Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет83/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

ҒЫЛЫМИ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР
Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу
Профессор Б.Кенжебаевтың бұл ғылыми мақаласы қазақ әдебиеті 
тарихындағы ұзақ жылдар бойы қалыптасқан тұжырымдамаға түбегейлі 
өзгеріс әкеліп, тың қадам мен үлкен бетбұрыстың басы болған еңбектің бірі. 
Зерттеу алғаш рет 1941 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде 
жарияланды. Аталмыш зерттеудегі, яғни қазақ әдебиетін жаңаша 
тұрғыда дәуірлеу концепциясы сол жылы республика мұғалімдерінің 
конференциясында негізгі мәселе ретінде көтеріліп, «Қазақ тілі мен 
әдебиеті» (1941, № 10) журналында жарық көрді. Одан кейін 1959 жылы 
белгілі әдебиеттанушы ғалым Қажым Жұмалиевпен пікірталас түрінде 
«Қазақ әдебиеті» газетінде (№ 20, 16 мамыр.) айтыс мақала ретінде жарық 
көрді. Б.Кенжебаевтың қазақ әдебиеті тарихын V ғасырдан, яғни қазақты 
құраған ежелгі түркі ру-тайпаларының ортақ әдебиетінен бастауы қазақ 
әдебиеті тарихындағы ілгері қадамдардың бірі болғанымен, сол кездегі 
қалыптасқан көзқарас пен тұжырымдамаға қарсы тойтарыс болып 
табылғандықтан, әсіресе іргелі ғалым Қ.Жұмалиев тарапынан үлкен 
сынға ұшырады. Кейіннен ғалымның бұл игі бастамасы ғылыми қауым 
тарапынан жылы қабылданды. Мысалы, ғалым шәкірттерінің бірі, 
әдебиет зерттеушісі Қ.Ергөбек: «Б.Кенжебаев – қазақ әдебиетінің түркі 
халықтарына ортақ кезеңін алғаш зерттеген білімпаз» деп атап көрсетсе 
(Тұрлаулы толғаныс // Кітапта: Б.Кенжебаев. Түрік қағанатынан бүгінге 
дейін. Алматы, Ана тілі, 2004.), профессор А.Ісімақова: «Б.Кенжебаевтың 
кеңес кезінде көлеңкесінен қорыққан лауазымдары биік әдебиетшілерден 
бөлініп, ғалымдық парызын алға қойған ой тұжырымдары ұлттық мүддені 
қорғауға арналды» (Б.Кенжебаев және қазақ әдебиеттануының дәуірлеу 
мәселесі. Конференция материалдары. – Алматы, Қазақ университеті
2004.) деген пікір білдірді.
Кейіннен бұл ғылыми еңбек ғалымның 1969 жылы «Көне әдебиет 
туралы» атты студенттерге арналған қосымша материалында, 1973 жылы 
«Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» (Алматы, Қазақ ССР-нің Ғылым 
баспасы.) атты зерттеулер жинағында, одан кейін «Әдебиет белестері» 
(Алматы, Жазушы, 1986) атты оқулығында жарияланды. 
Соңғы басылым «Түрік қағанатынан бүгінге дейін» (Кенжебаев Б. 
Алматы, Ана тілі, 2004) атты жинақта жарық көрген. Зерттеу мәтіні 1969, 
1973, 1986, 2004 жылдардағы басылымдарда өзгеріске ұшырамаған. 
Томға ұсынылған зерттеу мәтіні осы соңғы басылымнан әзірленіп 
отыр.
Тоекина Б.


347


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет