Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
186
• жүйелі талдау және қорыту, талдап қорыту және салыстыру;
• тарихи-логикалық әдіс;
• педагогикалық үлгілеу (модельдеу);
• абстрактылыдан (дерексіздік) нақтылыға шығу;
• алынған ғылыми зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық талдау [2].
Ғылыми зерттеу процесі әдеби және мұражай мұрағаттарын, қызметтік құжаттарды талдауды,
зерттеу, нақтылы деректік материалдарды жинақтауды алдын-ала қарастырады.
Ғылыми жұмыстардың тақырыптарын таңдау, әдебиеттерді оқып, зерттеу, мәліметтерді тиянақты
жинақтау, оларды өңдеу және талдап, қорыту, эксперимент жасау және негізгі қорытындылар мен
ұсыныстарды қалыптастыру – ғылыми зерттеу жұмыстарының маңызды кезеңі.
Ең алдымен тақырып анықталады негізгі идея тұжырымдалады, оның өзектілігі негізделеді.
Одан әрі жұмысты жалғастыру үшін жоспар құрастырылып онда мына мәселелер қарастырылады:
қаралатын мәселелер жағдайы зерттеледі, зерттеу жүргізу, педагогикалық эксперименттер,
жекелеген нәтижелерді талдап, қорыту, материалдарды практикада іске асыру.
Мақаланың мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, зерттелген жұмыстың теориялық
және практикалық маңыздылығы, өзектілігі, ғылыми болжамдары, негізгі проблемалары ашып,
көрсетіледі. Одан әрі тақырыптың жан-жақтылығы туралы мағлұмат беретін материалдар
көздерін талдау жүргізіледі, зерттелмеген аспектілерді айқындайды және оларды қайта өңдеп,
дайындау мүмкіндеріне автордың көзқарасын, қатынасын көрсетеді. Зерттеу әдістері міндетті
түрде қарастырылады, жаңа және түп нұсқалық үлгідегі әдістемелер сипатталады. Мақалада
алға қойылған проблеманың мазмұнын ашады. Сәйкес келетін тарауда мәліметтер мен дәлелді
ақиқаттарды сипаттау келтіріледі, оларға талдау, басқа мәліметтермен салыстыру, сараптамалық
бағалау, белгіленген заңдылықтар мен дәлелді ақиқаттарға ғылыми негіздемеде жасалады.
Ғылыми еңбек мұқият редакциялаудан өткізіледі, сандық (цифрлық) мәліметтер, цитаттар (сөз
мәтінінен алынған үзінділер), жұмысда келтірілген фамилиялар салыстырылып, тексеріледі.
Ғылыми еңбектің ресімделуі газетке, жұрналға немесе ғылыми еңбектердің жинағына жіберілуіне
байланысты жүргізіледі.
Зерттеудің нәтижелері дене тәрбиесі бойынша оқу процесінде, ғылыми-практикалық және
теориялық конференцияларда, семинарларда, симпозиумдарда, арнайы және іскерлік ойындарда, сол
сияқты оқу құралдарында және ғылыми басылымдарда пайдаланылып, жүзеге асырылуы мүмкін.
Зерттеу жұмыстарын жүргізуден басқа, оқытушылар ғылыми семинар үйірмесі жұмыстарында
белсенді қатысады, өзінің педагогикалық қызметінде ғылыми жұмыстардың әдістерін үнемі
пайдаланады. Олар жүйелі түрде озық педагогикалық тәжірибелерді оқып, зерттейді, талдап,
тұжырымдайды және өз шығармашылығына ендіреді, еліміздің ғылымдағы дене мәдениеті мен
спорттық қозғалысындағы барлық жаңа дүниелерге қызығушылық танытады [3].
Суденттердің ғылыми жұмыстары басшылыққа алынатын құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Олардың ішіндегі барынша маңыздысы білім беру мекемелеріндегі ғылыми жұмыстарға соның
ішінде ең жақсы ғылыми жұмысқа, сол сияқты өте жақсы жүргізілетін ғылыми үйірмеге конкурс
жариялау туралы ереже болып табылады. Оларда ғылыми үйірмелер қызметінің мақсаттары мен
міндеттері, ғылыми жұмыстардың шарттары мен үдгілері және т.б. мазмұндалады.
Студенттердің ғылыми жұмыстарының сақсаты дене мәдениеті құралдарының жәрдемімен
мамандарды дайындаудың сапасын арттыруға ерікті және белсенділікпен көмектесу болып
табылады. Ғылыми жұмыстардың негізгі міндеттеріне мыналар жатады: танымның ғылыми
әдістерінің дағдыларын меңгеру; теориялық, ғылыми тәжірибелік және практикалық ғылыми
зерттеу жұмыстарын орындау кезінде студенттердің тәуелділіксіз дербес қызметін қалыптастыру.
Әртүрлі оқу пәндерінің (педагогика, психология, физиология, биохимия, биомеханика және
т.б.) дене мәдениетімен, спортпен, туризммен және кәсіпкерлікпен тығыз өзара әрекеттестіктегі
материалдарына талдау жасаудың маңызы өте зор.
Ғылыми білім дене мәдениетінің маңызды бөлімдерін барынша терең оқытып, зерттеуге
мүмкіндік туғызады.
Жекелеген ғылыми тақырыптарды өңдеп, дайындау, ғылыми баяндамаларды, мақалаларды,
рефераттарды жазу білім алушы студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарындағы біліктілігі мен
дағдыларын, ғылыми білімге деген қызығушылығын қалыптастырады.
Студенттердің ғылыми жұмыстарының ұйымдастыру бірлігі ықыласы, ынтасы бар студенттер
қабылданатын, дене мәдениеті және спорт кафедрасы жанындағы ғылыми үйірме болып табылады.
|