Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет85/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

Орхон ескерткіштері 
(VII—VIII ғ.)
Кеңестер Одағы дәуірлеп тұрған ХХ ғасырдың екінші жартысында 
қазақ халқының өткен тарихы мен мәдениетіне, өнері мен әдебиетіне 
тереңдеп баруға тыйым салынған еді. Әдебиет пен тарихты барынша 
ашып көрсеткен ғалымдар саяси тұрғыдан қудаланып жатқан уақытта 
Б.Кенжебаев бастаған бір топ жас ғалымдар әдебиет тарихын ҮІІ ғасырдан 


348
бастау керек екенін күн тәртібіне қойып, өздері бас болып кірісіп кетті. 
Алғашқы еңбек ретінде 1967 жылы Б.Кенжебаевтың бастамасымен 
жарыққа шыққан «Ертедегі әдебиет нұсқалары» атты оқулық-хрестоматия 
жарияланды. Көп ұзамай 1969 жылы М.Жолдасбеков «Көне түркі әдеби 
ескерткіштері және олардың қазақ әдебиетіне қатысы» деген тақырыпта 
кандидаттық диссертация қорғады. 
Орхон-Енисей өзенінің бойындағы көне түркі тас жазба ескерткіштері 
туралы мәліметтер ХҮІІІ ғасырда басталса да, олардың ғалымдардың 
назарына ілігуі ХІХ ғасырдың еншісінде. 1818 жылы Григорий Спасский 
өзі шығарып тұрған «Сибирский вестник» журналында «Древности 
Сибири» атауымен көне жазба ескерткіштер туралы мақала жариялады. 
Осыдан бастап-ақ, фин және орыс ғалымдарының арасында қызу 
тартыс басталып, құпиялы жазуды алғаш оқу үшін орыс ғалымдары 
Н.М.Ядринцев пен В.В.Радлов бастаған және фин ғалымы А.Гейкель 
бастаған түрлі экспедициялар ұйымдастырылды. 
Дегенмен, құпиялы жазудың сырын ашу даниялық ғалым Вильгельм 
Людвиг Томсеннің маңдайына жазылды. Ол 1893 жылы Орхон жазуының 
«кілтін» тауып, 1895 жылы тасқа жазылған таңбалар аудармасының 
алғашқы нұсқасын жариялайды. 
В.В.Радлов В.Томсеннің анықтаған түрік әріптерін қолдана отырып, 
1894 жылы өз аудармасын ұсынады. Бірақ Василий Радлов мәтіннің 
транскрипциясы мен аудармасында көптеген қателік жібереді. Мұны 
байқаған В.Томсен 1896 жылғы «Inscriptions de L´Orkhon» атты 
еңбегінде В.Радловтың қателіктерін көрсетіп, түрік ескерткішінің толық 
аудармасын, транскрипциясын және түсіндірмесін жасайды. Томсенннің 
еңбегінен кейін В.Радлов Орхон мұраларына байланысты аудармасын 
қайта қарап, толықтырып, түзетіп 4 томдық атласты жарыққа шығарады. 
В.В.Радлов Ресей Ғылым Академиясында түріктанудың негізін 
қалаумен қатар оның одан әрі жалғасуы үшін де көп еңбек сіңірген 
қайраткер. Түрік бітігін оқып, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін шәкірттер 
даярлады. Сондай шәкірттерінің бірі Платон Михайлович Мелиоранский 
еді. Ол ұстазы В.Радловпен бірге 4 томдық атласты құрастыруда аянбай 
еңбек етеді. Өзі де Орхон ескерткіштері туралы ғылыми мақалалар 
жариялап тұрады. 1899 жылы П.М.Мелиоранский «Памятник в честь 
Кюль-тегина» деген тақырыпта түрік жазуына қатысты ең алғашқы 
магистрлық диссертацияны қорғап, оны ғылыми жинақта жариялайды.
Бұдан кейінгі кезеңдерде В.В.Бартольд, Г.Рамстедт, В.Л.Котвич, 
А.Н.Самойлович Орхон-Енисей бойынан табылған тастағы жазбалар 
туралы мақалалар жазған. В.Л.Котвич 1912 жылы Күлi-Чұр ескерткiш 
кешенін іздеп тапқан болатын.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап, екінші дүниежүзілік 
соғыстың аяғына дейін түрік бітігін зерттеу ісі саябырсығанымен


349
бірлі-жарым еңбектер жарияланып тұрды. 1950 жылдардан кейін 
Кеңес Одағының ғалымдары С.Е.Малов, И.А.Батманов, В.М.Насилов, 
С.Г.Кляшторныйтүрік жазуын зерттеп, ғылыми еңбектер жазды.
Орхон-Енисей 
жазуларына 
Кеңес 
Одағы 
ғалымдарының 
қызығушылығы арта түсті. Зерттеушілер бұл ескерткіштерді ғылымның 
әр саласы тарапынан қарастырып, өздерінің тұжырым-пайымдарын 
ғылыми басылымдарда жариялап тұрды. Мәселен, Л.Р.Кызласов тастағы 
жазбаларды тарихи дерек ретінде қарастырып, докторлық диссертация 
қорғаса, И.В.Стеблева 1965 жылы кандидаттық диссертациясында 
VI-VIII ғасырдағы түрік поэзиясын зерттеп, осы зерттеуін сол жылы 
монография қылып шығарады.
Қазақ ғалымдары да түрік бітігін зерттеуден шет қала алмады. 
Ғұбайдолла Айдаров пен Алтай Аманжолов Орхон-Енисей жазуларын 
тілдік тұрғыда талдады. Ғылыми ізденісін одан әрі жалғастырған 
Ғ.Айдаров түрік жазуларына қатысты бірнеше еңбектер шығарды. 
А.Аманжолов та түрік руникасын талмай зерттеп, неше жылғы еңбегін 
2003 жылы жинақтап бастырады. 
Тасқа қашалған мәдени мұралар қазақ әдебиеттану саласында да 
зерттеу өзегіне айналды. Академик жазушы М.Әуезов батырлық жырлар 
мен «Манас» эпосын алғаш рет Күлтегін ескерткішіндегі мәтіндермен 
салыстыра зерттесе, Х.Сүйіншәлиев көне түрік жазуларын әдебиетіміздің 
қайнар бұлағы ретінде қарастырады. 
М.Жолдасбеков Орхон ескерткішіне арнаған өзінің ғылыми 
жұмысында түркі жазуының табылуына, оқылу тарихына, аударылуына 
ерекше тоқталып, өзіне дейінгі ғалымдардың еңбегін мейілінше 
пайдаланады. Өзі де Күлтегін жазуын оқып, транскрипциялап, 
аудармасын береді. Түркі жазба ескерткішінің жанрлық сипатын ашуға 
тырысады. Сонымен қатар, ескерткішті «Алпамыс», «Қобыланды» 
сынды қазақ эпостарымен салыстыра отырып зерттейді. Тасқа қашалып 
жазылған Бұмын, Елтеріс, Білге, Күлтегін, Тоныкөк образдарын жан-
жақты ашып, тарихи құжаттар арқылы бекіте түседі. Ескерткіштің 
көркемдік жүйесіне барынша үңіліп, өзіне дейін осы тақырыпта ғылыми 
жұмыс жазған И.В.Стеблеваның еңбегіне қарсы дәлелді де тұжырымды 
пікір айтады. Еңбек ғалымдар тарапынан үлкен ілтипатпен қабылданып, 
еліміздегі жоғары оқу орындарында пән ретінде енгізілді. 
М.Жолдасбековтың Орхон жазбаларына қатысты зерттеуі кейінгі 
жылдары «Асыл арналар» (1986, 1990, 2012) атауымен шыққан еңбекте 
жарияланды. Ғалым көне түркі ескерткіштеріне қатысты ғылыми 
еңбектерін «Камни заговорили» (2007), «Орхон ескерткіштерінің толық 
атласы» (2007, Қ.Сартқожаұлымен бірге) атты кітаптарда жариялады.
Ұсынылып отырған зерттеу мәтіні соңғы басылымы (2012) бойынша 
дайындалды.
Әлібекұлы А.


350


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет