192
құс келіп, Зағұмға: «Сен менің соңымнан ер!», – дейді. Құс оны таудың
ішінде жатқан Қасурға алып келеді. Зағұм Қасурға: «Сен кеткелі жүз
жиырма жыл болды, қайда жүрдің?», – дейді. Қасур оқиғасын айтады.
Екеуі көріседі. Қасур көп тұрмай, сол күні-ақ өледі. Зағұм қайтады.
Екіқабат болады. Құс: «Жұрт сенен бұл баланың әкесі кім?», – деп сұраса,
осы тауға ертіп келіп, Қасурды көрсет дейді. Құстың басы ақ, тұмсығы
сары, бауыры қара еді. Зағұм оның себебін сұрайды. Құс: «Қабылдың
Әбілді өлтіруіне себеп болдым. Соным үшін басым ағарды, ұжмақтың
шөбін жегендіктен, тұмсығым сары болды, тозақтың үстінен ұшып
бара жатқанда, от тиіп, бауырым содан қара болды», – деп жауап береді.
Зағұмнан Салых туады. Сол елдің билеушісі: «Егер айтқаның өтірік
болса, паршалап өлтіремін», – дейді, Зағұм Мәлікті тауға ертіп келеді.
Үңгір екіге жарылады. Мәлік ішіне кіреді. Сонда іштен Қасур үн қатты.
Билеуші Қасурдың сөзін есітіп, Зағұмға: «Сөзің рас екен, баланы маған
бер, мен асырайын, тәрбиелейін», – деді. Зағұм келіседі.
Салых өсе береді. Бір күні Жәбірейіл жас жігіт бейнесіне еніп келіп,
Салыхты шаһардан шығарып әкетті. Бір үлкен алаңға әкелді. Сол жерге
өзі алтын, жапырағы күміс ағаштар өсті, үйлер пайда болды. Ертеңіне
халық көріп қайран қалды. Салых елді мұсылмандыққа үгіттеді. Үш жүз
кісі мұсылман болды. Салых құлшылық етіп, сәждеге басын қойды.
Сол заматта ұйықтап кетті. Содан үш жүз қырық жыл ұйықтады. Баяғы
мұсылман болған үш жүз кісі әлдеқашан өліп кетті. Оянған соң, жұртты
тағы дінге үндеді. Жұрт сенбеді. «Шын пайғамбар болсаң, тастан өзі буаз
қызыл түйе шығар, көз алдымызда боталасын», – деді. Салых дұға қылып
еді, тастан түйе шықты, боталады. Уыз сүтін жұрт ішіп тауыса алмады.
Оның есесіне түйе бір ішкенде, құдықтың суын құрғатты. Сонан былай
суды бір күн түйе, бір күн халық ішетін болды.
Сол елде бір айлакер әйел тұрушы еді.
Сол әйелдің қызына бір
жігіттің көңілі ауады. Үйіне келеді. Әйел: «Сізге тамақ істеп берер едім,
су жоқ. Түйе судың бәрін ішіп қойды. Сол түйені өлтіретін бір баһадүр
жігіт табылмады-ау», – деп жігітті қайрайды, азғырады. Жігіт түйені
қылышпен шауып өлтіреді. Ботасы қатты қиналып, үш рет бақырып,
тасқа кіріп кетеді. Салых: «Ботаның үш рет бақырғаны – сендерге үш
күнге азап келмегі», – дейді. Жұрт үш күннен кейін айтқанындай азап
келмесе, Салыхты өлтірмекші болады. Үш күн өткен соң, аспаннан қатты
үн естіліп, жерден от шығады. Адамдар күйіп кетеді.
Біз «Салых қиссасы» пайғамбарлар туралы әңгімелердің көбінің
жалпы сипатын аңғартатын болғандықтан, оны толығырақ келтірдік.
Қиссадан табиғаттың от, су, жел сияқты дүлей күшін бұрынғы адамдардың
Құдайдың жіберген жазасы деп түсінгендігі байқалады.
Ал, шындығында, «аспаннан қатты үн естіліп, жерден от шығуы»
табиғатта бола беретін құбылыс қой. Күн күркіреп, найзағай шатырлап,
193
аспаннан жай түсіп, жерді, үйлерді, ағаштарды өртеп жібергенін көзімен
көрген, бірақ оның табиғи сырына зердесі
жетпеген ертедегі адамның
көкірегіне қорқыныш ұялап, оны Құдайдың ісі деп түсінген. Ертеде
туған діни мифологиялық әңгімелердің оқиғасын өрбіту үстінде мұндай
құбылыстар ылғи адамдарды күнәсы үшін жазалайтын Құдайдың қаһары
түрінде кездесіп отырады.
Құстың адамша сөйлеуі, ақыл-кеңес беруі, көмектесуі де шығыс
аңыздарында көп кездесетін деталь, тотемдік түсініктің көрінісі.
Пайғамбардың «керемет» көрсетуі ертедегі адамдардың құр қиялынан
ғана туды ма,
болмаса соған аз да болса, жанасатын бір негіз бар ма?
Керемет жайлы әңгімелердің тууына да адамдардың өмірден
көрген, түйген түсінігі түрткі болды. Әр заманда химия, физика сияқты
ғылымдардың дамымаған кезінде, кейбір адамдардың «сиқыр» жасауы
жұртты таңғалдырған, шошынтқан. Мұны істеткен Құдай деп ұққан.
Ал шынында, ол сиқыр гипноз, химия-физиканың кереметтері болуы
мүмкін. Ондай оқиғалар адам санасында ұзақ сақталып қалған. «Ссалых
қиссаларындағы» «Тастан түйе шығару» – адам фантазиясымен
ұлғайған түрі. Қиссада бұдан басқа да ауыз әдебиетінде көп кездесетін
деталдар көп. Олар: Салыхтың 300 жыл ұйықтауы, Қасурдың дауысын
есітіп, таудың екі айырылуы, өліп қалған Қасурдың сөйлеуі т.б.
Салых – жай
ғана ислам дінін уағыздаушы, таратушы адам не
олардың жиынтық бейнесі: аңыз, қисса бойынша пайғамбар делінген,
оның іс-әрекетіне неше түрлі діни-мифологиялық оқиғалар араласқан.
Бұл қиссаны діни-дидактиканың бір үлгісі деуге болады.
Жазба ескерткіштердегі «құдіреттің күштілігін», пайғамбардың
адамдарды дінге үгіттеуін баяндайтын аңыз-әңгімелер осылар тектес.
Бұлардың қатарына жататындар: Мұхамедтің миғражға шығуы (көкке
көтерілуі), Яхия мен Жүністің кереметтер көрсетуі. Өлген балыққа
бір тамшы су тигенде тіріліп кетуі, мұсылмандыққа үгіттеген әйелдің
балаларын
отқа тастағанда өлмеуі, Ғайсаның тууы, Ыбраһимнің
Смағұлды құрбандыққа шалмақшы болуы, Мұсаның хикаялары т.б.
«Христиан аңыздарын жасауда неғұрлым оригиналдық бастау
болғандар аударма әдебиеттермен келген христиандық көзқарастан
туындаған пікірлер емес, орыс өмірінің шындығымен және халықтың
ауыз әдебиетімен байланысты реалистік элементтер»
91
, – деген еді орыс
әдебиетінің көне бастауларын зерттеуші ғалым Д.С.Лихачев.
Сондай-ақ «Рабғұзи қиссасы» («Қисас-ұл Рабғұзи»)
кітабының да
шығармашылық, тақырыптық-идеялық мәні ондағы халықтың ауыз
әдебиеті үлгілерінен алынған не сол үлгімен жазылған, аз да болса
реалистік, шындық элементтері кездесетін, өмірге жанасымды көркем
91
Лихачев Д.С. Возникновение русской литературы. М – Л., Изд.АН СССР, 1952, стр. 148.
194
әңгімелерден көрінеді деп ойлаймыз. Ондай әңгімелерге қастық,
достық,
адамгершілік, зұлымдық, ізгілік, бірлік, қайырымдылық,
қарапайымдылық,
мақтансүйгіштік,
көрсеқызарлық,
махаббат
мәселелері сөз болады. Кісінің бойындағы жақсы-жаман қасиеттері мен
іс-әрекеттері неше түрлі қысқа да қызық, тартымды қисса-әңгімелерде
беріледі. Оларда достық, қастықты, қарапайымдылық мақтансүйгіштікті,
адалдық арсыздықты, әлсіз әлдіні жеңіп, салтанат құрып отырады. Бұл
әңгімелердің нәр алған қайнар көзі халықтың ғасырлар бойы жасаған
ауыз әдебиетінде, халықтың ақыл-ой мұраларында екенін осыдан да
байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: