Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы «ішкі жұҚпалы емес аурулар клиникалық диагностика ренгинологиясымен»


Тақырыбы: Жануарлардың тітіркендіргіш және қозғыш аймағын зерттеу Сабақ мақсаты



бет23/25
Дата14.10.2022
өлшемі1.47 Mb.
#462658
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
клиникалық диагностика

Тақырыбы: Жануарлардың тітіркендіргіш және қозғыш аймағын зерттеу
Сабақ мақсаты: Жануарлардың тітіркендіргіш және қозғыш аймағын зерттеу арқылы ерекшеліктерін анықтап үйрену
Материалдар мен жабдықтар: сиыр, жылқы, қой, шошқа, ит, мысық, бекемдеуге арналған қүралдар (жіптер, дәке, түмылдырық, Соловьев, Г армс қысқышы, бүраулар), қолғаптар, халат, алжапқыш,
дезинфекциялауға арналған спирт, жануарларды жығуға арналған жабдықтар, термометрлер, фонендоскоптар, перкуторлық балғашық пен плессиметр, вазелин, ағаш бүраулар, рефлектор т.с.с.
Сабақтың өтетін орны: кафедра аудиториясы немесе ветеринарлық клиника.
Тапсырмалар:

  1. Сезімталдылығын зерттеу

  2. Тітіркендіргішті (рефлексті) зерттеу

  3. Қозғалыс аппаратын зерттеу

  4. Вегетативті жүйке жүйелерін зерттеу

Әдістемелік нұсқау

  1. Сезімталдылығын зерттеу

Терінің сезу қабілетін анықтау (ауырсыну сезімталдызы). Малдың денесінің әр жерін иненің үшын тигізгенде терінің ауыру сезгіштігін анықтаймыз. Дені сау мал терісіне иненің үтттын тигізгенде жауап ретінде басын бүрып қарайды, қүлағын тігеді, тыпыршиды, тері асты бүлшық еттері тітіркеніп жиырылады. Денені инемен шаншыған кезде, малдың денесін басқа қолдың алақанымен баса сипап түру қажет.
Тері түгінің тітіркендіргіш сезінуін анықтау (тактилді сезімталдық). Сүлгімен малдың көзін таңып, содан соң бір тал сабанды денеге тигіземіз немесе жүнді үрлейміз. Дені сау мал жасалған әсерге жауап ретінде тері асты бүлшық еттерін жиырады, басын бүрып қарайды, қүлағын тігеді, тыпыршиды.
Терең сезімділігін зерттеу. Ірі малдарды алдыңғы аяғын алға шығарып не аяқтарын айқастырып анықтайды, бүзылу болған жағдайда мал жасалынған жағдайда тура береді, үсақ малдарды үстел шетіне қояды да үстелдің қарсы бетін көтереді, бүзылу болса ол тірену кабілетінен айырылып, қүлайды.

  1. Тітіркендіргішті (рефлексті) зерттеу

Рефлекстерді зерттеу кезінде малдың көздерін сүлгімен немесе ақ жаппамен таңып қойып, теріге балғашық сабымен нүқып немесе таяқшаны тигізу арқылы малдың жауап беру қимылын анықтайды. Дені сау малдарда тері асты бүлшық еттері жиырылады. Ауру малда рефлекстер әлсірейді, күшейеді немесе мүлдем тежеледі.
Осы әдістерді қолдана отырып төмендегі рефлекстерді зерттеуге болады:
Сыртқы рефлекстер.
А. Тері рефлекстер (шоқтық рефлексі, қүрсақ рефлексі-алдыңғы, ортаңғы, артқы, қүйрық рефлексі, артқы тесік рефлексі, түяқ рефлексі, кремастер рефлексі (еркек малдарда).
Б. Кілегей қабық рефлекстері (жөтелу рефлексі - кеңірдектің алдыңғы сақиналарын қысқанда пайда болады, түшкіру - кеңсіріктің кілегей қабықшасын тітіркендіргенде пайда болады, қасаң қабық рефлексі - жүмсақ затпен қасаң қабыққа тигенде пайда болады).
Терең рефлекстер:

  1. Тізе (тобық) рефлексі - балғашықпен тізе сіңірін жай ғана, үру арқылы анықталады.

  2. Ахиллов сіңірінің рефлексі - балғашықпен ахиллов сіңірін үру арқылы анықталады.

  1. Қозғалыс аппаратын зерттеу

Тірек және қимыл жүйесін зерттеу. Қарау, пальпациялау және малды жүргізу аркылы малдың түлға, аяқ және басқа бүлшық еттерінің жиырылуын анықтайды. Бүлшық еттің гипотониясы мен гипертониясының бар не жоқ екеніне көңіл аудару қажет.
Қарау арқылы малдың қалай жүретін, оған қатысатын бүлшық еттер мен мүшелердің кезектесіп келуін бақылайды. Статикалық не динамикалық атаксиялардың бар не жоқ екеніне көңіл аудару қажет.
Қарау арқылы малдың жүруін бақылайды. Сал болулар (параличтер), дірілдеулер, қүрысқақ, гиперкинездер, тремор және көз жыпылығының (тик) бар не жоқ екеніне көңіл аудару қажет.

  1. Вегетативті жүйке жүйелерін зерттеу

Мал дәрігерлік тәжірибеде вегетативтік жүйке тамыр жүйесінің ақауын анықтау үшін қолданылады. Бүл мақсатта көз-жүрек рефлексі қолданылады. Ол үшін ең алдымен малдардың жүрек соғуының 30 секунд уақыт аралығындағы санын анықтайды. Сонан соң Шаптала аспабымен немесе қол саусақтарымен көз шарасын 20-30 сек сынап бағанасы шамасындағыдай күшпен басады. Сау малда жүрек соғуының жиілігі азаяды, бірақ 1/4 аспайды. Ваготония кезінде жүрек соғуының жиілігі 1/4 асып азаяды, ал симпатикотония кезінде жүрек соғуы азаймайды, кейбір жағдайларда көбейеді.
Бақылау сұрақтары:

  1. Терінің қандай сезімталдық түрлері бар? Оны қандай әдістемемен зерттейді?

  2. Патологияда сезімталдықтың қандай өзгерістері кездеседі?

  3. Организмде терең сезімталдыққа не жатады? Зерттеу әдісі қандай?

  4. Рефлекс деп нені атаймыз? Оның түрлері мен зерттеу әдістері қандай?

  5. Патологиялық үрдістегі рефлекстердің өзгеруін атаңыз?

  6. Жүріс координациясының бүзылуын атаңыз?

  7. Вегетативтік жүйке жүйесіне не жатады? Қандай клиникалық диагностикалық маңызы бар?

Әдебиеттер: 1, 2, 4
15 сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет