Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.


Қолданылатын әдебиеттер тізімі



бет16/17
Дата13.06.2016
өлшемі1.85 Mb.
#133789
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:


  1. Х. Сәтпаева, Ж. Ніддібаева, Ә Өтепбергенов Адам физиологиясы. А. Білім 1995ж.

  2. Физиология человека Уч. Инс. Физ. Куль Н.В. Зимкина М. ФиС 1975г.

  3. Физиология мышечной деятельности Уч. Инс. Физ. Куль Я.М. Коца М. ФиС 1982г.

  4. В.Смирнов, В. Дубровский Физиология человека воспитания и спорта. М. 2002г.

  5. А. Солодков, Е. Сологуб Физиология человека. Уч. Инс. Физ. Куль М. 2001г.

  6. С. Ж. Бұғыбаева Адам физиолгиясы А. 2003ж.

  7. З. Алиакбараова Мектеп ижасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. А. 1993ж.

  8. С. Жұмабаев Жас ерекшеліктер физиологиясы. 1997ж.

  9. М. Матюшонок, Г.Г. Турик, А:А: Крюкова Балалармен жасөспірімдер физиологиясы және гигүиенасы. А. Мектеп. 1986ж.

Ќосымша:

  1. Физиология человека Уч.для мед. Инс. Медицина 1984г.

  2. Физиология человека. В. 4 томах. М. Мир, т.1,2. 1985г. Т. 3,4,5. 1986г.

  3. Общии курс физиологии человека и животных М. 19991г.

  4. В. Флинин, В. Фомин. Возрастные основы физического воспитания. М. 1972г.

  5. Физиология человека. Медицина 2001г. 607 стр.

  6. Физиология человека. В. Смирнова М. Мед. 2001г. 668 стр.

  7. Физиология человека. В.М. Покровскии 2 том. М. Мед. 2001 г.



ОБСӨЖ № 34.

ОБСӨЖ тақырыбы: Тыныс алу және оның қызметтері.
ОБСӨЖ жоспары:

1. Ағзадағы газ алмасу кезеңдері.

2. Дем алу және дем шығару механизмі
ОБСӨЖ мақсаты: Тыныс алу және оның қызметтерінің ерекшеліктеріне түрлеріне және қызметінің маңыздылығына толық мәлімет беру..

ОБСӨЖ мәтіні: Организм өзінің тіршілік әрекетін сақтау, қүрылымдарын өзгертіп, жаңарып отыру үшін көп мөлшерде қуат шығындайды. Ал, организмнің шығындаған қуаты белоктардың, көмірсулардың, май-лардың тотығуы нәтижесіңде толықтырылып отырады. Өз кезегінде тотығу процесін жүргізу үшін оттегі қажет. Денеде оттегі қоры болмайтындықтан организм оны өзіне қажетті мөлшерде қоршаған ортадан алып отырады. Бүл қызметті тыныс алу мүшелері атқарады.

Ал үлпалар мен мүшелердің оттегіне сүранысынан және денеде жиналған көмір қышқыл газдың организмге әсерінен тыныс алуға мүқтаждық туындап отырады. Бүл қүбылыстың мәнін үғыну үшін тыныс алу процесінің реттелу механизмін талдап өткен жөн.

Жоғары сатыдағы омыртқалылардың тыныс алу процесі үш түрлі рецепторлық (сезімтал) қүрылымдардың қатысуымен атқарылады. Оның бірі - тыныс орталығына өкпенің керілу және солу деңгейі жайлы ақпарат жіберіп отыратын өкпедегі сезімтал нерв үштары -рецепторлар.

Мида тыныс орталығының болатыны жайлы алғашқы болжамды 1812 жылы Легалуа айтқан. Осыдан отыз жыл өткен соң 1842 жылы Флуранс сопақша миға ине қадау арқылы тәжірибе үстінде тынысты тоқтатып, малды өлтіруге болатынын дөлелдеген. Сопақша мидың осы нүктесі "омір түйіні" деген атқа ие болған. 1885 жылы орыс физиологы Н. А. Миславский тыныс орталығының сопақша мидың торлы қүрылымының (ретикулярлы формация) төртінші қарыншасы-ның түбінде орналасатынын анықтады. Бүл орталық дем алуды жөне дем шығаруды реттейтін бөлімдерден түрады. Олардың әрекетін ми көпірінде орналасқан Лумсден ашқан пневмотаксистік орта-лық реттейді. Бүл орталық дем алынған кезде дем шығару орталы-ғын, ал дем шығарылған кезде — дем алу орталығын қоздырып, дем алу және дем шығару процестерінің ырғақты түрде алмасып отыруына мүмкіндік береді.

Өкпе үлпасынан тыныс орталығына рефлекстік әсер болатынын 1868 жылы Э. Геринг пен И. Брейер дәледдеді. Кезеген нерв өкпеде екі түрлі механорецепторлар түзеді. Олардың бір түрі окпе үлпасы керілгенде, екінші түрі — солғанда тітіркенеді. Олар орталыққа қай кезде дем алу немесе дем шығару процесін тоқтатып, оларды қарама-қарсы әрекетпен алмастыру қажеттігін хабарлап отырады. Дем алу кезеңінде өкпедегі механорецепторлар қозу толқынын орталықтың экспирациялық беліміне бағыгтайды, соңдықтан инспираторлар әрекеті тоқтап, дем шығару кезеңі.басталады. Ал дем шығарылған кезде механорецепторлардың екінші түрі тітіркеніп, қозу орталықтың инспирациялық бөліміне бағытталады да, экспирация тоқтап, инспирация басталады. Сонымен, дем алу рефлекстік жолмен дем шығаруды, ал дем шығару - дем алуды тудырады. Тынысты реф-лекспен реттеуде плевра, кекірек және қүрсақ ерттерінің механо-рецепторлары да қатысады.

Тынысты рефлекстік жолмен реттеуде күре тамыр мен қолқа түйіңдеріндегі хеморецепторлар да маңызды рөл атқарады. Бүл хемо-рецепторлар қанның газдық қүрамын бақылап отырады, қанда оттегі мелшерінің азаюы салдарынан қозады. Сондықтан қанда оттегі мөлшері төмендесе, тыныс рефлекс түрінде жиілейді.

Хеморецепторлар тынысорталығының өзіңце де бола-ды. Олар қан қүрамыңцағыкөмір қышқыл газ мөлшерін қадағалап отырады. Егер қан-15-сурет. Фредерик тәжірибесі да көмір қышқыл газының мөлшері көбейсе, орталықтың қызметі күшейіп, тыныс тереңдеп, жиілейді. Керісінше комір қышқыл газының мөлшері азайса, тыныс сирейді, кейде аз уақытқа тоқтап та қалады (апноэ). Демек, тыныс орталығының негізгі гуморальды реттеушісі - комір қышқыл газы.

Тынысты реттеуде қанның газдық қүрамының маңызын Л. Фре-дерик айқас қан айналым жасаған тәжірибесімен дәлелдеген. Бүл тәжірибеде арнаулы операция арқылы екі иттің күре тамырлары мен ойыс веналары айқастырылып жалғастырьглады. Оның нәтижесінде бірінші иттің денесінен қан екінші иттің басына, ал екінші иттің денесінен - бірінші иттің басына баратын болады (15-сурет). Егер бірінші иттің кеңірдегін қысып, оны түншьгқтырса (асфиксия), екінші иттің тынысы жиілейді, ол ентіге бастайды (диспноэ). Оның себебі, түншықтырудың әсерінен бірінші иттің қанында С02 кебейіп (ги-перкапния), оттегі азаяды (гипоксвмия). Осындай қүрамды қан екінші иттің тыныс орталығына әсер етеді де, оның тынысы жиілейді, өкпенің желдетілуі күшейеді. Демек, екінші иттің қанында оттегі кобейіп, комір қышқыл газы азаяды. Бүл қан бірінші иттің басын қоректен-діретіндіктен, оның тьшыс орталығының қозғыштьіғы темендеп, ты-ныс сирейді, немесе тоқтайды. Сонымен оттегінің жетіспеуі және көмір қышқыл газының қаңда жиналуы тыныс орталығын қоздыра-тын факторлар болып табылады. Тыныс орталығының қозғьпптығы-на қандағы сутегі иондарының концентрациясы да әсер етеді.

Тыныс орталығы орталықтан тебетін нерв талшықтары арқылы жүлынның мотонейрондарымен байланысады. Жүлынның көкірек белігінің вентральды мүйізінде қабырғааралық еттердің, ал мойын бөлігінің 3-4 омыртқа деңгейінде кок еттің (диафрагма) қызметін ретгейтін нейрондар орналасады. Танау еттерінің жиырылуьш реттейтін нерв талшықтары беттік нерв қүрамында, комекей еттерінің қызметін реттейтін талшықтар - кезеген нерв қүрамында өтеді. Сондықтан жүлынды мойын мен кекірек бөліктерінің арасын ала қиса, қабырға-аралық еттердің жиырылуы тоқтап қалады да, көк еттің қызметі жалғаса береді. Оның себебі бүл жағдайда көк ет нервінің ядросы мен тыныс орталығы арасындағы байлаңыс үзілмейді. Ал жүлынды сопақша мидан бөліп тастаса, оңца тыныс тоқтап, организм түншы-ғып өледі. Бүл жағдайда танау мен кемекей еттері біраз уақыт әрекет ете береді, себебі олардың қызметін реттейтін нервтер тікелей сопақ-ша мидан басталады.

Окпеге келетін кезеген нерв қиылса, тыныс алу процесі тоқта-майды, бірақ ол терендеп сирейді (16-сурет).

Дем алу жөне дем шығару

процестеріне нервтің өсері.

1-пневмограмма, 2-альвеолалар

саңлауыньщ озгерістері, 3-кезеген

нервтің орталыкқа тепкіш тал-

шыгьшан жазылған импульстер

жиілігі, 4-дем шығару орталығы-

ның тыныс алу орталығына тежеуші

әсері, 5-тыныс орталығьшан тыныс

еттеріне импульстердің бағытталу



сипаты.

орталығына өкпенің механорецепторларынан қозу толқыны келмей қалады. Ал мойынның екі жағында орналасқан симпатикалық нерв талшықтарын тітіркендіргеңце тыныс жиілейді. Осыған байланысты ер түрлі сезім процесі (үрей, қуаныш т.б.) тыныс ырғағын өзгертетін факторлар болып табылады.


Тест тапсырмалары:

1. Бүйректің саны?

А. 2

В. 4


Д. 3

С. 5


2. Бас миы неше бөлiмнен турады?

А. 5


В. 2

Д. 4


С. 3

3. Тiс кабаттары?

А. Эмаль, дентин, пульпа.

В.Сауыты, мойыны

Д. Бұлшықеттері

С. Аталғанның бәрі

4. Тіс орналасуы?

А. Сауыты, мойыны, тубiрi

В. Эмаль

С. Азу тіс

Д. Күрек тіс

5.Тiс атқаратын қызметiне қарай?

А. Күрек, үшкір, азу

В. Кіші азу тісі

Д. Бірінші азу тіс

С. Т іс қабат

6. Көбейген кант мөлшерiн не реттейдi?

А. Инсулин

В. Глюкогин

Д. Гемоглабин

С. Қан

7. Азайған кант мөлшерiн не реттейдi.?



А.Гликоген

В. Инсулин

Д. Дендриттер

С.Гемоглабин

8. Йод мөлшерiн реттейтiн?

А. Қалканша

В. Бүйрек үсті

Д. Жыныс безі

С. Ішек

Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:


  1. Х. Сәтпаева, Ж. Ніддібаева, Ә Өтепбергенов Адам физиологиясы. А. Білім 1995ж.

  2. Физиология человека Уч. Инс. Физ. Куль Н.В. Зимкина М. ФиС 1975г.

  3. Физиология мышечной деятельности Уч. Инс. Физ. Куль Я.М. Коца М. ФиС 1982г.

  4. В.Смирнов, В. Дубровский Физиология человека воспитания и спорта. М. 2002г.

  5. А. Солодков, Е. Сологуб Физиология человека. Уч. Инс. Физ. Куль М. 2001г.

  6. С. Ж. Бұғыбаева Адам физиолгиясы А. 2003ж.

  7. З. Алиакбараова Мектеп ижасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. А. 1993ж.

  8. С. Жұмабаев Жас ерекшеліктер физиологиясы. 1997ж.

  9. М. Матюшонок, Г.Г. Турик, А:А: Крюкова Балалармен жасөспірімдер физиологиясы және гигүиенасы. А. Мектеп. 1986ж.

Ќосымша:

  1. Физиология человека Уч.для мед. Инс. Медицина 1984г.

  2. Физиология человека. В. 4 томах. М. Мир, т.1,2. 1985г. Т. 3,4,5. 1986г.

  3. Общии курс физиологии человека и животных М. 19991г.

  4. В. Флинин, В. Фомин. Возрастные основы физического воспитания. М. 1972г.

  5. Физиология человека. Медицина 2001г. 607 стр.

  6. Физиология человека. В. Смирнова М. Мед. 2001г. 668 стр.

  7. Физиология человека. В.М. Покровскии 2 том. М. Мед. 2001 г.



ОБСӨЖ № 35

ОБСӨЖ тақырыбы: Өкпе көлемдері және сиымдылығы.
ОБСӨЖ жоспары:

1. Қажетті және нақты бар көлемдер.

2. Өкпедегі ауа алмасуы.
ОБСӨЖ мақсаты: Өкпе көлемдері және сиымдылығының маңызы туралы толық мәлімет беру.
ОБСӨЖ мәтіні: Адам мен жануарлардың газ алмасу мүшесі - екпе, - қүрылысы жағынан түтікшелі - кепіршікті, паренхималы ағза. Ол тыныс жол-дарынан жөне газ алмасу бөлімінен түрады. Тыныс жолдарын брон-хы (ауа тамыр) тарамы, ал газ алмасу бөлімін - көпіршік (альевеола) бөлімі деп атайды. Бронхы тарамы арқылы ауа тазаланып, жылы-нып, дымқылданып, ионданып, альвеолаларға жеткізіледі. Альвеола тыныс жолының түйықталған соңғы бөлігі. Олардың қабырғасы ора-лымды мембранаға бекіген жүқа бір қабат жалпақ эпителий торша-ларынан түзіледі. Әр альвеола сырт жағынан тығыз орналасқан ка-пиллярлар торымен қоршалады. Окпе капиллярлары кең (диаметрі 40 мкм дейін) және тар (диаметрі 11 мкм) түзақ торлар қүрайцы. Кең түзақ капиллярларынан қан толассыз ағацы жөне ол альвеолалар кеңістігінің кеп мөлшерін қамтицы. Бүл капиллярлар түзағы бір-бірімен жалғаса келіп альвеолалық тор түзіледі. Альвеола мен капиллярдың жанасу беткейінің жалпы қалындығы бар болғаны 0,004 мм, сондықтан бұл жерде газдардың алмасуына айтарлық-тай кедергі болмайды.

Өкпеде альвеолалар саны орасан көп, сондықтан өкпенің тыныс-тық аумағы өте үлкен. Өкпе альвеолаларының саны 350 млн. жетеді де, олардыңжалпы беткейі 100-120 м2 қүрайды, демекдене беткейінің мөлшерінен 100 есе артады.Тыныс алу жүйесі жануарлар дүниесінің даму жолында әр түрлі өзгерістерден өтеді. Бүл өзгерістер тіршілік ортасының жағдайлары-мен байланысты болады. Суда тіршілік ететін қарапайым организм-дерде (бір торшалы және төменгі сатыдағы көп торшалы) арнаулы тыныс мүшелері болмайды. Суда еріген оттегіні олар денесін қапта-ған қабықша арқылы сіңіреді. Тыныс алудың мүңдай түрін диффу-зиялы тыныс алу деп атайды.

Жануарлар организмінің күрделенуімен байланысты олардың жүтқыншақ қуысы қабырғаларында желбезек саңлаулары пайда бо-лады да, желбезекпен тыныс'алу түрі қалыптасады. Ауыз қуысынан жүтылған су осы желбезек санлаулары арқылы жүтқыншақтан сырт-қа өтіп, тыныс алу аппараты - желбезекпен жанасады. Суда еріген оттегі желбезектің жүқа қабыргаларыңдағы қан тамырлары арқылы сіңеді, ал қан қүрамындағы көмір қышқыл газы, керісінше, суға бөлінеді. Желбезекте қарсы ағын принципі (балықтарда) орын ала-ды, сондықтан судағы оттегі тиімді пайдаланылады.

Тіршіліктің қүрлыққа ауысуына байланысты атмосфералық ауамен тыныс алуға бейімделген газ алмасудың бірнеше түрі қалыптасады. Мысалы, омыртқасыздарда - кеңірдек, хордальгларда - өкпе, кейбір қүрттар мен насеком личинкаларыңда - дене жабыны, жүмыр қүртгар-да - ішек арқылы тыныс алу механизмдері дамиды. Кейбір жағдайда дене жабыны (тері) арқьглы тыныстау механизмі арнаулы тыныс алу мүшелері пайда болған жануарларда да сақталады. Мысалы, жел-безек аппараты дамыған жылан балықтар өздеріне қажет оттегінің 60 пайызын, ал өкпе пайда болған бақалар - 50 пайызын тері арқы-лы қабылдайды.

Өкпенің тыныстық беткейі дене қуысында орналасады да, ол кебірсуден сақталады. Өйткені газ алмасу процесі дүрыс жүру үшін ауаның дымқыл болуы қажет.

Өкпенің екі түрі болады - диффузиялық және желдетпелі. Оның алғашқы түрінде газ алмасу диффузия арқылы атқарылады. Мүндай өкпелер шағын жондіктерде (окпелі моллюскалар, шаяндар, ормекшілер) кездеседі. Желдетпелі өкпе қүрлықты мекендейтін омырт-қалыларда болады.

Сүт қоректі жануарлар өкпесі бронхы мен альвеола тарамдарынан түзілген паренхимадан және олардың арасыңдағы денекер үлпалы қүрылым — стромадан (тосеніштен) түрады. Строма арқылы окпе паренхимасына қан мен лимфа тамырлары жөне жүйке талшықтары өтеді. Бүл мүшеде ет талшықтары болмайды, сондықтан өкпе оз бетінше керіліп - сола алмайды. Осымен байланысты эволюциялық даму процесі барысыңда өкпенің ырықсыз желдетілу механизмі қалыптасқан.


Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:


1.Х. Сәтпаева, Ж. Ніддібаева, Ә Өтепбергенов Адам физиологиясы. А. Білім 1995ж.

  1. Физиология человека Уч. Инс. Физ. Куль Н.В. Зимкина М. ФиС 1975г.

  2. Физиология мышечной деятельности Уч. Инс. Физ. Куль Я.М. Коца М. ФиС 1982г.

  3. В.Смирнов, В. Дубровский Физиология человека воспитания и спорта. М. 2002г.

  4. А. Солодков, Е. Сологуб Физиология человека. Уч. Инс. Физ. Куль М. 2001г.

  5. С. Ж. Бұғыбаева Адам физиолгиясы А. 2003ж.

  6. З. Алиакбараова Мектеп ижасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. А. 1993ж.

  7. С. Жұмабаев Жас ерекшеліктер физиологиясы. 1997ж.

  8. М. Матюшонок, Г.Г. Турик, А:А: Крюкова Балалармен жасөспірімдер физиологиясы және гигүиенасы. А. Мектеп. 1986ж.

Ќосымша:

  1. Физиология человека Уч.для мед. Инс. Медицина 1984г.

  2. Физиология человека. В. 4 томах. М. Мир, т.1,2. 1985г. Т. 3,4,5. 1986г.

  3. Общии курс физиологии человека и животных М. 19991г.

  4. В. Флинин, В. Фомин. Возрастные основы физического воспитания. М. 1972г.

  5. Физиология человека. Медицина 2001г. 607 стр.

  6. Физиология человека. В. Смирнова М. Мед. 2001г. 668 стр.

  7. Физиология человека. В.М. Покровскии 2 том. М. Мед. 2001 г.



ОБСӨЖ № 36

ОБСӨЖ тақырыбы: Тыныс алу биомеханикасы.
ОБСӨЖ жоспары:

1. Тыныс алудың оттекті құны.

2. Ағзадағы тыныс алу мен тасымалдануы.
ОБСӨЖ мақсаты: Тыныс алу биомеханикасының ерекшеліктерімен және олардың кезеңдерімен таныстыру.
ОБСӨЖ мәтіні: Тыныс алу механизмі алма кезек ауысып отыратын дем алу және дем шыгару кезендерінен түрады. Тыныс алудың мүңдай түрі тыныс аппаратында жоғары ьглғалдьгқ сақтау мүқтаждығынан туған, себебі ауаның қүрғақтығы газ алмасу процесін шектейтін фактордың бірі. Осымен байланысты адам мен жоғары сатыдағы жануарларда газ ал-масу беткейі сыртқы ортамен жанаспай, дененің ішіңде орналасады.

Окпе альвеолары кокірек қуысы қимылдарының арқасында желдетіледі. Дем алу (инспирация) арнаулы тьшыс аддыратьш етгердің -инспираторлардьщ (кок ет, сыртқы қабырға аральгқ еттер, шеміршек аралық еттер, қабырға котергіш еттер, тос - бүғаналық еміздікше еттер т.б.) жиырылуының арқасында кокірек қуысының ені мен түрқының кеңеюінің әсерінен жүреді. Аталған еттердің жиырылуы-ның саддарынан қүрсақ ағзалары кейін (темен) ығысып, қабырғалар керіле көтеріледі. Кекірек қимылына сәйкес екпе де керіліп, оның ішіндегі ауа сиреп, қысым атмосфералық қысымнан сынап бағана-сымен 1—3 мм-ге темеңцейді де, сыртқы ортадан ауа екпеге сорыла-ды. Тыныс еттері босаңсыған кезде кокірек қуысы тарылып, екпедегі ауа сығьшады да, дем шығарылады. Дем шыққан соң аз уақытқа үзіліс (тыным) байқалады. Тыныс жиілеп, терендеген кезде дем шыгару (экспирация) арнаулы еттердің - экспираторлардьщжиырылуы арқасьш-да жүреді. Экспираторларга ішкі қабырға аралық еттер, сыртқы жене ортанғы сегізкоз еттері, қүрсақтың қиғаш және тік еттері т.б. жатады.

Тыныс алу процесін қамтамасыз ететін еттердің табиғатына бай-ланысты тыныс үш түрге (типке) белінеді.

1-көкіректік (костальдық) тыныс, тыныс алу механизмінде кекірек қуысы еттерінің - қабырға аралық еттердің, басымырақ қатысуымен сипатталады.

2-қурсақтық (абдоминалдық) тыныс, тыныс алу механизмінде қүрсақ еттерінің - кек еттің, басымырақ қатысуымен сипатталады.

3-аралас (косто-абдоминалдық) тыныста, тыныс алу процесінде аталған еттердің екі тобы да қатысады.

Көкіректік тыныс әйеддерге, қүрсақтық тыныс - ер адамдарға, ал аралас тыныс - жас өспірімдер мен малға тән. Дегенмен, организмнің физиологиялық күйіне байланысты тыныс түрі өзгеруі мүмкін. Көкірек қуысы кеңейсе өкпе керіліп, оның көлемі үлкейеді, ал ол тарылса - өкпе сығылып, колемі кішірейеді. Демек, окпе кокірек қуысына ілесіп, өз көлемін оның қимылдарына байланысты озгертіп отырады. Өкпенің осылай кәкірек қуысы қимыдцарьш қайталап оты-руының екі түрлі себебі бар. Біріншіден, өкпе көкірек қабырғасымен тікелей жанаспайды, олардьщ арасьшда плевраньщ астарлық (париет-талдық) жөне беткейлік (висцеральдық) жапырақшаларымен көмкерілген плевра аралық қуыс болады. Бүл қуыс алғашқы дем алумен байланысты пайда болады. Қүрсақтық даму кезеңінде өкпе іске қосылмайды. Үрықтың (іштолдің) тьшыс алу процесі серік (пла-цента) арқьшы жүреді. Кекірек қуысын өкпе мен жүрек толтырып жатады. Қүрсақтық даму кезеңі аяқталып, нөресте (тол) туылғаннан соң алғашқы тыныс алынған кезде инспираторлардың жиырылуы-ның саддарынан қабырғалар кетеріліп, олардың басы омыртқалар-дағы арнаулы ойыстарға бекиді. Осы кезден бастап кокірек қабырға-сы мен көкірек қуысында орналасқан жүрек пен өкпе арасында аз ғана қуыс пайда болады. Осы қуыстағы қысым атмосфералық қысым-нан с.б. 6-15 мм-ге кем, демек, қуыста теріс қысым қалыптасады. Сол себепті атмосфералық ауа өкпеге тек ішкі - альвеола, - жағынан әсер етеді, сырт жағынан оған қарсы әсер болмайды да, өкпе кекірек қимылына ілесе керіледі. Егер плевра, аралық қуысқа инъекциялық ине қадаса, онда оған атмосфералық ауа сорылады да (пневмото-ракс), қуыстағы қысым атмосфералық қысымға теңесіп, окпе семіп қалады (ателектаз), өкпенің қызметі тоқтайды. Екіншіден, өкпедегі серпімді үлпа элеменгтері және өкпе көпіршіктерінің беттік тарты-лысы оралымды күш тудырып, керілген екпенің бастапқы қалпына оралуын қамтамасыз етеді.



Бақылау сұрақтары

1. Экспираторлар деген не?

2. Аралас (косто-абдоминалдық) тыныс алу?

3. Қурсақтық (абдоминалдық) тыныс алу?

4. Көкіректік (костальдық) тыныс алу?
Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:


1.Х. Сәтпаева, Ж. Ніддібаева, Ә Өтепбергенов Адам физиологиясы. А. Білім 1995ж.

  1. Физиология человека Уч. Инс. Физ. Куль Н.В. Зимкина М. ФиС 1975г.

  2. Физиология мышечной деятельности Уч. Инс. Физ. Куль Я.М. Коца М. ФиС 1982г.

  3. В.Смирнов, В. Дубровский Физиология человека воспитания и спорта. М. 2002г.

  4. А. Солодков, Е. Сологуб Физиология человека. Уч. Инс. Физ. Куль М. 2001г.

  5. С. Ж. Бұғыбаева Адам физиолгиясы А. 2003ж.

  6. З. Алиакбараова Мектеп ижасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. А. 1993ж.

  7. С. Жұмабаев Жас ерекшеліктер физиологиясы. 1997ж.

  8. М. Матюшонок, Г.Г. Турик, А:А: Крюкова Балалармен жасөспірімдер физиологиясы және гигүиенасы. А. Мектеп. 1986ж.

Ќосымша:

  1. Физиология человека Уч.для мед. Инс. Медицина 1984г.

  2. Физиология человека. В. 4 томах. М. Мир, т.1,2. 1985г. Т. 3,4,5. 1986г.

  3. Общии курс физиологии человека и животных М. 19991г.

  4. В. Флинин, В. Фомин. Возрастные основы физического воспитания. М. 1972г.

  5. Физиология человека. Медицина 2001г. 607 стр.

  6. Физиология человека. В. Смирнова М. Мед. 2001г. 668 стр.

  7. Физиология человека. В.М. Покровскии 2 том. М. Мед. 2001 г.



ОБСӨЖ № 37

ОБСӨЖ тақырыбы: Тыныс алудың реттелуі.
ОБСӨЖ жоспары:

1. Тыныс алу орталығы және оның бөлімдері.

2. Тыныс алу орталығы қызметінің реттелуі.

ОБСӨЖ мақсаты: Тыныс алудың реттелуіне және оның жолдарына, қанның құрамының әсері мен қызметіне толық мәлімет беру.
ОБСӨЖ мәтіні: Тынысты реттеуде қанның газдық қүрамының маңызын Л. Фре-дерик айқас қан айналым жасаған тәжірибесімен дәлелдеген. Бүл тәжірибеде арнаулы операция арқылы екі иттің күре тамырлары мен ойыс веналары айқастырылып жалғастырьглады. Оның нәтижесінде бірінші иттің денесінен қан екінші иттің басына, ал екінші иттің денесінен - бірінші иттің басына баратын болады (15-сурет). Егер бірінші иттің кеңірдегін қысып, оны түншьгқтырса (асфиксия), екінші иттің тынысы жиілейді, ол ентіге бастайды (диспноэ). Оның себебі, түншықтырудың әсерінен бірінші иттің қанында С02 кебейіп (ги-перкапния), оттегі азаяды (гипоксвмия). Осындай қүрамды қан екінші иттің тыныс орталығына әсер етеді де, оның тынысы жиілейді, өкпенің желдетілуі күшейеді. Демек, екінші иттің қанында оттегі кобейіп, комір қышқыл газы азаяды. Бүл қан бірінші иттің басын қоректен-діретіндіктен, оның тьшыс орталығының қозғыштьіғы темендеп, ты-ныс сирейді, немесе тоқтайды. Сонымен оттегінің жетіспеуі және көмір қышқыл газының қаңда жиналуы тыныс орталығын қоздыра-тын факторлар болып табылады. Тыныс орталығының қозғьпптығы-на қандағы сутегі иондарының концентрациясы да әсер етеді.

Тыныс орталығы орталықтан тебетін нерв талшықтары арқылы жүлынның мотонейрондарымен байланысады. Жүлынның көкірек белігінің вентральды мүйізінде қабырғааралық еттердің, ал мойын бөлігінің 3-4 омыртқа деңгейінде кок еттің (диафрагма) қызметін ретгейтін нейрондар орналасады. Танау еттерінің жиырылуьш реттейтін нерв талшықтары беттік нерв қүрамында, комекей еттерінің қызметін реттейтін талшықтар - кезеген нерв қүрамында өтеді. Сондықтан жүлынды мойын мен кекірек бөліктерінің арасын ала қиса, қабырға-аралық еттердің жиырылуы тоқтап қалады да, көк еттің қызметі жалғаса береді. Оның себебі бүл жағдайда көк ет нервінің ядросы мен тыныс орталығы арасындағы байлаңыс үзілмейді. Ал жүлынды сопақша мидан бөліп тастаса, оңца тыныс тоқтап, организм түншы-ғып өледі. Бүл жағдайда танау мен кемекей еттері біраз уақыт әрекет ете береді, себебі олардың қызметін реттейтін нервтер тікелей сопақ-ша мидан басталады.

Оттегі қан арқылы гемоглобинмен қосьглыс түрінде (оксигемог-лобин - Нв02) тасымалданады. Қалыпты жағдайда 1 г гемоглобин 1,34 мл оттегіні қосып алады. Отгегімен қаныққан 100 мл қандағы оттегі мөлшері қанның оттектік сиымдылыгы деп аталады. Қанның оттегімен қанығу деңгейі тек гемоглобин мөлшеріне ғана емес, оттегінің үлес қысымының деңгейіне байланысты да өзгереді. Оттегінің үлес қысымы төмен болса, оксигемоглобин баяу өрі аз мөлшерде түзеледі. Қысым с.б. 10 мм-ге жеткенде гемоглобиннің 55 пайызы, 62 мм-ге кеткенде - 90 пайызы, ал 100- мм-ге жеткенде - 96 пайызы оксигемоглобинге айналады. Қалыпты жағдайда артерия қанындағы оттегінің үлес қысымы с.б. 95-110 мм тең, демек қан-дағы барлық гемоглобин оксигемоглобин түрінде болады. Жоғары-да келтірілген деректер оттегінің меншікті қысымының 60-100 мм аралығында ауытқуы түзілген оксигемоглобин мөлшерін онша көп өзгерте қоймайтынын байқатады. Осының нөтижесінде атмосфе-рада оттегінің мөлшері 10 пайызға төмендегеннің өзінде тыныс айтарлықтай бүзылмайды.

Тыныс алу процесіне қатысатын екінші газ - көмір қышқыл га-зының тек қана 2,7 көлем пайызы еріген күйде, 4-5 көлем пайызы гемоглобинмен қосылыс түрінде (НвС02) тасымадданады да, негізгі бөлігі бикарбонаттарға айналады. Қанда еріген көмір қышқыл газы тыныс алу жөне қан айналым процестерін реттеуде, капиллярлардағы зат алмасу процестерінде зор рөл атқарады.


Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:


1.Х. Сәтпаева, Ж. Ніддібаева, Ә Өтепбергенов Адам физиологиясы. А. Білім 1995ж.

  1. Физиология человека Уч. Инс. Физ. Куль Н.В. Зимкина М. ФиС 1975г.

  2. Физиология мышечной деятельности Уч. Инс. Физ. Куль Я.М. Коца М. ФиС 1982г.

  3. В.Смирнов, В. Дубровский Физиология человека воспитания и спорта. М. 2002г.

  4. А. Солодков, Е. Сологуб Физиология человека. Уч. Инс. Физ. Куль М. 2001г.

  5. С. Ж. Бұғыбаева Адам физиолгиясы А. 2003ж.

  6. З. Алиакбараова Мектеп ижасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. А. 1993ж.

  7. С. Жұмабаев Жас ерекшеліктер физиологиясы. 1997ж.

  8. М. Матюшонок, Г.Г. Турик, А:А: Крюкова Балалармен жасөспірімдер физиологиясы және гигүиенасы. А. Мектеп. 1986ж.

Ќосымша:

  1. Физиология человека Уч.для мед. Инс. Медицина 1984г.

  2. Физиология человека. В. 4 томах. М. Мир, т.1,2. 1985г. Т. 3,4,5. 1986г.

  3. Общии курс физиологии человека и животных М. 19991г.

  4. В. Флинин, В. Фомин. Возрастные основы физического воспитания. М. 1972г.

  5. Физиология человека. Медицина 2001г. 607 стр.

  6. Физиология человека. В. Смирнова М. Мед. 2001г. 668 стр.

  7. Физиология человека. В.М. Покровскии 2 том. М. Мед. 2001 г.



ОБСӨЖ № 38

ОБСӨЖ тақырыбы: Ас қорыту процестерінің жалпы сипаттамасы. Ас қорыту, сыртқа шығару және олардың жас ерекшеліктері.
ОБСӨЖ жоспары:

1. Ас қорыту физиологиясын зерттеуде И.П. Павловтың еңбектері.

2. Ас қорыту жолының әртүрлі бөлімдері.

3.Ас қорыту жүйесі

4.Ас қорыту туралы жалпы түсінік.

5.Ас қорыту органдарының құрылысы және қызметі.
ОБСӨЖ мақсаты: Ас қорыту процестерінің жалпы сипаттамасына. Ас қорыту, сыртқа шығару және олардың жас ерекшеліктеріне толық мәлімет беру.
ОБСӨЖ мәтіні: Ас қорыту деп – сыртқы ортадан организм қабылдаған қоректік заттардың күрделі қосылыстарын денеге жеңіл сіңетін қарапайым қосылыстарға айналуын қамтамасыз ететін физиологиялық процестер жиынтығын айтады.

Адам мен жануарлар ас қорыту жүйесі арқылы қуысынан басталып, тік ішекпен бітеді де, ұзына бойынша бірнеше рет кеңейіп-тарылып отырады. әшкі жағынан ас қорыту жолы кілегей қабықпен қапталып, онда ас қорыту бездерінің өзектері ашылады. әр без құрамы белгілі бір шекте өзгеріп отыратын, өзіндік қасиеті бар сөл бөледі. Бұл сөлдердің құрамында ас қорыту процесін шапшаңдататын ерекше биологиялық катализаторлар-ферменттер болады.

Ас қорыту жүйесі шартты түрде алдыңғы, ортаңғы және соңғы бөлімдерге бөлінеді. Алдыңғы бөлімге ауыз қуысы мен оның қосалқы мүшелері, жұтқыншақ, өңеш; ортаңғы бөлімге – қарын мен ащы ішек, ал соңғы бөлікке – тоқ ішек жатады. Ас қорыту жүйесіне сонымен қатар сілекей бездері, ұйқы безі, бауыр да қосылады.

Тамақтың құрамындағы алдын-ала өңделмейінше ас қорыту мүшелерінен қанға өте алмайтын заттар болады. Тамақ физикалық (ұсақтану, үгілу, сілекеймен шылану, еру) және химиялық қорытулар өзгеруге ұшырайды. Тамақ өтетін жол ас қорыту жолы да. Адамдарда өңеш ұзындығы 6-8 м. Ас қорыту жолының негізінен біріңғай сапалы еттерден тұратын қабырғасын ішкі жағынан кілегейлі қабық астарлап жатады. Оның клеткалары кілегей жасап шығарады. Тамақ ауызда қорытыла бастайды: мұнда ол сілекеймен шыланып, тіспен ұсақталады.

Ас қорыту жүйесі ұзын түтік тәрізді олар организммен сыртқы орта арасындағы зат алмасу жұмысын атқарады.

Ас қорыту мүшесінің тістен басқа бөліктерінің ішкі қуыс сүйексіз негізінен 3 қабаттан тұрады.



  1. кілегейлі немесе ішкі қабат барлық ас қорыту жолының ішкі бетін қаптап жатады. Бұның өзі эпителий, бұлшық етті және кілегей асты қабатынан тұрады.

  2. Бұлшық ет қабаты кілегей мен сір қабатының аралығында орналасқан. Ас қорыту мүшесінің бұлшық ет қабаты 2 түрлі. Ішкі бөлігі сақина тәрізді сыртқы бөлігі ұзын бұлшық ет талшықтарынан құралған.

  3. Сір немесе сыртқы қабаты. Асқазан, аш ішек және тоқ ішектің көп бөлігін қаптап жатады. Сір қабаттар ішкі мүшелері жан жағынан орап керіп тұратын ішперде деген жылтыр затқа ұласып кетеді.

Ас қорыту жүйесі мүшелері бірнеше күрделі қызмет атқарады. Олар секрециялау (сөл бөлу), қимылдау (моторлық), сіңіру, бөлу (экскрециялау) және инкрециялау (биологиялық белсенді заттар-гормондар бөлу) қызметтері.

Секрециялау қызметі ас қорыту жолына түрлі сөлдер бөлетін бездердің жұмысына байланысты. Мысалы, сілекей безі, сілекей, қарын безі – қарын сөлі мен шырыш, ұйқы безі – ұйқы безі сөлін, бауыр-өт, ішек бездері – ішек сөлін бөледі. Ас қорыту сөлдері организм қабылдаған қоректі бөктіріп, құрамындағы ферменттердің, қышқылдардың, сілтілердің әсерімен оларды қорытады, ыдыратады.

Ас қорыту жолдарының қимылдау қызметі қарын мен ішек қабырғаларындағы етті қабаттың әрекетіне байланысты. Бұл еттің жиырылып босаңсуы қабылданған қоректің шайқалып, ас қорыту сөлдерімен жақсы араласуына ас қорыту жолымен жылжуына мүмкіндік береді.

Ас қорыту жолының сіңіру қызметі оның кілегей қабығының құрылымдық және қызмет ерекшеліктеріне байланысты. Кілегей қабық ерекше биологялық мембрана қызметін атқарып, ішек – қарын қуысынан қан мен лимфаға судың, минералды тұздардың, дәрмен-дәрілердің және белоктардың, көмірсулардың, майлардың ыдырау өнімдерінің өтуін реттеп отырады.

Ас қорыту мүшелері организмге қажетсіз кейбір заттарды бөлу (экскрециялау) процесіне де қатысады. Олар қан құрамынан өз қуысына зат алмасу кезінде түзілген қажетсіз өнімдерді өткізіп, денеден бөліп шығаруға жәрдемдеседі. Ішек-қарын қуысына зат алмасу өнімдері түрлі сөлдер құрамында немесе транссудация процесі нәтижесінде бөлінеді.

Ас қорыту мүшесіне инкрециялау қызметі де тән. Ішек-қарын жолының кілегейлі қабығындағы арнаулы эндокриндік торшалар түрлі биологиялық белсенді полипептидтер бөледі. Олар осы жүйенің қимылдау, секрециялау және басқа да қызметтерін реттеуге қатысады.


Глоссарий:

1. моторлық

2. экскреция

3.дистантты

4. эктодерма

5.ферментум

Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:


1.Х. Сәтпаева, Ж. Ніддібаева, Ә Өтепбергенов Адам физиологиясы. А. Білім 1995ж.

  1. Физиология человека Уч. Инс. Физ. Куль Н.В. Зимкина М. ФиС 1975г.

  2. Физиология мышечной деятельности Уч. Инс. Физ. Куль Я.М. Коца М. ФиС 1982г.

  3. В.Смирнов, В. Дубровский Физиология человека воспитания и спорта. М. 2002г.

  4. А. Солодков, Е. Сологуб Физиология человека. Уч. Инс. Физ. Куль М. 2001г.

  5. С. Ж. Бұғыбаева Адам физиолгиясы А. 2003ж.

  6. З. Алиакбараова Мектеп ижасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. А. 1993ж.

  7. С. Жұмабаев Жас ерекшеліктер физиологиясы. 1997ж.

  8. М. Матюшонок, Г.Г. Турик, А:А: Крюкова Балалармен жасөспірімдер физиологиясы және гигүиенасы. А. Мектеп. 1986ж.

Ќосымша:

  1. Физиология человека Уч.для мед. Инс. Медицина 1984г.

  2. Физиология человека. В. 4 томах. М. Мир, т.1,2. 1985г. Т. 3,4,5. 1986г.

  3. Общии курс физиологии человека и животных М. 19991г.

  4. В. Флинин, В. Фомин. Возрастные основы физического воспитания. М. 1972г.

  5. Физиология человека. Медицина 2001г. 607 стр.

  6. Физиология человека. В. Смирнова М. Мед. 2001г. 668 стр.

  7. Физиология человека. В.М. Покровскии 2 том. М. Мед. 2001 г.



ОБСӨЖ № 39.

ОБСӨЖ тақырыбы: Асқазан. Ас қорыту процестерінің жалпы сипаттамасы.
ОБСӨЖ жоспары:

1. Ішек жолының секреторлы, қышқыл түзу және қимыл қызметтері.

2. АІЖ –ң гормональды қызметі.

3.Ас қорыту органдарының түрлері: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке ішек, жуан ішек, тік ішек.

4.Ас қорыту жолындағы сіңіру процесі: майлар, көмірсулар, витаминдер және минерал компоненттерінің сіңуі.

5.Сіңу теориясы.


ОБСӨЖ мақсаты: Асқазан құрылысы мен маңыздылығымен. Ас қорыту процестерінің жалпы сипаттамасына толық мәлімет беру.
ОБСӨЖ мәтіні: Ас қорыту жолына түскен қоректік заттар механикалық, химиялық және биологиялық өңдеуге ұшырайды. Механикалық өңдеу шайнау аппараты (тіс, жақ) арқылы ауыз қуысынан басталады.

Химиялық өңдеу ас қорыту жолы сөлдерінің әсерімен атқарылады.

Ас қорыту жолында қоректік заттар түрлі микроорганизмдер ферменттерінің әсерімен биологиялық өңдеу деп өтеді.

Ас қорыту жүйесінің айтарлықтай көлемді алдыңғы бөлімдерінде және ішектің кеңіген соңғы бөлімдерінде алуан түрлі микроорганизмдер өздеріне қолайлы жағдай тауып тез көбейтіп өседі де, қоректі тездетіп ыдыратуға көмектеседі.

Ас қорыту жүйесінің алдыңғы бөлімі оның қабырғалары сүйекті негізден, ал басқа бөлігі бұлшық еттерден құралады. Ауыздың кіреберісі деп тіс, қызыл иек және ерін мен ұрт аралығындағы саңылау қуысты айтамыз. Нағыз ауыз қуысы тіспен қызыл иектің ішкі жағында тіл толық орналасып жатқан бөлікті қамтиды.

Жұтқыншақ мойын омыртқаның алдында орналасқан. Ол ауыз қуысымен, өңешпен, мұрын қуысын көмекеймен жалғастырып мойын тұсынан бас сүйектің негізінен басталады да, төртінші мойын омыртқаның тұсынан өңешке жалғасады. Жұтқыншақ пен омыртқа жотасының аралығында болбыр дәнекер ұлпаға толы кеңірдек болады. Ол жұтқыншақ пен өңештің тағам жұтқан кезде кеңеюіне жағдай жасайды. Жұтқыншақ мұрын, ауыз және көмекей қуысымен шектеліп жатуына байланысты мойын, ауыз және көмекей бөлііімдерінде бөлінеді.

Өңеш. Жұтқыншақ пен қарынды байланыстыратын етті түтік төртінші мойын омыртқасынан басталып көмекей мен кеңірдектің артқы жағымен жүріп отырып көкірек тұсында қалқа тамырдың артымен диафрагмадан өтіп он бірінші көкірек омыртқа тұсынға қарынға жалғасады.

Асқазан ас қорыту жүйесінің ең кеңейген бөлімі. Асқазан кіреберіс шығаберіс және дене деп аталатын 3 бөліктен тұрады. Асқазан өңешпен жалғасқан жерде диафрагмаға қарын байламдары арқылы, ал артынан құрсақ қабатына бекиді де қалған бөліктері бос болады. Сыйымдылығы орташа есеппен 3 литр, ұзындығы 25-30 см, ені 12-24 см.

Асты сіңіру. Ауызға түскен асты сіңіру зат алмасуы мен ас қорыту процестерінің маңызды кезеңдерінің бірі. Астың сіңуімен ас қорыту аяқталады. Ас сіңіру дегеніміз – гидролиз өнімдерінің ішек қарыннан қанға не лимфаға өтуі.

Ас сіңіру процесінің қарқыны ішек-қарын бөлімдерінде бірдей емес, біріншіден, ішек-қарын құрылысы, оның әр бөлімінде әр түрлі, екіншіден, астың жылжуы (кідіруі) әр бөлімде әркелкі, үшіншіден, сіңуге даяр гидролиз өнімдері кейбір бөлімдерде тым аз, жеткіліксіз.

Ас негізінен аш ішек пен мықын ішекте сіңеді. Мұнда тағам гидролизі аяқталып, көптеген суда еритін ішек мембранасынан өте алатын заттар пайда болады және олар ішекте 10-12 сағаттай кідіреді. Ішектің шырышты қабығының құрылысындағы ерекшеліктерге байланысты ішек түтігіндегі заттар мен оның қабырғасы беттеседі де сіңіру алаңы ұлғая түседі. Сондықтан аш (мықын) ішекті ас сіңуге бейімделген ағза деуге болады.

Көмірсулардың сіңуі. Көмірсулар гидролизі нәтижесінде пайда болған моно сахаридтердің (глюкоза, фруктоза, галактоза, пентоза) 90% қанға сіңеді. әсіресе глюкоза мен галактоза тез сіңеді. Олар эпителиоциттердің апикальдық жағынан белсенді түрде тасымалданатын иондардың қатысымен сіңеді.

Көмірсулардың сіңуіне көптеген фактор әсер етеді. Олардың сіңуі айталық кейбір амин қышқылдарына, АТФ-тың мөлшеріне тотығу процесінің әлсіз күштілігіне, ішектегі моносахарид мөлшеріне басқа да қоректік заттардың гидролиздік өнімдеріне, тағам түріне тәуелді.

Майдың сіңуі. Май ішекте өттің әсерімен ұсақ тамшы бөлшектерге бөлінеді де, одан әрі липазаның қатысуымен глицерин мен май қышқылдарына ыдырайды. Осы өнімдер түрінде майдың 40%, үшглицерид түрінде 10% денеге сіңеді.


Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:


  1. Х. Сәтпаева, Ж. Ніддібаева, Ә Өтепбергенов Адам физиологиясы. А. Білім 1995ж.

  2. Физиология человека Уч. Инс. Физ. Куль Н.В. Зимкина М. ФиС 1975г.

  3. Физиология мышечной деятельности Уч. Инс. Физ. Куль Я.М. Коца М. ФиС 1982г.

  4. В.Смирнов, В. Дубровский Физиология человека воспитания и спорта. М. 2002г.

  5. А. Солодков, Е. Сологуб Физиология человека. Уч. Инс. Физ. Куль М. 2001г.

  6. С. Ж. Бұғыбаева Адам физиолгиясы А. 2003ж.

  7. З. Алиакбараова Мектеп ижасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. А. 1993ж.

  8. С. Жұмабаев Жас ерекшеліктер физиологиясы. 1997ж.

  9. М. Матюшонок, Г.Г. Турик, А:А: Крюкова Балалармен жасөспірімдер физиологиясы және гигүиенасы. А. Мектеп. 1986ж.

Ќосымша:

  1. Физиология человека Уч.для мед. Инс. Медицина 1984г.

  2. Физиология человека. В. 4 томах. М. Мир, т.1,2. 1985г. Т. 3,4,5. 1986г.

  3. Общии курс физиологии человека и животных М. 19991г.

  4. В. Флинин, В. Фомин. Возрастные основы физического воспитания. М. 1972г.

  5. Физиология человека. Медицина 2001г. 607 стр.

  6. Физиология человека. В. Смирнова М. Мед. 2001г. 668 стр.

  7. Физиология человека. В.М. Покровскии 2 том. М. Мед. 2001 г.



ОБСӨЖ № 40.

ОБСӨЖ тақырыбы: Зат және қуат алмасудың өзара байланысы.
ОБСӨЖ жоспары:

1. Ассимиляция және диссимиляция

2. Ағза үшін белоктардың маңызы.
ОБСӨЖ мақсаты: Заттың мөлшерімен және қуат алмасудың маңыздылығымен, өзара байланысының ерекшеліктерімен таныстыру.
ОБСӨЖ мәтіні: "3ат алмасуынсыз тіршілік жоқ" деп бекер айтылмаған. Зат алмасу - өте күрделі процесс) Мүны түсіну үшін тамақтық заттардың денеге түсуінен бастап, олардың организмде өтетін барлық өзгерістсрін және бұдан соң пайда болган ыдырау өнімдерінің сыртқа шығарылуы процестеріне дейін білу қажет.

Тамақ ауызга түскеннен бастап, ас қорыту каналының әр түрлі бөлімдерінде физикалық жөне химиялық процестерге ұшырайтыны, демек ас қорыту процесі жүретіндігі белгілі. Бұл -зат алмасудың бастапқы кезеңі. Екінші кезеңде сіңу процесі жүреді, ягни қорытылудан пайда болған өнімдер қанға, лимфаға, ткань сүйықтығына өтеді. Бұл процесс ішектің кілегей қабығы өсінділерінің немесе бүрлерінің көмегімен іске асады. Үшінші кезеңі - клетка ішіңдегі алмасу деп аталады. Атына сөйкес, ішкі ортадан - қан, лимфа, ткань сүйықтығынан клеткаға өткен тамақ өнімдері сол клетканың ішінде күрделі өзгерістерге ұшырайды. Соның нәтижесінде, клеткаға керек жаңа күрделі органикалық заттар түзіледі, екінші жағынан басқа бір күрделі эаттар ыдырап жатады. Бұлардың іске асуыңда оттегі қатысуының зор маңызы бар. Зат алмасудың ең соңғы, төртінші кезеңі - клетка ішіндегі алмасудан пайда болған ыдырау өнімдерінің әр түрлі органдардың қатысуымен сыртқа шығарылуы.

Тұтас организмнің өзінде де бір органға келетін және одан шығатын қан тамырларына фистула қою арқылы келетін қан мен шығатын қанның құрамын анықтап, алынган мәліметтерді салыстыра отырып, органда жүретін өзгерістер туралы түсінік алуға болады. Қазіргі кезде аралық алмасу процесінің барысыңда жүретін түрлі физиологиялық процестерді зерттеу үшін таңбаланған атомдар әдісін көп пайдаланады. Бұл жағдайда заттың бір атомы өзінің изотопымен алмастырылады. Атом изотопы ол заттың химиялық қасиеттерін өзгертпейді, ал өзінің физикалық қасиеті арқылы тиісті құралдармен оңай табылады. Осы атом иэотопы қай заттың құрамында екенін мезгіл-мезгіл анықтай отырып, денеге түскен алғашқы заттың тағдыры туралы мағлүмат алады.

Ас қорытудың физиологиясын өткенде ас заттарының ыдырауына көмектесетін ерекше активаторлар - ферменттер -туралы біраз түсінік берілген еді.

Зат алмасу физиологиясында сол ферменттер туралы ұғымды кеңейту керск. Ең аддымен, ферменттердің тек ас қорыту каналыңдағы күрделі органикалық затгарды ыдыратуға ғана қатысып қоймайтындыгын еске салу керек. Аралық алмасу кезіндегі толып жатқан биохимиялық реакциялардың жүруіңде ферменттер шешуші рөл атқарады. Сол себептен де, химиядагы кәдімгі катализаторлардан өзгеше, ферменттерді биологиялық катализаторлар деп атайды. Әдеттегі химиялық катализаторлар терізді ферменттер де тиісті бір ғана биохимиялық реакцияны тездетеді, реакцияның ақырғы өнімінің құрамына кірмейді, көпшілік жағдайда аралық өнімдермен уақытша қосылыс түзіп; оларды активтендірс түседі. Бұл қасиеттері жағынан ферменттер кәдімгі химиялық катализаторларға ұқсайды, ал оларды бір-бірнен аяыратын сапалы өзгешеліктер де бар. Мысалы, ферментер үлкен, жоғары молекулалы белоктарға жатады және шеретура мен орта реакциясына тікелей тәуелді әрекет етеді, Анатса оңай бұзылып кетеді. Бір көңіл аударатын жай, ферменттердің күрделілігі әртүрлі: біреулерінің молекуласы тек Белок молекулалардан ғана тұрады да протеиндер деп аталады. Ал ферменттердің көбісі күрделі белоктарға - протеидтерге жатады; себебі, олардың құрамында әрі белокты, әрі төменгі молекулалы белоксыз активті топ деп аталатын бөлігі болады. Әрбір ферменттің өз бойына тән негізгі ерекшеліктері оның белокты бвлімінің қасиеттеріне байланысты болып келеді. Сол себептен әртүрлі ферменттерде кейде бір түрлі активті топ болғанымен, белокты бөлімдері бір-біріне ұқсамайтындықтан олар түрліше биохимиялық реакцияларға өсер етеді. Ферменттердің қатысуымен жүретін биохимиялық реакциялардың өте көп екенін жоғарыда айтып кеттік. Ал осылардың ішінде ферменттердің көпшілігі күрделі органикалық заттарды судың қатысуымен ыдыратады немесе синтездейді, сол себептен оларды гидролазалар деп атайды. Кейбіреуінде мұндай процестер - фосфор қышқылы қатысуымен жүретіндіктен - фосфорилазалар деп аталады. Десмолозалар деп аталатын ферменттер екі қатар жатқан көміртегі атомдарының арасындагы байланысты сырттан басқа зат қоспай-ақ байланыстыра да алады және байланысты ұзе де алады декарбоксилаза, альдолаза т.б.
Бақылау сұрақтары:

1. Десмолозалар деп нені айтамыз?

2. Гидролазалар дегеніміз не?

3. Фосфорилазалар дегеніміз не?

4. Таңбаланған атомдар әдісі?

5. Биологиялық катализаторлар?
Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:


1.Х. Сәтпаева, Ж. Ніддібаева, Ә Өтепбергенов Адам физиологиясы. А. Білім 1995ж.

  1. Физиология человека Уч. Инс. Физ. Куль Н.В. Зимкина М. ФиС 1975г.

  2. Физиология мышечной деятельности Уч. Инс. Физ. Куль Я.М. Коца М. ФиС 1982г.

  3. В.Смирнов, В. Дубровский Физиология человека воспитания и спорта. М. 2002г.

  4. А. Солодков, Е. Сологуб Физиология человека. Уч. Инс. Физ. Куль М. 2001г.

  5. С. Ж. Бұғыбаева Адам физиолгиясы А. 2003ж.

  6. З. Алиакбараова Мектеп ижасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. А. 1993ж.

  7. С. Жұмабаев Жас ерекшеліктер физиологиясы. 1997ж.

  8. М. Матюшонок, Г.Г. Турик, А:А: Крюкова Балалармен жасөспірімдер физиологиясы және гигүиенасы. А. Мектеп. 1986ж.

Ќосымша:

  1. Физиология человека Уч.для мед. Инс. Медицина 1984г.

  2. Физиология человека. В. 4 томах. М. Мир, т.1,2. 1985г. Т. 3,4,5. 1986г.

  3. Общии курс физиологии человека и животных М. 19991г.

  4. В. Флинин, В. Фомин. Возрастные основы физического воспитания. М. 1972г.

  5. Физиология человека. Медицина 2001г. 607 стр.

  6. Физиология человека. В. Смирнова М. Мед. 2001г. 668 стр.

  7. Физиология человека. В.М. Покровскии 2 том. М. Мед. 2001 г.



ОБСӨЖ № 41.

ОБСӨЖ тақырыбы: Ағзаның температуралы гомеостазы және жылу балансы туралы түсінік. Сыртқа шығару процестерінің жалпы сипаттамасы.
ОБСӨЖ жоспары :

  1. Бүйрек және оның құрлысы.

  2. Бүйректің қызметі.

  3. Сыртқа шығару процесі.

  4. Зат алмасу процесінің соңғы өнімдері.

  5. Несептің шығарылуы.

  6. Несеп құрамы немесе қасиеті.

  7. Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі.

8. Жылу өндіру механизмдері.

9. Жылу беру механизмдері.


ОБСӨЖ мақсаты: Ағзаның температуралы гомеостазы және жылу балансы туралы түсінік. Сыртқа шығару процестерінің жалпы сипаттамасы.
ОБСӨЖ мәтіні: Бүйрек және оның құрлысы.

Бүйрек (Грекше перһrоs)—құрсақ қуысында 1-2 бел омыртқа түсында орналасқан жүп безді мүше. Бүйрек құрсақ қуысының артын ала, ішперденің сыртында байламдарға байланып, жоғарғы жақтары бір-біріне шамалы жақын орналасады. Бауыр қысымында болгандықтан, оң бүйрек сол бүйрекке қарағанда жарты омыртқадай төмен орналасады. Бұйректердің артқы беттері көк ет етегімен және белдегі шаршы бүлшық еттермен, ал алдынан тоқ ішектің өрлеме және төмендеуші бөліктерімен шектеледі. Бүйректің орны жас және жыныс ерекшеліктеріне байланысты өзгереді. Олар әйелдерде -төмендеу, ал жаңа туылган кезде оданда төмен, жамбас сүйегіне тіреліп жатады. Бүйректің үзындыгы -12 см, ені-6 см, қалыңдығы-4 см, салмағы-120 г. Бүйрек сыртынан жүқа, бірақ тығыз талшықты қабықпен қапталады. Екі бүйірі мен қақпа бойын май үлпа қаптап, бүйректің майлы қабын қүрайды. Ересектерде бүйректің беті-тегіс, ал нәрестеде бүдыр болып келеді.

Бүйректің жоғаргы және төменгі үшы, шеткі және ортаңгы жиегі, алдыңғы және артқы беттері болады.

Бүйректің шеткі жиегі дөңес, ортаңгы жиегі ойыс болып келеді.

Осы ойыс жағын оның қақпасы дейді.

Қақпадан артерия, жүйке кіреді, вена, сарысу тамырлары және зәрағар түтігі шығады.



Бүйректің қабаттары немесе орнықты үстайтын заттар.

Бүйректі сыртынан жүқа талшықты қабат қаптайды. Оның сыртында, әсіресе қақпа бойында және артқы бетіне таман бүйрек миының қабаты болатыны жоғарыда сөз етілді. Майлы қабаттың сыртында бүйректің шандыр қабығы бар, ол талшықты қабатпен байланысып, екі жапырақша түзеді.

Оның біреуі бүйректің алдында екіншісі артына қарай бағытталады. Бүйректің шеткі жиегінде екі жапырақша бір-бірімен бірігеді де іш перденің сыртында жалғасады. Ортаңғы жиек жағындағы екі жапырақшалар бірімен- бірі бірікпей, алдыңғы жапырақшасы бүйрек алдындагы тамырларға, қолқаға төменгі қуыс венага жалғасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет