деректің ұштығы 
жер жүзіндегі әр түрлі тайпалар мен халықтардың ескерткіштерінде мол 
кездесетін «Топан су» аңызынан шығып отыр. Рабғұзиде бұл аңызға 
біраз орын берілген: Жер жүзін топан су қаптар алдында Құдай Нұхқа 
кеме жаса деп бұйырады. Нұх кеме жасайды. Кемені үш қабат қылады. 
Бір қабатына хайуанаттың әр түрінен, екінші қабатына адам, үшінші 
қабатына құстың әр түрінен алады. Қырық күн, қырық түн жаңбыр 
83
Бұл да сонда, 32- бет.


188
жауады. Сел болып, жер бетін топан су қаптайды. Судың биіктігі қырық 
аршын болады, ең биік деген таудың өзінің басынан асып кетеді. Дүниеде 
қыбырлаған жан, мақұлық қалмайды, барлығы харап болады. 
Діни нанымның түсінігінше: ол топанды жер бетіне жіберген бір 
тылсым күш адамдарды дінге кірмегені үшін жазалап, оларды құртпақшы 
болған. 
Нұхтың кемесі Жұдды тауына тоқтайды (Библияда – Арарат таулары, 
қазақ ұғымында – Қазығұрт тауы, «Гильгамеш» эпосында – Нацир, грек 
аңызында – Офрис (Парнас) таулары). Содан жер бетіндегі адамдар 
Нұхтың балаларынан тарапты-мыс. 
Осындай нөсер, топан су туралы жазылған мәлімет шумерлердің 
клинопись таңбаларынан табылған. Джордж Смит бір күні таңбаларды 
реттеп отырып, бірнешеуінен «топан су» жайлы аңыздың үзіндісін 
оқыған. Д.Смиттің ашқан жаңалығы жарияланысымен, оған діни 
қызметкерлер қатты қарсы шығып, бұл кездейсоқ нәрсе деп көрсетпек 
болады. Джордж Смит ашқан жаңалығын жеріне жеткізе анықтап шығу 
үшін Месопотамияға жол шекті. Онда орасан үлкен қазба орнынан 
аңыздың қалған бөлігі жазылған таңбаларды тауып алған. Онда Нұх 
Утнапиштим деп аталған. 
Тағы бір Вавилон эпосында Эа құдай алда болғалы тұрған топан суды 
Убар Тутудың ұлы Ксисутросқа ескерткені жайлы жазылған. 
«... Ағылшын этнологы Дж. Фрезер Солтүстік, Орталық және Оңтүстік 
Америкадағы 130 тайпаның ішінде бұл туралы аңыз қылмайтын бірде-
бір тайпаның жоқтығын атап өтеді»
84

Ежелгі Мексиканың «Чимпалпопока» кодексінде былай делінген: 
«Аспан жерге төніп келді де, бір күннің ішінде бәрі опат болды. Таулар да 
судың астына түсті. Тастар балқып, сақылдап қайнап, көкке қып-қызыл 
таулар көтерілді».
Ал үндістердің киче тайпасының абыздары «Пополь – Вух» кодексінде 
былай деп жазған: «Топан су қаптады... Жер бетін қараңғылық басып, 
қара жаңбыр жауды, күндіз де, түнде де нөсер... Адамдар жанталасып, 
бет-беттеріне қашты...».
Амазонка бассейніндегі үндістердің аңыздарында да бір күні 
қорқынышты гүріл мен құлақ тұндырған гүрсілдің естілгені, дүниенің 
қараңғылыққа көміліп, содан кейін нөсер құйып, жер бетін топан су 
басқаны айтылады. Сірә, сол тұста тау пайда болу процестері жүріп 
жатса керек. 
Англияның археологы Леонард Вулли Ескі Шумер қорғандарын қазу 
кезінде он төрт метр тереңдіктен біздің жыл санауымыздан үш мың жыл 
бұрын көмілген Шумер патшасының сүйегін тапқан. Ғалым топырақтың 
84
Горбовский А.А. Загадки древнейшей истории. М., 1971, стр. 7 – 9. 


189
ерекшеліктеріне қарап, мұның астында (1 метрден де тереңде) бұрынғы 
адамдар тіршілігінің қалдықтары бар деп болжаған. Одан әрі қазып 
келгенде үш метр тереңдікке дейін (барлығы 17 метр) ештеңе шықпаған. 
Ал онан да тереңірек түскен сайын өте көне заманда жасаған адамдардың
отының күлі, керамика бұйымдарының сынықтары, кірпіштер табылған. 
Ғалым оған дейінші үш метр жер қабатынан тіршілік белгісі байқалмауын: 
сол кезде қатты бір тасқын су апаты болып, адамдарды жойып жіберген, 
су қайтып, жер құрғағаннан кейін басқа адамдар келіп, Месопотамияға 
қайта орналаса бастаған деп түсіндіреді. 
Бұл апат бірқатар ғылыми материалдардың көрсетуі бойынша, 
шамамен біздің жыл санауымыздан бұрынғы он бір мыңыншы жылдарға 
сәйкес келеді.
85
Бұл туралы археолог, этнограф, діндердің шығу тарихымен 
айналысып жүрген ғалымдардың пікірі екіге жіктеледі. Тарихи негізі бар 
дегенді қолдаушылар жоғарыдағы деректерге сүйенеді. Екінші топтағы 
ғалымдар ол әңгіме «Красная шапочка» мен «Снегурочка» оқиғасы 
сияқты жай ғана аңыз деп есептейді
86

Жер жүзіне тарап кеткен бұл аңыздарды тудырушылар көне заманда 
өмір сүрген, тегі, тілі әр түрлі тайпалар. Олар: хандықтар, финикийліктер, 
филистимляндықтар, тағы басқалар. 
Рабғұзидың біраз қиссалары – Құранда, Ислам ұғымында пайғамбар
деп есептелінетін көбіне мифтік, кейде тарихта болған адамдар 
жайындағы әңгімелер. Әңгімелердің арасында құрани қағидалардан 
үзінді-дәлелдер келтіріп отырған. Әңгімелердің негізгі өзегі сонда 
баяндалған оқиғалардан алынған. 
Құранды көп жылдар бойы тексеріп, зерттеген арабтанушы ғалымдар 
оны араб әдебиеті мен мәдениетінің, тарихының көне ескерткіші деп 
бағалайды. Белгілі зерттеуші И.Ю.Крачковский: «Құран – исламның 
ерте дәуірі тарихын бейнелейтін кітап, араб прозасының, әдеби тілінің 
негізі болған ескерткіш... Құран – дүниежүзі әдебиетінің ескерткіші»,
87
– деді. Құрандағы мифтердің біразы «Тәурат», «Інжілдің», исламға 
дейінгі арабтың аңыз-әңгімелерінен алынған. Оның бір бөлігі – 
пайғамбарлар жайлы аңыздар. Пайғамбарлар өмірі туралы, Құраннан 
басқа, араб тілінде де діни кітаптар шыққан болатын. Рабғұзидегі 
пайғамбарлар туралы әңгімелердің негіздері осылардан алынған. Ол 
пайғамбарлар: Адам (Адам), Нұх (Ной), Ыбраһим (Авраам), Исхақ 
(Исаак), Исмаил (Исмаил), Жақып (Яков), Жүсіп (Иосиф Прекрасный), 
Лұт (Лот), Мұса (Моисей), Харун (Аарон), Айуб (Иов), Шұғайуб 
(Чофор), Дәуіт (Давид), Сүлеймен (Саламон), Ілияс – Хызыр (Илья), Иса 
(Иисус Христос), Жүніс (Иона(, Армия (Іеремия). Араб аңыздарынан 
85
Косидовский З. Библейские сказания, стр.34. 
86
Амброджо Донини. Люди, идолы и боги. 1962, стр. 82 – 83.
87
Коран. М., 1963, стр. 660.


190
алынғандары: Лұқман, Зұлқарнайын, Салых. Бұлардың араб аңыздары 
екенін Құран әңгімелеріне қарап И.Ю.Крачковский көрсеткен еді. Ал 
Л.И.Климович: «Зұлқарнайын – Қосмүйізді VІ–VІІ ғасырдағы Сирия 
аңыздарына сәйкес келеді»
88
, – дейді. 
Көне замандардағы адамдар айналадағы түсініксіз құбылыстарды
өзінің ақыл-ойына сыймаған белгісіз нәрселерді бұл ерекше күш, құдай 
деп есептеген. Сол сияқты бойында ерекше қасиет бар адамдарды, 
күштілікті, ерлікті, ептілікті, олар басқалардан дараланып тұратын 
болғандықтан, «құдайдың қасиеті», «құдайға жақын» деген. Ондай 
қасиеттері бар адамдар басқаларды таң қалдырады. Аттары аңызға 
айналады. Аңызға айналған адамдардың кезінде шешен, уағызшы болуы, 
жауынгер – көне заманның батыры болуы, айырықша өнері бар адамдар 
болуы да мүмкін. 
Ескендір Зұлқарнайынды алайық. Ол – тарихта әбден белгілі 
атақты Александр Македонский. Бұл адам туралы халықтар неше түрлі 
әңгімелер, мифологиялық сюжеттер, аңыздар туғызған. Оны кәдімгі 
адам емес, «құдайдың жібергені» деп ойлаған. Шығыста Ескендірдің 
қолбасшылығынан гөрі, халықты қырып-жойған жауыздығын айтудан 
гөрі, «пайғамбарлығы» жайлы аңыз басым болып кеткен. Өмірбаяны да
түрліше өзгертіліп айтылған. 
Александр Македонский Иранды басып алғанда ақсүйектер, абыздар 
ортасында: ол Македония патшасы Филипптің баласы емес, Иран 
патшасы Дарий ІІ-нің баласы, Иран тағының заңды мұрагері деген 
әңгіме тараған. Одан бұрын Египетті жаулағанда ол Египет абызының 
баласы болып шыққан еді.
89
Сол сияқты Мұхаммедтің өмірбаяны да адам 
сенбейтін аңыздарға толы. 
Культке айналған әулие, пайғамбарлар әр түрлі елдерде-ақ бар. 
Мысалы: Грецияда – Гермес, үнділерде – Брахма, еврейлерде – Авраам, 
Моисей, парсыларда – Зороастр, христиандарда – Иисус. Мұсылмандарда 
– Мұхаммед, тағы басқалар. Халық дінді таратушыларды «бізге жаңа 
дінді әкелген, шындыққа көзімізді ашқан адам» деп қастерлеп, есте берік 
ұстап, оларға мінәжат етуді парыз санаған. 
Пайғамбарлардың бәрі бірдей тарихта болған адамдар емес. Тәураттан 
алынған пайғамбарлар есімі көне қалалардың, тайпалардың аты болуы да, 
олардың өмірі сол тайпалардың басынан кешкен оқиғалардан алынған 
жиынтық әңгімелер болуы да, тайпалардың көсемдері, патшалары 
болуы да мүмкін. Мысал үшін: З.Косидовскийдің зерттеуінше, Авраам 
Хананнан Месопотамияға ауысқан бір тайпаның мифологиялық 
жиынтық бейнесі.
90
88
Климович С.И. Ислам. М., 1969, стр. 51.
89
Климович С.И. Ислам. М., 1965, стр. 118 – 119.
90
Косидовский З. Библескае сказания, стр. 18.


191
Ал, Лұқман пайғамбар – біздіңше, ақылды, көреген қарттардың 
жиынтық образы, ауыз әдебиетінен, аңыздан алынған кейіпкер. 
Ондай адамдарды да пайғамбар деп санаған. Діни ұғымда 
пайғамбарлардың адамдық бейнесі көмескіленіп, мифологиялық бейнеге 
айналған. Әулиелерге сыйыну салты, әулиелердің культі де соның бір 
қалдығы болса керек. 
Әлі күнге дейін діни сенімдерден ұзап кете қоймаған кейбір кәрі 
кісілер Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидің мавзолейіне барып түнейді, 
сыйынады. Оны әулие көреді. Ал, шындығында, Яссауи – ХІІ ғасырда 
өмір сүрген, «Диуани хикмет» атты діни-дидактикалық кітап жазған, сол 
кездегі мәдениетті, әдебиетті жетік білген өз ортасының білімдар адамы. 
Түркістанның жанында Моңғол шапқыншылығынан бұрынғы сығанақ 
қаласында әл-Сығанақи деген ақын өмір сүрген. Ол да Яссауи сияқты 
білімді, ақылды кісі болған. Кейінгі адамдар ақынның атына байланысты 
қаланы Сунақ-ата деген. Сунақ-атаға кей кісілер барып, табынған, 
түнеген. Оның керемет күшіне, әулиелігіне сенген. Пайғамбарлар жайлы 
аңыз-әңгімелердің тууы, қалалардың, тайпалардың басынан өткізген 
өмірі, оқиғасы, тыныс-тіршілігі жиынтық образға айналып кететіндігі де 
осындайдан болса керек. Бірнеше мың жылдар бойы айтылып, жазылып 
тараған, әр заманға, әр дінге бейімделген аңыздардан матриархаттың, 
патриархаттың, политеизм мен монотеизмнің де белгілерін табуға 
болады. 
«Рабғұзи қиссаларындағы» пайғамбарлар туралы әңгімелердің негізгі 
өзегі, бастапқы түп-тамыры Құранда жатса да, қиссаларға халықтың 
фантазиясымен кеңейіп, өрбіген, ауызша таралған аңыздары, ауыз 
әдебиетінің үлгілері көп енген. Діни дидактика, мораль, этика мәселелері 
қызғылықты оқиғалармен өріліп жазылған. 
Ал пайғамбарлар жайлы қиссаларда олардың кереметін баяндауға 
көп көңіл бөлінеді. Ондай әңгімелерде пайғамбарлардың халықты дінге 
үндеуі, сол жолда мехнат шегуі, өзін Құдайдың жіберген адамы екенін 
дәлелдеу үшін керемет сиқырлы құбылыстар көрсетуі баяндалады. 
Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет