3.12 тақырыпҚабілет. Жаттықтырушының бала қабілетімен санасуы
Қабілет туралы ұғым. Қабілет және іс-әрекет. Қабілеттің дамуы. Табиғи нышандардың дамуы. Қабілеттің түрлері: оқуға және шығармашылық іске қабілеттілік, жалпы ақыл-ой қабілеті мен арнаулы қабілеттер. Жаттығушылардың қабілетін жаттықтырушының ескеруі. Дене шынықтыру сабағында балалардың қабілетін дамыту жолдары.
Практикалық сабақ.Жаттығушылардың қабілетін жаттықтырушының ескеруі.
3.13 тақырыпЖаттықтырушы мен жаттығушының эмоциональдық – еріктік жағдайы
Эмоция мен сезім туралы түсінік. Эмоция мен сезімнің адам өміріндегі маңызы. Эмоция мен сезімнің физиологиялық негіздері. Эмоцияның сыртқы көріністері. Эмоция ерекшеліктері: жағымды және жағымсыз, стеникалық және астеникалық эмоциялар. Көңіл-күй, эффект, стресс. Жоғарғы сезімдер: моральдық немесе адамгершілік, эстетикалық, интеллектілік сезімдер. Сезім мен тұлға. Балалардың эмоциясы мен сезімін дамыту.
Практикалық сабақ.Жаттықтырушы мен жаттығушының эмоциональдық – еріктік жағдайы.
3.14 тақырып Ерікті тәрбиелеудің психологиялық негіздері
Ерік туралы ұғым. Еріктің адам іс-әрекеті мен өміріндегі мәні. Еріктің оқу және еңбек әрекетіндегі мәні. Ерік әрекеттерінің физиологиялық негіздері.
Адамгершілікті-тәрбиелі ерік түсінігі. Ерік амалын талдау: мақсат қою, мотивтер күресі, амал-тәсілдерін таңдау, тоқтамға келу, орыңдау кезеңі.
Адамның ерік сапалары: мақсаткерлік, өзбеттілік, шешімділік, табандылық, ұстамдылық, тәртіптілік.
Практикалық сабақ. Балалардың ерігін тәрбиелеу және дамыту.
Жобалық жұмыстардың үлгі тақырыптары:
Мінездің әлеуметтік-адамгершілік титері.
Балалардың қиялын дамыту.
Филогенез бен онтогенезде адам әрекетінің дамуы. .
Адам әрекеті механизмдерінің қалыптасуы мен жаңаруы
Адам әдеттеріне психологиялық талдау
Адам мен жануарлар қарым-қатынасының салыстырмалы талдауы.
Балалар қарым-қатынасының дамуы.
Зейіннің дамуы.
Естің жеке ерекшеліктері және оларды дамыту жолдары.
Шығармашылық ойлау мәселесі және дамыту жолдары.
Оқушылардың оқу іс-әрекетінің тиімділігіне мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынас стилінің әсері
Оқу әрекетінің мотивтері және жоғары сынып оқушысының мінез құлқы.
Оқушылар арасындағы келіспеушіліктер және оларды шешу жолдары.
Ересектердің «қиын бала» мінез-құлқына әсері.
Балалардың сөйлеуін дамыту.
Кіші оқушының эмоциональды ерекшеліктері.
Жоғары сынып оқушысының агрессиясын түзету жолдары.
Балалардың ойлауын дамыту.
Спорттық қызметтің психологиялық ерекшеліктері.
Психофизиологиялық ерекшеліктер, спортқа қабілет және спорттық қызметті таңдау.
Тактика, тактикалық даярлық және оның міндеттері.
Жарысқы даярлық және жарыс барысындағы спортсмендердің ойлау ерекшеліктері.
Спорттық жарыстың психологиялық ерекшеліктері.
Жарыстардағы эмоция мен сезімдер.
Жарысқа дейінгі психикалық жағдай: сипаттама, пайда болу себептері, алдын алу жолдары.
Спортсмен даярлығының психикалық жағдайы.
Спортсменнің жарысқа психологиялық даярлығы
Командадағы динамикалық процестер.
Спорттық ұжымдағы келіспеушіліктер: түрлері, даму кезеңдері
Командадағы қарым-қатынасты басқару: тікелей және жанама.
Достарыңызбен бөлісу: |