Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет60/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9


 
(Орхон—Енисей ескерткішінде)
Қойға тиген қасқырдай
Алқымынан тамақтап.

 
(«Қобыланды»)
Дастанда көрікті сөз кестелері метафорамен де өрнектелген. Метафора 
да аса көп қолданылған тәсіл:
114. Ғашықтықтан танды естен көктің өзі,
Ай – сенің жүзің, Зуһра – сырғаңның көзі.
153. О, күн секілді күллі әлем шырағы,
Нұр жүзіңіз – жұмақтың гүл бағы. 
159. Мың жан сенің сымбатыңның пидасы, 
Қарашығым – бір қалыңның пидасы. 
161. Қос бұрымың, – көңілімнің панасы, 
Қос босағаң – жанымның сәждеханасы. 
Дастанда бастан-аяқ қайталанып келіп отыратын мәснауиден басқа да 
сөз басындағы қайталау бар («Сәлемді жеткіз», – деген тіркес бірнеше 
қайталанады).
Бұдан басқа «айт», «қашан» сөздері де бәйіт басында қайталана 
айтылып, мазмұнға үстеме әсер, рең беріп тұр. Оқушыны сол сөздің 
мағынасына айрықша назар аударуға бағыттайды.
Дастанның бүгінгі оқушысын да таң қалдырып, мақұлдататын ерекше 
бір қасиеті бастан-аяқ айтылатын бір-ақ нәрсе – ғашықтық, сүйіспеншілік 
жайы болса да, осы бір-ақ жайды кісіге жалықтырмай жеткізу құдіреті 
ақындық қуаттан туған салыстырудың, баламалардың, бейнелі сөз 


239
айшықтарының әсерлілігінде. Мысалы, ұйқыдағы бақыт, бақыттың таңы, 
жүректің көзі, қыздың сұлу жүзі – жарқыраған түнгі ай, құлағындағы 
сырғасы, айналасындағы жұлдыз болуы, ернінен көк шалғынның хош 
иісі бұрқырауы, жүректің жасыл түсіп, қырман өртенгендей өртенуі, 
сұлудың алдында шаһтың мат болуы, тағы басқа толып жатқан ақындық 
аңғарымпаз көзбен табылған тың бейнелеулер оқушысын тәнті етеді.
147. Кездессем деп тартынбадым талаптан,
Қандай ұзақ болса да түн таң атқан. 
149. Енді қанша бақытым ұйықтап жатар? –
Сенімен бір жолықсам, – таңы атар. 
186. Ерніңнен жас шалғынның хош иісі бұрқырар,
Алдыңда сенің керексіз боп күн тұрар.
403. Ғашықтықтан өзіңе күн сарғайып батады, 
Махаббаттың шатыраштай ойынында
Шаһтарың да мат алды.
* * *
Дастанның «Хикаят» аталатын шағын бөлімі шығарманың негізгі 
мазмұнынан оқшау тұр. Негізгі ойы – дүние-малға қызықпай, азды 
қанағат тұтуға, бұрыннан келе жатқан жақсы дәстүр-салтты сақтауға 
шақыру, ақыл-парасатты жоғары қою. Азды қанағат тұту идеясы өзінен 
бұрын өткен ақындар М.Қашғари, А.Иүгінеки ойларымен қиысады.
468. Аз нәрсеге жоқтықта қанағат қыла білгенің – 
Өз еркіңе ие боп, патша боп өмір сүргенің.
469. Уайымы жоқ мұңы жоқ шат көңілде боласың, 
Лайықты орныңды мына өмірден табасың.
470. Әуре болма сарай іздеп, көк тіреген керемет,
Бір үзім нан, суың болса, одан артық не керек?!
«Хикаятта» оқиға бірінші жақтан баяндалады. Белгісіз кейіпкер 
Тайфурды (Византия) басып өтіп, Шамға сапар шегіп бара жатады. 
Сапарында Сейіттер әулетінен шыққан
131
бір жас жігіт жол көрсетіп 
жүреді. Қос тұлымы иығына талғаммен өрілген, салмақты, білімді жас 
жігіттің киген киімі Сейіт әулетінен шыққан адамға сай емес, қайыршыға 
ұқсайды. Сонда керуеннен әлдекім оны табалап: «Бұл Сейіт ұрпағы 
емес, тақыр кедей, өзін-өзі көтермелеп жүрген біреу», – деп тиіседі. Оған 
қарсы бір қарияның айтқан ақылын келтіреді де, Хорезми: «Аз нәрсеге 
қанағат қылсаң, ешкімге құл болмай, еркіңмен жүресің. Уайымсыз өмір 
131
Сейіт әулеті – Мұхаммедтің немересі Хұсайыннан тарайтын ұрпақтары. Мұсылман еліндегі 
аса беделді әулет.


240
сүремін десең, есепсіз байлық пен дүниенің керегі жоқ», – деген оз 
ойларымен түйіндейді. Бұл ойлар Хорезмиден бұрынғы өткен Махмұд 
Қашғари, Жүсіп Баласағұни ақындардың шығармаларына өзек болған 
негізгі идея болатын. Хорезми осы алдыңғы ақындардан үлгі алып, 
олардың адамгершілік туралы ойларын дамытқан. Махмуд Қашғари 
«Түркі сөздерінің жинағында»:
«Иағы ерүр йалңұқұқ нәңі тауар, 
Білік ері йағысын нелік сәуар». 
– Жауы (еді) адамның зат пен тауар 
Білікті ер жауларын қалай сүйер, – десе; 
Жүсіп Баласағұни дүниеқорлық туралы:
«Чығай қылса кімні көзі сұқлұқы 
Байұтмас аны азұн тоқлұқы».
– Шығай (тойымсыз) қылса кімді көзі сқтығы,
Байытпас оны дүниенің тоқтығы,— деген.
Бұл ойлар Ахмед Иүгінекидің «Ақиқат сыйында»:
«Иығып көңлі тоймас сүқ бахил,
Құл ол малға малы аңар ерклиг ол». 
Қанша жиса сараң көзі тоймайды, 
Малдың құлы ол, мал – билемей қоймайды, – болып келеді.
Қорыта айтқанда, қазіргі оқырманның да бұл дастанның тіл қолдану 
шеберлігінен, сезім тазалығынан ләззат алып, көп нәрсені үйренері анық.


241


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет