Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы «ішкі жұҚпалы емес аурулар клиникалық диагностика ренгинологиясымен»



бет10/25
Дата14.10.2022
өлшемі1.47 Mb.
#462658
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
клиникалық диагностика

Мұрын цуъісынъің кілегейлі цабыгын зерттеу. Мүрын қуысының жағдайын зерттеген кезде мына көрсеткіштерге назар аударады: пішіні (малдың өзіне тән, тән емес), кеңсірік (қалыпты жағдайда, кең ашылған), мүрын қуысының жолдары (еркін ауа өтеді, тарылған, ауа өтпейді), мүрын қуысының кілегейлі қабығы: түсі (боз қызғылтым, қызғылтым, қызарған, көгерген, сарғайған), ылғалдағыш (ылғалды, өте ылғалды, қүрғақ), бүтінділігі (бүтін, жаралы, ойық жара, сыдырылған, бөріткен, түйіндақ үлбіреу), көлемі (үлғайған, улғаймаған), сезімталдығы (ауырсынады, ауырсынбайды).
Сау жылкыда мүрын қуысының кілегейлі қабығы ылғалды бозғылтым, тегіс емес, мүрын қалқасы - қызғылт көкшіл реңді, ірі қара малда - бозғылтым түсті, жиі пигментация кездеседі.
Ауру кезінде кілегейлі қабықтың түсі қызару түрде (гиперемия, геморрагия), көгеру түрде (цианоз), бозарған (анемиялы), сарғайған түрде (иктериялы) өзгереді. Жіті ринит кезінде кілегейлі қабықтың ісінуі байқалады, сол кезде сырты тегіс, жылтыраған болады. Дене қызуы көтерілгенде (лихорадка) кілегейлі кабықтар қүрғақ, ал жіті катар қабынуында өте ылғалды болып өзгереді.
Қосалқы қуыстарды зерттеу. Жоғарғы жақ және маңдай қуыстарды, пальпация, перкуссия арқылы зерттейді.
Қосалқы қуыстарды зерттеудің үлгісі: пішіні, сезімталдығы,
сүйегінің жүмсақ-қаттылығы, жергілікті температурасы, симметриялык бөліктерінің перкуссиялық дыбыстарының сипаттамасы.
Ауру кезінде қосалқы қуыстарының маңайында ісінуі, көлемінің улғаюы, сүйектердің деформациясы пайда болады (эмпиема, тері қабынуында, мешелде, остеомаляция, кілегейлі кабықтардың қабынуында). Жергілікті температурасының жоғарылауы мен ауырсыздануы қосалқы қуыстарының қабынуы үрдісінде байқалады. Сонымен қатар сүйектердің майысуы, жүмсақтығы да кездеседі.
Қосалқы қуыстардың перкуссиясын перкуссиялық балғашықтың желкесімен немесе сүқ саусақпен сүйек үстінен соққылап, жасайды. Сау малда өзіне тән бәсең тимпаникалык дыбыс шығады. Егер экссудат жиналып түрса, немесе қатерлі ісік, сүйектің қалыңдауы пайда болса, бәсең дыбыс естіледі,
Ауа қапшықтарды зерттеу. Жылқы және басқа тақ түяктыларда ауа қапшықтарды карау, пальпация, перкуссия, эндоскопия, рентген және сынау тесу арқылы зерттейді. Ауа қапшықтардың аймағы қулақ қалқанынан төмен, атлант омыртқаның канаты мен төмен жақтың артқы шетінің аралығында орналасады. Зерттеу кезінде мынадай қасиеттеріне назар аударады: басы мен мойынның үсталуы, үлпалардың пішіні, консистенциясы, жергілікті температурасы, сезімталдығы, перкуссиялық дыбыстарының сипаттамасы. Метеоризм немесе катарлы қабынуында ауа қапшықтардың түсында томпаю байқалады. Экссудаттың жиналуы пайда болса, массаж жасаған кезде немесе мал басын төмен түсіргенде мүрын қуысынан сүйық ағып, ауа қапшықтардың көлемі азаяды.
Перкуссияны балғашық пен плессиметрді тақай басып жасаған кезде сау малдарда ашық (тимпаникалық) дыбыс естіледі. Егер экссудат жиналса бәсең дыбыс, ал метеоризм кезінде (ауа, газ жиналса) - атимпаникалық дыбыс шығады.

  1. Көмекей мен кеңірдекті зерттеу

Бул мүшелерді зерттеген кезде сыртқы және ішкі тәсілдерді пайдаланады. Сыртқы зерттеуді жүргізгенде қарау, пальпация және аускультация қолданылады. Ішкі зерттеуді тек қана қысқа түмсықты иттерге, мысықтарға және күстарға жасауға болады. Ол үшін ауыз қуысын ашып (кергіш арқылы), тілді бір жаққа тартып, көмекейді көтеріп қарайды. Көмекей мен кеңірдекті зерттеу кезде мынадай үлгі аркылы тексеруде: бас пен мойынның үсталуы, улпалардың пішіні, көмекей мен кеңірдек шеміршектерінің бүтінділігі, температурасы, сезімталдығы, сезілетін шулары, аускультация жасаған кездегі шуылдарына назар аударылады.
Жөтел мен дауысты зерттеу. Жөтелді зерттеген кезде: оның бар- жоғын, күшін, ылғалдығын, жиілігін, үзақтылығын, пайда болатын уақытын анықтайды. Егер зерттеген кезде жөтел жоқ болса, жасанды жөтел жасап анықтайды. Жылқыда жасанды жөтелді алдыңғы кеңірдек сақиналарын саусақпен басып шығарады. Ірі қара малда жөтелді мүрынды сүлгімен жауып, иттерде кеуде қуысын басып, немесе қатты соққылап шығарады.
Ларингит, трахеит, макробронхит ауруларында жөтел өте күшті, қатты болады. Плевра, өкпе ауруларда (пневмония, созылмалы эмфизема) жөтел әлсіз, әлсін-әлсін жөтелу түрінде кездеседі.
Жөтелдің жиілігі тыныс алу жолдарының жағдайына және ауру үрдісіне байланысты болып өзгереді. Кілегейлі кабықтарының тітіркенуіне сәйкес жөтел жиі немесе сирек болып, кейбір жағдайда жөтел үстау (приступ) түрде кездеседі.
Жоғары және сыңғырлаған жөтел бронхит пен трахеитте кездеседі, төмен және қатаң - пневмонияда, плевритте, ылғалды жөтел - сүйық экссудат тыныс алу жолдарында жиналса, қүрғақ жөтел - экссудат жоқ, немесе жабысқақ түрде, қырылдаған жөтел - көмекей кілегейлі кабықтың және дауыс желбезегінің ісінуінде пайда болады.
Жөтелдің ауырсынуын малдың жүріс-түрысына байқап біледі. Егер мал жөтелген кезде мойнын тартып, басын шайқап, алдыңғы аяқтарын тыпырлатып ауырсынса ауыртатын жөтел. Бүндай жөтел плевритте, көмекейдің ісінуінде, жіті ларингитте, трахеит, бронхитте жиі кездеседі. Созылмалы бронхит, ларингит ауруларында жөтелдің ауырсынуы кездеспейді немесе аз болады.


  1. Қалқанша бездерін зерттеу

Қалқан-бүғақ бездерді қарау арқылы зерттегенде базедизм және микседема ауруларының белгілеріне көңіл аудару қажет (бадырақ көздің, тіл көлемінің үлғаюы, бас, мойын, шап маңайындағы үлпалардың домбығуы). Пальпация арқылы анықтаған кезде көлеміне,
консистенциясына, үстіңгі бетіне, жылжымалылығына және ауырсынуына назар аударады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Тыныс алу жүйесін зерттеу жоспарын атаңыз?

  2. Танау қуысын зерттегенде, кілегей қабықтардың қандай қасиеттеріне назар аударады?

  3. Көмей мен кеңірдекті қандай әдістермен зерттейді? Қандай ерекшелігіне назар аударады?

  4. Жөтел дегеніміз не? Малды зерттегенде жөтелдің қандай өзгерістеріне назар аудару керек?

  5. Сау малдың 1 минуттегі дем алу саны қанша? Патологиялық үрдісте дем алу санының қандай өзгерістері табылады?

  6. Дем алудың ырғағы, типі, күші, симметриясы қандай болады?

Әдебиеттер: 1, 2, 4
7 сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет