ЕҢБЕК ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ
Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды еңбек әрекетіне ынталандыру, еңбекке және еңбек ету ниетіне қызығушылығын тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Балалардың еңбек әрекетіне қатысуға қызығушылығын тәрбиелеуді жалғастыру.
2. Ересектерге көмек көрсетуге (тәрбиешіге, оның көмекшісіне, ата-аналарына), оларға ықыласпен қарауға тәрбиелеп, сондай-ақ, олардың еңбектерінің нәтижесіне ұқыпты қарауға ынталандыру.
3. Топ бөлмесі мен балабақша ауласында тазалық сақтауға және тәртіпті қолдау бойынша ересектердің тапсырмаларын орындауға үйрету.
4. Бастаған ісін соңына дейін жеткізуге үйрету.
5. Еңбегінің нәтижелеріне ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Мазмұны:
Өзіне-өзі қызмет көрсету
Өз бетінше белгілі бір реттілікпен киіну, шешіну: киімін кию, шешу, бүктеу, ілу, түймелерін ағыту, түймелеу; аяқ киімнің бауын байлай білуді дамыту.
Балаларды тазалыққа тәрбиелеу. Киіміндегі олқылықтарды (ағытылған түйме, қисайған жаға және т.б.) байқауға және ересектердің аздаған көмегімен оларды реттеуге үйрету.
Тұрмыстық-шаруашылық еңбек
Қарапайым тапсырмаларды орындауға ынталандыру: қасықтар мен майлықтарды, нан салғыштар мен табақшаларды орналастыру. Екінші жартыжылдықтан бастап асхана бойынша кезекшілік ұйымдастыру: тәрбиешінің көмекшісіне дастарқан дайындауға көмектесу. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қажетті құрал-жабдықтарын (қарындаштар қорабы, қылқаламдар, мүсіндеуге арналған тақтайшалар және т.б.) дайындауға және оларды реттеуге, ойыншықтар мен құрылыс материалдарын ойнап болған соң өз орындарына орналастыруға үйрету.
Табиғат бұрышындағы еңбек
Табиғат бұрышындағы еңбекке қатысуға талаптарын тәрбиелеу: өсімдіктердің ірі жапырақтарының шаңын сүрту, ересектердің көмегімен балықтар мен құстарды тамақтандыру, бөлме гүлдерін суару.
Табиғаттағы еңбек
Табиғаттағы еңбекке қатысу ниеттерін тәрбиелеу: гүлдер мен бақша дақылдарының ірі тұқымдарын себу, жуа мен көкөністер отырғызу, өсімдіктерді суару, көкөністерді жинау.
Жерге түскен жапырақтар мен өз ауласындағы қоқыстарды жинауға, қыста жолдар мен орындықтарды қардан тазалауға үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |