223
Кашафутдин Шаһмарданұлы, маңғыстаулық Ешбай Көзбергенұлы,
семейлік Баймағамбет Айтқожин, оңтүстіктік
Шәді төре Жәңгіров,
Ғабдолла Фаизханов сияқты өз дәуірінің ғұламалары болатын»
114
, – деп
жазған еді зерттеуші Ә.Жиреншин.
Арабша, парсыша, шағатайша жақсы білген Жүсіпбек Шайхұсламұлы
Рабғузидың және Фирдоуси, Әлидің де осы аттас дастандарымен таныс
болса керек. Өйткені қиссада соңғы екі автордың ғана және Фирдоусиге
еліктеп жазылған кейінгі дастандарда ғана кездесетін оқиғалар мұнда
айтылған. Көбіне 11 буынды қара өлеңмен, жыр үлгісімен жазған.
Мысалы:
...СондаЖүсіп қамшының сабын берді,
Аһ ұстап өзіне қайта берді.
Отқа көсеп алғандай ыстық екен
Ұстағанда Жүсіптің қолы күйді.
Қолы күйіп қамшысын ол лақтырды,
Зылиха көзі жасын бұлап тұрды...
... Араби сонда сөйледі:
–
Тыңладым айтқан сөзіңді,
Кім екенің білдірші
Маған анық өзіңді,
Білгенімді мен айтсам,
Жарасар еді тап сонда
Көріп тұрып жүзіңді.
Биік ағаш дегенің,
Жақып нәби екен ол,
Көңілім менің сезінді...
115
Автор бұл қиссада белгілі Жүсіп-Зылиха жайлы сюжетті қайта
жырлап шыққан.
Мақсаты – көне түркіше, татарша, араб-парсыша Жүсіп-Зылиха
жайлы қиссаларды өз тұсындағы қазақ оқушысына арнап, қайта жазу
болған сияқты. Осы себептерден бұл қиссаны «Қисса Иүсфтің» қазақша
варианты десе болады.
Бұрын еш жерде сөз болмаған тағы бір Жүсіп-Зылиха жайлы қисса
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет институтының
қолжазба қорында
сақтаулы
116
. Жоғарыда айтылған қиссадан бұл 9 жыл бұрын – 1889
жылы жазылған. 1961 жылы Қостанай экспедициясы тапсырған бұл
114
Жиреншин Ә. Қазақ кітаптары тарихынан. Алматы, 1971, 109-бет.
115
Шайхұсламов Жүсіпбек. «Кисса-и Юсуф Илан Зұлайханың мәселесі», Қазан, 1918.
116
Құлмұхамбет Байғұлыұлының жинаған ауыз әдебиеті үлгілері. 1896-1910 жж. П 127,
тапсырған С.Ордалиев.
224
қолжазбаның иесі – Құлмұхамбет Байғұлыұлы. Ескіше білімді, аса
сауатты, сөз өнерін, әдебиетті жақсы көретін кісі болуы керек, қалың
дәптерге бастан-аяқ әдемі араб әрпімен түрлі өлең, әңгіме, шешендік
сөздер, ауыз әдебиетінің тағы басқа да үлгілерін тізіп жазған. Ішінде
Нұржан
Наушабаевтың, Мәулекей Жұмашевтың, Мұхамеджан
Сералиннің, Күдері ақынның он бір жасар баласы Мардан ақынның
өлеңдері, өз өлеңі де бар.
«Жүсіп қиссасы» дәптердің 7 – 106-беттерінде. Қауырсын қаламмен
бірқалыпты, анық, аса сұлу етіп жазылған. Бас жағында: «...бұл амма
рауиан, дафтари уа нақлан, шырын мүхти бар «Қисса-ұл әнбиядан...»
деген сөз бар. Автор өз қиссасын жазу әдісі, тіпті тілі жағынан да «Қисас-
ұл әнбияға» ұқсатып жазуға тырысқаны байқалады. «Қисас-ұл әнбия»
сияқты қара сөзбен, өлең араластырып жазған. Рабғузи кітабының тіліне
ұқсайды. Рабғузи:
«Иетмгіш тіл бірлә хикаят қылды. Иусуф ғам ғибран тіл бірла дұға
қылды. Мәлік айды: бұл не тіл түрүр? Иусуф ғам айды: бу менің аталарым
тілі турур
117
.
Кұлмұхаммед Байғұлыұлы: –
Жетміш тіл бірла сөз айды. Иусуф ғам бар жеріге жауап берді. Иусуф
ғам ғибри тіл бірла салам берді. Патшаһ білмады, хайран болып айды: бұ
не тіл тү түр? Иусуф ғам айдылар: Қанған тілі түрур
118
.
Қ. Байғұлыұлы қиссасында Рабғузидегі көктем суреті де айнытпай
берілген. Қазақ сөздерінің, сөз тіркестерінің орнына Рабғузидегідей көне
сөздерді, көне тіркестерді, араб-парсы сөздерін қолданған: қиналды,
қайғырды – байһүш болды, не қылайын – не айлайын, қандай – нечук,
жоруы қалай? – тағбыры не түрұр? Зар жылау – зар иығлау, аһ ұрды – бір
аһ тартты, ішу – нұш қылу, тағы басқалар...
Тіл оралымына, жазу үлгісінің ұқсастығына, өзінің айтуына қарағанда,
Қ.Байғұлыұлы бұл қиссаны Рабғузидың «Қисас-ұл әнбиясының» Қазан
баспаларының бірінде басылғанын оқи отырып, еліктей жазғанға ұқсайды.
Ол сонымен қатар, Әлидің «Қисса Жүсібінің» Қазан баспаларымен, не
көшірме нұсқасымен таныс болған. Шығыстағы басқа варианттарын да
білуі мүмкін. Олай дейтініміз, кейбір Рабғузиде жоқ, басқа варианттарда
бар оқиғалар мұнда кездеседі, не басқаша айтылады: құдық түбінде 250
жыл
отырған адам, куә болған 4 айлық бала, Жүсіптің қарындасының
(мұнда апасы) түс айтуы, Жүсіп бетін көрсеткенде халықтың аштығын
ұмытуы, ыдыстың сөйлеуі, Жүсіптің атының ер салғанда кісінеуі, бір
құстың ұшып келіп, Жүсіптің ағаларына ақыл айтуы, Жүсіп өлген соң
Зылиханың екі көзін ойып, табыттың екі жағына қоюы, сөйтіп өзі де
өлуі, тағы басқалар...
117
«Қисас-ул әнбия», Рабғузи. Қазан, 1873.
118
Құлмұхамбет Байғұлыұлының жинаған ауыз әдебиеті үлгілері 1896-1910 жж П. 127, 85-бет.
225
Шығыста «Жүсіп-Зылиха» қиссасының варианттары өте көп дедік.
Оның түп
тармақтары Сирия аңызында, Библия, Құран сюжеттерінде,
Фирдоуси дастанында жатыр. Кейінгі нәзирашылар да әрқайсысы өз
жанынан қосып, алып өзгеріс енгізіп отырған. Сондықтан да «Жүсіп-
Зылиха» қиссасының әртүрлі аударма-нәзира варианттарын салыстырып,
тексеру ғылымға қызық жайларды ашатыны сөзсіз. Бұл мәселе әзір басы
ашылмаған күйінде.
Дегенмен, біздің ойымызша Қ.Байғұлыұлының қиссасындағы
Рабғузидың «Қисас-ұл әнбиясының» Қазан баспаларында кездесе
бермейтін кейбір эпизодтар, әсіресе жоғарыда көрсетілгендердің соңғы
екеуі – автордың шығарманы әсерлі ету мақсатында түрікмен тіліндегі
нұсқасынан алып қосқандары. Бұл арқылы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»,
«Қыз Жібек» жырлары құлағына сіңіп өскен автор қос аққу сынды,
ғашықтардың бірінсіз бірі өмір сүре алмайтындығын, Зылиханың
Жүсіпке берілгендігін баса көрсеткісі келген.
Қ.Байғұлыұлының қиссасындағы осындай бірлі-жарым өзгешеліктері
болмаса,
негізінде, ол «Қисас-ұл әнбия» сюжетінен алыс ұзамаған,
түгелдей соның ықпалымен жазылған.
«Қисас-ұл әнбиядағы» қазақ арасына кең тараған, қазақ әдебиетінде
осы тақырыптағы ертегі, әңгіме, дастандардың тууына әсер еткен тағы
бір қисса – «Ескендір Зұлқарнайын».
Низами үлгісінен үйреніп жазған Рабғузидің кітабында Ескендір
туралы қиссаның ішіндегі әңгімелері екі түрлі сипатта келеді: бірі –
Ескендірдің пайғамбарлық қасиетін көрсетсе, екіншісі – Ескендірдің
жаугершілік, тойымсыздығын мінеп, үлгі, өнеге, өсиет ретінде келтіруі.
Соңғысына жататыны – Ескендірдің тойымсыздығын Жәбірейілдің оған
тас беруі аркылы көрсететін әңгіме. Бұл діни түсініктен аулақ болмаса да,
Рабғузи заманы үшін, өз дәрежесінде азды-көпті дидактикалық сипаты
бар еді.
Осы әңгіме қазақ арасында көп айтылып, көп жазылып келді. Бірақ
XIV ғасырда жазылған бұл әңгіме сол күйінде ендігі уақыт кәдесіне
жарай қоюы қиын еді. Осыны жақсы ұғып, бұрынғыға сын көзімен,
реалистік
тұрғыдан қарап, дамытқан ақын – данышпан Абай.
Абай көпшілікке мәлім «Ескендір» поэмасын жазғанда жалғыз «Қисас-
ұл әнбияны» ғана емес, Низамиді, Талмудтағы Александр жайындағы
аңызды, В.А.Жуковскийдің «Екі әңгіме» дейтін өлеңін, «Дала уәлаяты»
газетінде 1895 жылы жарияланған әңгімені, қазақ арасына тараған
ертегіні де оқып, естіп білген деген болжам бар
119
. Абай осыларды қорыта
отырып, ақыл-ой биігінен қарап, дастанды реалистік дәрежеге көтергені
аян. Абайдың даналығын аса қадір тұтып:
119
Каскабасов С. Казахская волшебная сказка. Стр. 36-39. Туганбаев К.
Тағы да Ескендір
поэмасы туралы. «Лен. жас», 1971, 23 апрель.