Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ


-5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА



бет26/66
Дата27.10.2023
өлшемі0.6 Mb.
#481740
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66
Мектепке дейінгі мекеменің "Зерек бала" бағдарламасы

4-5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА


БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІНЕ СИПАТТАМА

Балалар ересектерге көп сұрақтар қояды. 5 жасар баланың сұрақтары ересектермен қарым-қатынас жасауға бағытталады. Олар қойған сұрақтардың жауабы кейде айқын болады. Дегенмен, жиі олардың сұрақтарында жаңа ақпарат алу, танымдық қызығушылық ниеттерінің туындауы кездеседі. 4-5 жастағы балалардың сұрақтары мен хабарламалары заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстарды түсінгендігін ересектерге көрсетуге бағытталады.


Ересектермен сенімді қарым-қатынас орнатуға деген қажеттілігі, олардың эмоционалдық күйін сезу қабілеттері дамиды. Ересектермен қарым-қатынас жасаудың жаңа түрі, әуелі, ересектермен бірге танымдық іс-әрекеттерге қосылған (мысалы, ойындарды, заттар мен ойыншықтарға тәжірибе жасауды, табиғи материалдар мен қағаздардан құрастыруды және т.б.) танымдық тақырыптарға әңгімелесу пайда болады және дамиды.
Балалардың ересектермен қарым-қатынас жасауда қанағаттанбауы ересектер мен балалар арасында салқындық тудыруы мүмкін. Мұндай қарым-қатынас әрқилы түрде көрініс береді: кейбір балалар тұйықталып, өз-өзімен болып кетсе, екіншілері мазасызданып, кез-келген нәрсеге жылай салатын болады; ал енді біреуі қыңырланып, теріс мінез көрсетеді.
4-5 жастағы балалар өз құрдастарының мазасыздықтары мен беймазалылығына жақтырмай қарайды.
5 жасқа қарай баланың өз құрдастарымен араласуға деген қажеттілігі күшейе түседі. Бірлесіп ойнау негізінде балалар қоғамы пайда болады. Сонымен қатар бала құрдастары арасындағы өзінің орнын сезіне бастайды. Қатынас білігі: сыпайы сәлемдесу және қоштасу, басқаны есімімен атау, төрт-бес жаста – рөлін атау бойынша («Жүргізуші, дөңгелегіңіздің желі шығып кетті») дамиды.
Ересектермен, өз құрдастарымен қарым-қатынас жасау балалардың өзіндік «Менін» тануға мүмкіндік береді. Осындай қарым-қатынас кезінде ғана «Мен» бейнесі қалыптасады. Бала ересектермен, құрдастарымен жақсы араласып, олар тарапынан қолдау тауып отырған жағдайда ғана жүргізілетін тәрбие жұмысы нәтижелі болады. Егер мұндай қарым-қатынас дұрыс жүргізілмей, баланың ересектермен де, балалармен де жеткілікті дәрежеде қарым-қатынас жасауына жағдай жасалмаса ашуланшақ, өз-өзіне сенімсіз, тұйық болады.
Бала өсе келе онымен бірге өзі айтқан сөздер мен атқарған іс-әрекеттеріне, өз мүмкіндіктері мен әртүрлі деңгейдегі жетістіктеріне (ойындағы, сурет салудағы, музыкадағы, сахналық көріністердегі т.б.) дұрыс баға беру мүмкіндігі де артады.
Бес жасқа қарай бала өз іс-әрекетінің өзгеге, өзіне қалай әсер ететінін байқайды. «Егер мен жаман іс-әрекет жасасам, өзіме де өзгеге де қиын болады. Ал мен жақсы қылық көрсетсем, өзіме де, оған да жақсы болады» деген ойды түсіне бастайды. Баланың қызығушылығы мен бағалау құндылықтары қалыптасып, ұл мен қызға тән өзіндік ерекшелігі бар іс-әрекеттерді жасауға бейімделеді, соны жасайды (мысалы, қыздар қуыршақпен, ұлдар машинамен ойнау).
Көркем шығарманы қабылдауы мен музыкаға ықыласының, қиялының, қызығушылығы мен білуге құштарлығының күрт артуы байқалады. Бұл баланың қабілеті мен талантын анықтауға мүмкіндік береді.
Бес жасқа қарай өзара қарым-қатынасы қалыптасып, топтық ынтымақтастықты едәуір сыни тұрғыдан бағалай алады, балаларда достар пайда болады
Бес жасар бала ұзақ әңгімелерді, түсініктемелерді жақсы қабылдай алады. Сонымен қатар бұл кезде балада заттық-таңбалық (әріптер мен сандарға қызығушылық) қабылдау қызметі қалыптасады.
Бес жасқа қарай баланың зейіні едәуір тұрақтала түседі, өз бетімен есте сақтау қабілеті пайда болады, қабылдау мен қиялы жетіледі, көрнекті-бейнелі ойлаудың түрлері: пікір айту, ой тұжырымын жасау іскерлігі дамиды. Түрлі пікірлер мен пайымдауларын, ақпараттарды жеткізудің құралы есебінде тілдің қызметі күшейе түседі. Тәжірибе мен зерттеу, бақылау әрекеттерімен қатар, баланың дүниетанымын кеңейтуде әңгімелеудің рөлі артады. Бес жасқа қарай балада аяушылық сезімі пайда болады. Ертегі кейіпкерлеріне жаны ашиды, сол арқылы адамның да түрлі сезімдерін түсініп, жанашырлық таныту сезімдері пайда болады.
Бес жаста құзіреттілік, әсіресе интеллектуалдық маңызды рөл атқаратын тұлғаның «психологиялық портреті» қалыптасады, бұл «неге? сұрағын көп қоятын» жас, сондай-ақ креативтілік жасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет