Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


ҚИССА-ДАСТАНДАРДЫҢ МИФТІК НЕГІЗДЕРІ



Pdf көрінісі
бет61/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

ҚИССА-ДАСТАНДАРДЫҢ МИФТІК НЕГІЗДЕРІ
Қисса оқиғаларының негізгі фабулалық желілері ең көне шығыстық 
мифтерден бастау алады. Яғни, миф мәдениетін жеткізуші ретінде 
маңызды рөл атқарады. Ежелгі ғашықтық сюжеттердің бірі – «Жүсіп 
пен Зылиха» желісін алсақ, оның архетипі заманымыздың бас кезіндегі 
Иосиф пен Асенеф махаббатын суреттейтін грек апокрифінде, арғы 
жағындағы, Тауратқа кірген Иосиф пен Потифардың жұбайының 
оқиғаларында жатыр. Тауратқа дейін де неше мың жыл әңгімеленіп 
келгенін айту қиын. Қисса сюжеттеріндегі тұрақты желілері: «Тастанды 
бала», «Сарай салдырған қыз», «Мінсіз кейіпкер», «Қыз әкесіне жеті жыл 
қызмет көрсету», «Иранбақ», «Жазира арал», «Шын-Машын», «Кейіпкер 
жанының шөпке (гүлге) ауысуы», «Қасиетті жүзік», «Жұмақ-тозақ» 
тағы басқалардың түп-төркінін ежелгі мифтерден табамыз. Сондай-ақ
мифтік бейнелер мен кейіпкерлердің шығу негізі де тым әрідегі тылсым 
замандарда жатыр. Оның қым-қиғаш тамырларын көне шығыс пен 
батыстың, түрік пен араб-парсыдан, грек пен үндіден, үндіс пен жапон 
тарихынан да іздеуіміз керек. Қазақ мәдениеті деген ұғымның бастауы 
«Гильгамеш», «Авеста», одан да бұрынғы көне мифтермен, ежелгі 
Вавилион-Ассирия мәдениетімен ұштасады.
Адам санасының дамуында мифтік ойлау сатысы өлшеусіз 
рөл атқарады. Мифтен тұтас пәлсафа жүйесі құралады. Мифтік 
шығармашылық адамзат мәдениеті тарихындағы елеулі құбылыс болып 
есептеледі. Оны туғызған ең көне замандардағы, тіпті алғашқы қауымдық 
құрылыстағы адамдар, бүгінде оның кейбір желілері мен жеке үзіктерін 
тарихи мәдениет ошақтары мен жазба ескерткіштерден ұшырастырамыз.
Әлемдік мәдениет дегеніміздің өз планетамыздағы сандаған 
халықтардың мәдениет жетістіктерінің жиынтығы (синтезі), ол көптеген 
мың жылдықтарда қалыптасты. Осы ұзақ даму үрдісі: ежелгі антикалық, 
орта ғасырлық, Оянушылық дәуірлерге бөлінеді.
Мұса пайғамбар мифіндегі онымен күресіп, Ніл дариясына батып 
кететін Перғауын – Фараон бейнесі біздің жыл санауымызға дейінгі ХХХ 
ғасырлардағы Египетте патша болған. Мина (грек әдебиетінде – Менес) 
бастаған пышақтың қыры өтпейтіндей етіп қиюластырған 7 тонналық 
алып Хеопс пирамидасының қандай күшпен тұрғызылғаны әлі күнге 
белгісіз.
Көне Египеттегі «өліп қайта тірілетін табиғат» Құдайы – Осирис 
идеясы, Авестада құрбан шалғанда оның астына шөп салып, Таһир мен 
Зухраның бейітінің басына ақ, қызыл, қара гүлдің шығуы, Қозы мен Баян, 


242
Қодар бейіттеріне гүл мен тікеннің өсуі – бәрі де адамзат мәдениетінің 
ортақ белгілері.
Египет патшалығында тұрғызылған адам басты алып арыстан Сфинксі 
мен арыстан немесе жолбарыс асырап өсірген Шеризат («Шеризат» 
қиссаларындағы), «Қорқыт ата кітабындағы» Бисат батыр бейнелерінің 
арасындағы архаикалық анимистік пәлсафа белгілерін аңғаруға болады. 
Ежелгі түрік ескерткіштерінде сондай-ақ, қиссада баланы арыстанның 
асырап өсіруі, Елжау бидің тарихындағы «Көк бөрі» сюжеті сияқты, ары-
стан тотемін ардақтайтын бір тайпаның оқиғасынан шығуы мүмкін еді.
Сондай-ақ, Египеттің итбас Құдайы Анубис пен орыс 
иконографиясындағы Итбас – Христофор әулие және «Сейфүлмәлік» 
қиссасындағы итбастар елі арасында байланыс жоқ деп айта аламыз ба?
Енді көне шумер (сумерлер) мәдениетіне келейік. Бір жарым миллион 
қыш кесектердегі сына жазулардың желілері қазақ әдебиетімен де 
тамырласып жатқан дүние екендігі сөз болып жүр. Шумер мәдениеті 
б.д.д. жүз мыңыншы жылдықтарда дамыған. Месопотамиядағы Ур, Урук, 
Лагаш, Ниппур, Киш қалаларының орнынан жоғары деңгейдегі көне 
өркениет, бай мифологияның куәлары табылған. Шумер мемлекеттерінің 
ішіндегі ежелгі Бабыл (Вавилион) патшалығы б.д.д. ХХ ғасырда Таяу 
Шығыстағы ең бай қалалардың бірі болған.
Местопотамияның солтүстік-шығыс жағындағы Ассирия мемлекеті 
б.д.д. ҮІІ ғасырларда мидиялықтардың, яғни түрік текті халықтардың
одан соң парсылардың қол астына қарауы (Смирнова В.В., 1995-29) 
132 
сол елдер мәдениетінің байланысында елеулі рөл атқарған деген ойға 
келтіреді.
Мысалы, өз жазуын балшықтан жасалған қыш кесектерде жазған 
шумерлер, адамды да балшықтан жасалған деп түсінсе керек. Әрине, 
«балшықтан немесе топырақтан» жаралудың мәнісін натуралды қалыпта 
түсінуге болмайды. Архаикалық анимистік пәлсафа бойынша, бұл 
мифтен жанның бір түрден екінші бір түрге ауысып отыру теориясы 
аңғарылады. Шумер мәдениетінен жеткен Урук қаласының патшасы 
Гильгамеш жайындағы эпостар топтамасының іздерін өз әдебиетімізден 
айқын көреміз. Мысалы, шумердің түсіндірмелі мифтеріндегі «дүниенің 
жаралуы», «ұлы апат» (Нұх апаты) желілері әдебиетімізде сақталған.
Көне Месопотамия әдебиеті, оның тақырыптары, әлемді танудағы 
көрші елдердің әдебиетіне, Таурат пен Інжілге, сол арқылы Еуропа 
елдеріне де зор әсер етті.
Авестадағы Ииманың үйін Платонның үлгілі мемлекеті және қазақ 
қиссаларындағы «жазира арал», «Ирамбақ», сондай-ақ, әл-Фарабидің 
132
Сілтемелер жақшаның ішінде беріледі. Мысалы: (Смирнова В.В., 1995-29). Жақша ішіндегі 
туындыгердің атынан кейінгі сан – еңбектің шыққан жылын көрсетеді. Сызықшадан кейін тұрған 
сан – кітаптың беті. Томы да көрсетілуі мүмкін (1973-2-20). Кітаптың туындыгері болмаса, атының 
бастапқы бір-екі сөзі беріліп (Ежелгі дәуірдегі... 1991-18), әдебиеттер тізімінен мынандай ретпен 
анықталады: Ежелгі дәуірдегі... Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті. Ана тілі, 1991.


243
«қайырымды қаласы», Фирдоусидің Сияуыш қаласы, Сұлтамахмұттың 
«өмір түсі тегіс болып көркейтетін қоғамы», ежелгі мифтердегі «рахат 
елі», қазақтың жер үйегі, қазіргі Индиядағы «Ауробиондо» ауылы – бәрі 
де бір-бірімен байланыстағы дүниелер. Оның терең дүниетанымдық 
тұрғыдағы қайнары ежелгі шығысқа ортақ үлгілер болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет