Зылиха Иүсф бірла он секіз иыл тіріклік кылды,
беш ұғұл, екі қыз тұғды, андан соң офаты болды.
209
Бұрын-соңды жазылған Жүсіп жайлы қиссалардың біразында
Зылиханың жастық шағы баяндалатын. Онда Таймус шаһтың қызы
Зылиха түсінде көркі жаннан асқан бір сұлу жігітті көріп ғашық болады.
Ол: «Атым — Жүсіп, Мысыр патшасымын, іздесең содан табасың»,—
дейді. Қызының ғашық отына түскенін естіп, Таймус шаһ дереу Мысыр
патшасына хабар қылады. Ұзамай екі жақты келісіммен Зылиха күйеуге
шығады. Қараса, күйеуі түсінде көрген жігіт емес. Зылиха қайғыға түседі.
Бұл оқиға Рабғузи қиссасында жоқ. Қиссада: Жүсіпті бір көруге
бола, құдыққа түсіп мың жыл жатқан адам, ашыққан халықтың Жүсіптің
көркіне есі кетіп, тамақты ұмытқаны сияқты аңыздар да кездеспейді.
Оның себебі, Рабғузидың қиссасының өзінен бұрынғы жазылған
сюжеттеріне талғаммен қарағанынан, лайықсыз, ретсіз деп есептеген
сюжеттерін кіргізбегендігінен болса керек.
Бірақ бұл шығарма түгелдей діннің әсерінен таза дегендік емес.
Әрдайым Жүсіпке Жәбірейілдің келіп, Құдайдың әмірін жеткізуі,
Жақыптың Әзірейілден «Жүсіптің жанын алдың ба?», — деп сұрауы,
Жүсіптің пайғамбарлықтары тәрізді тұстары діни сенімнен туған
эпизодтар.
Қиссадағы негізгі кейіпкерлер — Жүсіп, Зылиха, Жақып, Жүсіптің
ағалары. Бұларды қазіргі шығармалардың қаһармандарымен салыстырып,
солардың даралану, сомдалу дәрежесінен қарауға болмас. Сол заманның
түсінігін, талғамын танытатын, адам баласының көркемдік, эстетикалық
биік дәрежеге жету жолындағы сан ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибе-
талаптары деп бағалаған сыйымды болар. Оның үстіне Рабғузидың
«Қисса-и Жүсібі» мұндай көлемді жанрда түркі тілінде жазылған
шығармалардың алғашқыларының бірі екенін ескерсек, автордың
аса қиын жұмысты игеріп шыққанын аңғаруға болады. Шығармада
адамның шым-шытырық іс-әрекеті, сезімі, күйініш-сүйініштері, қайғы-
қуаныштары да мол көрінген. Жүрек әмірі барлық істің билеушісі болып
кететін тұстары аз емес. Мұндай жағдай Зылиханың қаракеттерінен
байқалып қалады. Сондықтан да Зылиха ондай кездерде шындыққа
жақын, әрі сұлу, әрі ақылды әйелдің бейнесі болып көрінеді. Зылиханың
басты қасиеті — алған мақсатынан қайтпайтындығы, махаббаттың
ыстық-суығына беріктігі. Ол Жүсіп үшін мал-жанын құрбан қылып,
су қараңғы, кедей кемпірдің күйіне түссе де, патшалық, байлықтан
айрылдым демейді. Жүсіпті бір көрсем деп алыстағы үміт сәулесіне
бар күйін бағыштап, жүрегіне талып жеткен әлсіз жылуына жұбанып,
көңілін суытпайды. Қаншама рет көнбей кетсе де, Жүсіптің жолын
тосудан жалықпайды.
Иығлайу көзлары көрмас болды... қашан ач болса,
аһ Иүсф тейүр ерді, сусаса аһ Иүсф тейур ерді...
210
Жылаудан көзі көрмейтін (соқыр) болды. Ашықса да «аһ! Жүсіп» —
дейтін еді, сусаса да «аһ, Жүсіп!» — дейтін еді...
Ақыры Зылиха өзінің Жүсіпті шын жүрегімен сүйетінін дәлелдеп,
оған Жүсіптің көзін жеткізді. Зылиханың құсадан жиналған іштегі ыстық
жалыны Жүсіптің қолындағы қамшысының алтын сабын ерітіп жібереді.
Жүсіп: «Не тілегің бар?» дегенде: Зылиха айтты: «Әуелі — жастығым,
екінші — көркім, үшінші — көрер көзім (болсын). Бұл үш қажетім
орындалған соң (ең) басты бір қажетімді айтамын».
Сөйтіп, Зылиха сұлу, жас кейпіне түскен соң, Жүсіпті ынтық, құштар
қылады. Енді Зылиханың баяғы шерменде күйінде Жүсіп қалып,
Зылиха тартқан азапты ол да тартады. Сонда барып, Зылиханың өткен
уақыттарының тақсіретін түсініп, ғашықтық отын ол да бастан кешіріп,
Зылихадай сұлудың сырт сымбатына да, жанының тазалығына да тәнті
болады. Зылиха ақылдылығымен Жүсіпті жеңеді. Зылиханың ақылды
әйел екендігін «құлына ғашық болыпты» деп өсектеген әйелдердің өздерін
Жүсіпке тәнті етіп, өз бармақтарын өздеріне кестіретін эпизодынан
айқын аңғаруға болады. Зылиханың сонымен бірге қаталдығын Жүсіпті
көнбеді деп зынданға салдырған тұстарынан көреміз. Бірақ кейін өзі
бар кінәны мойнына алып, патшаға Жүсіпті сүйетіндігін ашық айтудан
қаймықпайды.
Зылиха қиссада осындай өмірдегі шын адамға тән мінез-құлықтарымен
біршама жанды бейнелеген. Зылиха – асыл арманы, шынайы сезімінің
іске асуы үшін күресе алатын әйел.
Жүсіп кейпіне оны «пайғамбар» етіп көрсететін діни болмыстар көп
араласқан. Аса жағымды, үлгілі, идеал адамның бейнесінде суреттемек
болған. Жүсіп қорлық көріп қиналғанда, аспан түнеріп, дауыл соғады.
Ол қуанғанда, шайдай ашылады. Ыстықтан қорғап, көлеңке түсіріп
төбесінде бұлт жүреді.
Бұл сияқты нанымсыз жайлармен қатар, Жүсіптің бойынан
қарапайым, адамға тән сын-сипатын да көруге болады. Жүсіптің атасына,
бауырларына деген шын сүйіспеншілігі, ақылдылығы, адалдығы әсерлі
бейнеленіп, қиыншылық көруі аяныш туғызып отырады. Кішкене
күнінде ағалары құлдыққа сатып жібергеннен бастап, атасы Жақыпқа,
іні-қарындасына сәлем айтып, сағынып жылауы, соңында астық алуға
келген ағаларын көргенде іштей қиналуы, білдірмей жас төгуі оның аса
бауырмал, адалдығын көрсетеді.
Айдылар: Иүсф атлығ ұғлы бар ерді, аны сүйәр ерді,
ол ғайыб болды ерса, аңа йығлайу көзі көрмас болды, — теділар,
Иүсф аны ештіб ниқаб ічінда көп йығлады.
Айтты: Жүсіп атты ұлы бар еді, оны аса сүюші еді, ол ғайып болған
соң, жылағаннан көзі соқыр болды,— деді. Жүсіп оны естіп, перде ішінде
көп жылады.
211
Жүсіптің адамдық, адалдығы қиссаның өн бойынан аңғарылып
отырады. Ол ағалары өзіне қандай қастық қылса да, «таспен ұрғанды
аспен ұр» деген аталы ойдың, мағынасын жөн тұтып, алдына келіп,
аяғына бас ұрып, көздерімен жер шұқып тұрған ағаларын босатып қоя
береді. Керісінше, сыйлап, арамдықты адамдықпен жер соқтырады.
Жүсіпті патша зынданнан босатамын дегенде, ол зындандағылардың
бәрін босатсаң ғана шығамын, әйтпесе мені де қозғама деп тұрып алады.
Талай жыл дәм-тұзды бірге татысқан, мұңы бір жолдастарын тастап
кетпей, бірге алып шығады. Оларға бір-бір ат мінгізіп, шапан кигізіп,
құрмет қылады. Бұл жайдан да жолдасын жау қолында қалдырмас ер
жігіттің адамгершілігі Жүсіптің бойынан табылатынын аңғарамыз.
Жүсіптің көзі көріп, көңілі сенбей жатып, көрінгенге ұрынбайтын
ұстамдылығы алғашқыда Зылиханың айтқанына көнбей, сұлудың құрған
торына түспеуінен көрінеді. Өзін-өзі тыйып ұстап, соқыр сезімге ерік
бермейді.
Ол патша болғанда да ақылдылығы арқасында елін аштықтан аман
алып қалады. Басқа патшалықтың халқы малы бары малын сатып,
малы жоғы ақшасын беріп, ақыр соңында астық үшін өзін сатып
құл болып жатқанда, Жүсіптің халқы ондай қорлық көрмейді. Жоқ-
жітіктерге қайыр-садақа деп астықты тегін беріп тұрады. Бұл жайлардан
адамзаттың қашаннан әділ де ақылды, қайырымды патшаны армандағаны
аңғарылғандай. Ауыз әдебиетінде көп таралған ақылсыз патшаға ақылды
уәзірдің жағымды қылығын қарсы қойып, ақыр соңында өзін патша
қылатын мотивтердің әсері айқын сезіледі.
Қиссадағы басты кейіпкерлерге Жүсіптің әкесі Жақып пен ағалары да
жатады. Жақып бейнесі баласын шын сүйген атаның махаббат-мұңына,
шынайы сезіміне толы. Жүсіптен қапыда айрылған Жақыптың, ботасын
жоғалтқан інгендей боздап жылауы, қайғы мен шерден бүк түсіп,
қартайып, су қараңғы соқыр болуы аяныш туғызады. Бұл тұстарда тірі
адамның, шын өмірдегі баласын сүйген әкенің кейпі көрінеді. Алайда,
Жақыптың істерінде де Жүсіптің бойындағы «кереметтер» сияқты діни,
фантастикалық эпизодтар баршылық.
Жүсіптің ағалары аттары, кескін-кейпі бөлек, әртүрлі адамдар болса
да, қиссада аса дараланбайды. Зұлымдық пен жауыздықтың бір түйдек
жиынтығы сияқты.
Жүсіптің ағалары шығарманың басында қатыгез, қызғаншақ, жауыз
болып көрінеді де, аяқ шеніне қарай қателерін түсініп, қылған істеріне
өкіне бастайды. Мінез-құлықтарына өзгеріс енеді. Жүсіп өзімен
шешелес ибн Иауминді ұры деп алып қалғанда, ағалары, «Бізді де алып
қал, атамыздың сүйікті ұлын тастап кетіп, тағы да қайғыға салмайық»,—
дейді, серіктікке өз іштерінен Шамғұнды қалдырады.
«Рабғузи қиссаларындағы» бір топ қисса-хикаяттар тарихи деректі
212
оқиғалардан алынып, өмірде шын болған, өткен жайларға құрылған.
Жазушы сонау VI—VII ғасырларда араб халифатында болған тарихи елеулі
оқиғаларды, фактыларды жүрдім-бардым құрастыра салмай, көркем
де бейнелі тілмен әңгімелеуге тырысқан. Творчестволық шабыттың
шарықтау кезінде көңіл қылын тербеткен әсем бояуларды шындықтың
бір өңді полотносына шебер қолмен үстемелей жағып, қиялмен қосып,
нақты болмысты бұрынғыдан да ерекшелендіріп шығарған, оқиғаның
неғұрлым әсерлі болатын жағын көздеген. Сол шабытты шарықтау
әсерімен кейде шындықтан алыс кетіп қалатын тұстары да ұшырасады.
Қиссадағы әңгімелерде тарих пен аңыз араласып жатыр. Мысалы:
Мұхаммед, Әбубәкір, Омар, Осман, Әли, Хұсейндер—VI—VII
ғасырлардағы мұсылман мемлекетінің билеушілері, патшалары, дінге
үндеушілері, феодалдар. Кітапта осы билеушілердің шын тарихынан
алынған әңгімелер де көп, «әулиелігін, пайғамбарлығын» баяндайтын
қияли аңыздар да бар.
Тарихпен тікелей ұштасып жатқан әңгімелерден — деректі оқиғаларға,
тарихи адамдардың өміріне байланысты жайлардан сол дәуірдің
сипаты көрінеді. Бізді қызықтыратын да осы жағы. Бұл жағынан кітап
көне тарихты зерттеушілер үшін де керекті. «...Қачан расул ғалейһи-
с-салам дүниедын нәфл қылды ерса, Ғайшаның хұжресіде қойдылар,
халифалық Әбу Бәкр хақында болды, екі йарым йыл халифа ерді, андын
соң офаты болды, қачан Әбу Бәкр дүниадын барды ерса, мунафықлар
барча баш көтардылар, мекеліклар уч бөлөк болдылар, мекеліклер бірла
мәдиналықлар йағы болдылар».
Қазақшаласақ: «Расул алейһи-с-салам дүниеден өткен соң, Айшаның
үйіне қойылды. Әбубәкір халиф болды. Екі жарым жыл халиф болды,
онан соң опат болды. Әбубәкір дүниеден өткен соң, барша екі жүзділер
бас көтерді. Меккеліктер үшке бөлінді. Меккеліктер мен мәдиналықтар
бір жақ болды»,— деген жолдарды оқимыз. Бұл хабарда Мұхаммедтін,
жақын серігі Әбубәкір өлген соң тақтың таласқа түскенін, түрлі рулар
арасында тартыстың күшейгенін айтып отыр. Әбубәкір, Рабғузи көрсетіп
отырғандай, 632—634 жылдар арасында халифтық құрған адам.
Кітапта Әбубәкірден кейінгі Халиф Омардың (634—644) өмірінен де
біраз деректер дәл көрсетілген:
«Ғомарны шаһид қылмақ себебі ол ерді, бірагу келді: Ай халифа,
бұ қул менің сөзімні тұтмас, не іш қылайым? Ғомар бұйырды, ол құлға
ихтисаб қылмақ керак, ол кіші Ғомар сөзі бірла ол құлны ихтисаб қылды,
ол құл кеме сақлаб, Ғомарны намаз үстінде тұтұб, пычақ бірлан ұрды».
«Омардың өлу себебі былай: біреу келді. (Айтты) «Ай, Халиф, бұл
құлым менің сөзімді тыңдамайды, (құлды) не қылайын? Омар бұйырды:
ол құлды жазалау керек. Ол кісі Омардың айтуымен ол құлды жазалады.
Ол құл кемеден аман қалып, Омарды намаз үстінде ұстап алып, пышақ
салды».
213
Омар, шынында, иран құлының қолынан қаза тапқан
106
. Рабғузи
осы тарихи оқиғаны әңгімелеп жазған.
Рабғузи Әлидің халифтық құруы туралы әңгімесінде де ірі
феодалдар арасындағы ел басқару үшін болған талас-тартыстан хабар
береді.
Кітапта Әли мен Фатиманың балалары — ағайынды Хасан мен
Хұсейндердің оқиғасы да қызғылықты баяндалған. Хасанның өлімін
былай суреттейді: Хасанның некелі әйелі — армян шаһының қызын
ибн Мағауия кісі жіберіп азғырады (Ибн Мағауия — тарихтағы
Муавияның баласы Иезид I болуы керек). «Әли тұқымының бағы
тайды. Дәулет бізде. Хасанды өлтір, тақты өзім аламын, бір өлкенің,
барлық әйел затының билігін саған беремін»,— деп алдайды. Ибн
Мағауияның сөзіне сеніп қалған әйел Хасанды у беріп өлтіреді.
«Хасанға қасд қылды, Хасан рузаһ тұтар ерді, һауа ыссығ ерді,
ахшам шәрбәт бірла ағыз ачар ерді, хатүны ол шәрбәтқа ағу салды,
Хасанға берді, алыб ічті ерса, көңлі бұлғанды, бағры үйрүлді, ағызға
келді, Хұсейнге кіші иібарді».
«Хасанға қастық қылды. Хасан ораза тұтар еді. Ауа ыстық еді.
Ақшамда шарбатпен ауыз ашатын еді. Қатыны шарбатқа у салды.
Хасанға берді. (Хасан) Алып ішіп еді, жүрегі бұзылды, жаны үйіріліп
аузына келді. Хұсейінге кісі жіберді».
Хасан өлген соң әйел Иезидке хабар жібереді. Иезид: «Ғали ұғлыға
офа қылмадың, меңа не офа қылғайсын теб алмады».
«Әли ұлына опа қылмадың, маған не опа қыласың»,— деп алмады.
669 жылы ағасы Хасан өлген соң Хұсейн Мединеде тұрды. Ол кезде
патша Муавия еді. Муавия өлгеннен кейін орнына Иезид патша болды.
Иезидті ұнатпағандар әр жерден көтеріліс ұйымдастырып, әрқайсысы
өз адамдарын қолпаштай бастады. Көтеріліс жасағандарға Хұсейн де
қосылып, билікті өзі алмаққа амал жасайды. Айласы іске аспайды. 300
адаммен Меккеден Куфаға кетіп бара жатқанда, Кербаланың шөлінде
Муавияның Зайад деген бауырының баласы Ғұбайдолла оны көп
әскермен қоршап алып, құртып жібереді. Бұл ұрыс тарихта «Кербала
трагедиясы» деп аталады.
Рабғузидың Хұсейн туралы әңгімелерінде осы тарихи оқиғалардың
желісі айтылады.
«Кербалаға түшті, Кербаланың құмлары қантек қызармыш ерді...
білді кім хал не тұрар». «Кербалаға жетті. Кербаланың құмы қан
сияқты қызарар еді, халінің нендей боларын білді».
Кітапта: Таиф, Мысыр, Қанған, Палестина, Куфа, Шам, Мекке,
Медине, Кербаланың құмы сияқты қала, жер аттары кездеседі.
106
Достарыңызбен бөлісу: |