351
жазылған кітап ретінде қарастыру қажеттігін атап көрсетеді. Ғалымның
аталмыш зерттеуін академик Р.Бердібай кезінде: «Х.Сүйіншәлиевтің
ертедегі
дәуір әдебиетін зерттеп, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ
бірталай әдеби құбылыстарға талдау жасағаны
кезінде тың ұмтылыс
болатын», (Еңбеккер ғалым. //Ханғали Сүйіншәлиев және қазақ әдебиеті
тарихының келелі мәселелері. Алматы, Қазақ Университеті, 2004.) – деп
бағалады.
Зерттеудің келесі басылымы «Орта ғасырлардағы әдебиет
ескерткіштері» атты дәрістер жинағына лайықталып (Алматы, Ғыл.
мет.каб. 1975.) жазылған. Одан кейін «Көркем
сөздің орта ғасырлық
өрнектері» деген атаумен (Ғасырлар поэзиясы. Алматы, Жазушы, 1987.)
жарық көрді. Бұл жарияланымға 1967, 1975 жылдарға қарағанда біршама
өзгерістер енгізілген.
Ұсынылып отырған зерттеу мәтіні 2006 жылы жарық көрген
(Х.Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, Санат баспасы.)
оқулық бойынша дайындалды.
Тоекина Б.
Достарыңызбен бөлісу: