Қысқартылған аудармаға - тәжірибе жүзінде мәтіндердің барлық түрлері
жатады: жай іскери хаттан романға дейін. Қысқартылған аударманы қолдану
нәтижесіне мынадай мәтіндер: тезис, конспект, рефераттар, аңдатпа,
көшірмелер, дайджестерлер жатады. Әрдайым мұндай мәтіндердің көлемі,
оның лексика-семантикалық, синтаксистік пен стилистикалық бейнесі
аудармашымен мақсатқа жету үшін таңдап алынатын түріне байланысты.
Негізінен, қысқартылған аударма таңдап алынып, функциональдік аударманың
екі негізгі түрінің беруімен орындалады. Таңдап алынатын аударма - қысқартылған аударманың түрі ретінде
аудармашы көзқарасына байланысты тірек сөздерді таңдап алудан тұрады,
негізгі мәтіннің және оларды толық аударатын единицалардан. Негізгі мәтіннің
басқа компоненттері осындай аударма түрінде көрсетілмей, нәтижеге жету
үшін, қажетті емес түріне жатып, мүлдем аударылмайды. Мұндай аударма түрі
іскери хаттар түрінің газет деректемелердегі, ғылыми мақалалар мен хабарлама,
баяндамалары тезистік-реферативтік түрімен айтып жеккізуде өте жиі
қолданылады. Осындай аударманың дұрыстығы аудармашының тек қана атақ
дәрежесімен сақталып осындай аудармада негізгі ақпараттың кейбір маңызды
жақтары жойылып кетпейтіндей, тірек бірліктерін дәл таңдап алуға негізделеді. Функционалдык аударма - негізгі мәтін қысқартылып басқа тілге
жеткізетін түрі ретінде мәтіннің функционалды түрде, қайта өңделген,
бірліктерінен аударылған мәтінді құрастыруынан тұрады. Функционалды
тұрғыдан мен қысқартуы немесе жай түріне келтіру мақсатында қолданылған
негізгі мәтіннің лексика-семантикалық, грамматикалық, стилистикалық
өзгертулеріне негізделуі мүмкін. Аударманың осындай түрінің мысалы ретінде
айтылатын бүтін көлемді шығармаларды жай түрде жеткізетін әдеби
мазмұндамалар жатады, мысалы: Б. Заходердің «Ғажайып еліндегі Алиса» атты
аударма әңгімесі.
Мәтіннің өзгерту-трансформация түрінен басқа функционалды аударма
негізгі мәтіннің күрделі бөлшектерінің жеткізуін қалайды, бірақ та бұл жерде
олардың жай түрге түсіп қалуына байланысты міндетті болуы қажет емес. Толық аударма - қысқартылған аудармаға қарағанда аударма тіл
бірліктеріндегі негізгі мәтіннің барлық компоненттерінің ақпараттық
реттеуімен бірге нақты жеткізуіне бағытталған. Толық аударма әр түрлі
19
түрлермен беріледі, бірақ жиі кездесетін: дәлме-дәл, немесе «сөзбе-сөз»
аударма, семантикалық пен коммуникативтік аударма түрлерін санауға болады.