221
Адамды топырақтан жаратты хақ,
Надандығың білінсін, бұл сөзге бақ.
Хауа Анаға бұрын барған Адам Ата,
Есіткен жоқ па едің мұны да ақымақ?! –
деген Сараның сөзі кай-қайсымыздың есімізде. Жетісудың бұлбұл қызы
–ақын Сара Арқада атағы жер жарған, арқасы қозып,
өнер сайысын
әдейі іздеп келген дүлдүл Біржанға айтқан өзінің өткір жауабында
«Қисас-ұл әнбияны» тілге тиек етіп, «соны да білмедің бе?!» – деп
сөзден сүріндірді.
Бұл Рабғузи кітабының қазақ арасына ертеден-ақ тарағанын, әбден
таныс екенін көрсетсе керек. Әсіресе, көңіл көзі ашық, сауатты кісілердің
бұл кітапты оқымағаны, естіп білмегені болмаған. Ескілікті мәдениет
орындарынан білім алған, жақсы хат танитын кісілер кітаптың әртүрлі
көшірмелерінен, басылымдарынан, қызғылықты
тұстарын еске сақтап,
әңгімелеп те айтқан. Содан жеке әңгімелері халық аузына тарап, жол-
жөнекей көптеген варианттары қосылып, ертегі, аңыздарға айналып
кеткен.
Халық көзі, халық даналығы әр уақытта асылды ғана таңдап
ала біледі. Көңілге қонбайтын, бұл дүниенің шындығынан көңілді
адастырып, дүниеуи
шын рахат, шын қызықтан безіндіретін нәрселер
толқын бетіндегі әлсіз көпіршіктер тәрізді қалып қойса, жарқыраған
асыл меруерттер тұңғиық түбіне шөгіп, мың кұбылған күйінде көз жауын
тартып, халык кәдесіне жарамақ.
Рабғузи кітабындағы көбінше өмірге жақын, тәлім-тәрбиелік
мәні мол әңгімелер қазақ арасына кең тараған. Халықтың айтуында
пайғамбар, сахабаларды сөзбен,
тапқырлығымен жеңген жапалақ,
кұмырсқа, масаның тілін суырып алған карлығаш, адал махаббат,
сүйіспеншілік, шыншылдық, қайырымдылық жайлы өткір, шешен
әңгімелер ғана сақталады. Көбіне діни жағы көмескіленіп, шындыққа
бейімделіп айтылады, мәселен: «Қарлығаштың достығы», «Лұқман
хакім» әңгімелеріндегі бірнеше сюжеттер,
екі тәтті, екі ащы ет
асып беру, қарттың ұлына айтқан үш өсиеті. Әрине, бұл сипатты
әңгімелер жалғыз «Рабғузи қиссаларында» ғана емес, басқа «Қисас-
ұл әнбия» кітаптарында да болды. Рабғузиден де бұрын араб, парсы
тілдерінде жазылған «Қисас-ұл әнбиялар» бар. Олар – аңыз, әңгіме,
ертегілерден, түрлі діни кітаптардан алынған өзінше бір нұсқалар.
Ал, Рабғузиден кейін жазылған түркі тіліндегі «Қисас-ұл әнбия» осы
Рабғузи кітабына, араб-парсы кітаптарына еліктеуден туған немесе
аударма дүниелер. Сонда «Қисас-ұл әнбия» әңгімелері бір жақтан
– араб-парсы кітаптары арқылы, екінші жақтан – Рабғузи кітабы
арқылы тарап жатты. Рабғузи кітабы «Қисас-ұл әнбияның» түркі
222
тіліндегі
біріншісі, ең ерте жазылған варианты болғандықтан, әлгі
әңгімелердің түркі халықтары, қазақ арасына мол тарауына, араб-
парсы тіліндегілеріне қарағанда, көбірек әсер етті деп айта аламыз.
Рабғузи кітабының қазақ арасына көп тарағандығының тағы бір
көрінісі – ондағы кейбір қисса, әңгімелер мен сюжеттерді қазақ
ақындарының
өлеңге айналдыруы, соған еліктеп өзінше, қайта
жазушылық. Бұған тікелей әсер еткен кітаптың XIX ғасырдың екінші
жартысы мен XX ғасырдың басында Қазан, Ташкент қалаларында
қайта-қайта басылып шығып, ел арасына мол таралуы.
«Қисас-ұл әнбиядағы» жеке сюжеттерді кайта жаңғыртып жазған
жазушыларды, олардың шығармаларын екі топқа бөліп қараймыз.
1. Тікелей еліктеушілер, таза еліктеуден туған шығармалар.
2.
Шығармаға сын көзбен қарап, ішіндегі өмірлік маңызы бар,
реалистік элементтерін тандап ала білгендер, кейінгі заман ыңғайына
қарай дамытқандар.
Бірінші топтағылар «Қисас-ұл әнбия» кітабының мән-мазмұнын,
қызықтылығының неде екенін айыра білмеді. Арада бес ғасырдай
уақыт жатса да, көне замандағы түсінікті қайталап, діни қыссаларды
қайта айтып беруден арыға бара алмады.
Екінші топтағы ақындар шығармаға реалистік тұрғыдан қарап,
үлгі-өнеге берерліктей, қызық сюжеттерді тандап ала білген,
дамытқандар.
Қазақ арасында Жүсіп пен Зылиханың махаббаты жайлы аңыз
ертеден-ақ мәлім. Бұрын ол екеуін «ғашықтардың пірі»
санап
табынған. Мысалы, «Қыз Жібек» жырында Төлегенге анасы:
Достарыңызбен бөлісу: