Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет71/85
Дата05.06.2022
өлшемі1.55 Mb.
#458973
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   85
Критериалды бағалау технологиясы

Өзін-өзі бағалау – бұл өзінің мықты жəне əлсіз жақтары, 
мүмкіншіліктер мен мəселелері жайлы ақпараттарды талдап жинауға 
бағытталған процесс. 
Оқушылардың жетістіктері туралы есеп – оқушы бойында қандай 
біліктің қалыптасқандығын, сондай-ақ алған білім-біліктілігін іс жүзінде 
қалай қолданатындығын көрсететін, белгілі бір кезеңдегі ақпарат.
Ойлау дағдыларының деңгейі – əрбір деңгейі белгілі бір ойлау 
дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық 
жүйесі. 
Оқу бағдарламасының ортақ тақырыбы – нақты пəн бойынша оқу 
мақсаттарына жету үшін түрлі пəндер аясында білімі мен білігін біріктіретін 
құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент. 
Оқытудың күтілетін нəтижелері – білім алушының оқу үдерісі 
аяқталған кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын айқындайтын 
құзыреттіліктер жиынтығы. 
Оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сəйкес пəн бойынша оқу курсы 
аралығында білу, түсіну жəне дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін 
нəтижелерді қалыптастыратын тұжырым. 
Портфолио – оқушының білім алудағы белгілі бір кезеңде, бір немесе 
бірнеше пəн бойынша жетістігін, ілгерілеушілігін, оқытудағы нəтижесін 
көрсететін жеке жетістіктер бағасын тіркеу əдісі. Портфолио критериалды 
жүйені енгізуде оқушы нəтижелерін шынайы жəне əділ бағалау мақсатында 
енгізіледі. 
Рефлексия 
–оқу 
процесінде 
оқушылардың 
мүмкіндігінше 
аналитикалық ойлау жəне негiзгi бiлiмдер мен дағдыларды өзінің түсiнуiн 
барлауда қажетті дəлел. 
Рубрикатор – оқушының өткен тақырып бойынша алған білімін бағалау 
критерийлерінің тізбесі. Ол қандай да бір тақырыпты меңгеру мақсатымен 
анықталады 
жəне 
берілген 
рубриканы 
ашатын 
критерийлермен 
толықтырылады.
SMART мақсаттары мен міндеттері (ақылды міндеттер)- оқыту 
мақсаты мен міндеттерін анықтауда қолданылатын, 1981 жылы Джордж 
Доран (George T. Doran) енгізген ұғым. Автордың айтуынша, SMART 


93
аббревиатурасының құрамында оқыту мақсаты мен міндеттерін сипаттауға 
тиіс сын есімдер қамтылған: 
S pecific (арнайы, нақты); 
M easurable (өлшеуге болатын); 
A ttainable (қолжетімді); 
R ealistic (шындыққа сай); 
T imed (белгілі бір уақыт аралығымен шектелген). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет