Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет224/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
187
Ғылыми туындаған өзекті мәселелерді талқылау оқу кезінде де сол сияқты оқудан тыс уақытта да 
жүргізіледі.
Дене мәдениеті және спорт кафедрасындағы ғылыми жұмыстардың негізгі үлгілері мыналар: 
ғылыми үйірме мәжілісінде жекелеген мәселелерді өңдеу, дайындауға және талқылауға қатысу; 
иницативалы (басты) тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулерді орындау; кафедралық 
мәжілістерде, студенттердің ғылыми-теориялық конференцияларында хабарлама жасау үшін 
баяндамалар жазу; әртүрлі басылымдарда ғылыми жұмыстарды жариялату; алынған нәтижелерді 
практикада пайдалану.
Үйірме мүшелері оқытушының орындайтын ғылыми тақырыбының жете өңделіп, зерттелуінде 
бірге орындаушы болуы мүмкін. Олардың арасынан барынша белсенділері жоғары оқу орындары 
арасындағы, республикалық ғылыми конференцияларға қатысады.
Ғылыми үйірменің жұмысын ұйымдастырудың міндетіне мына төмендегі мәселелер кіретін 
оқытушылар жүргізді: ғылыми үйірменің мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру және студенттерді 
ғылыми зерттеу қызметіне тарту; ғылыми зерттеудің тақырыбын анықтау; рефераттарды дайындауда 
көмек беру; үйірме мүшелерінің мәжілістерін ұйымдастыру; баяндамалардың мәтендерін басылымға 
ұсынылар алдында редакциялау (тексеріп, түзетулер ендіру).
Ғылыми үйірме мүшелерінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады: ғылыми жұмыстарды 
зерттеуде және талдауға белсене қатысу; басылымдарда жариялату үшін орындалған ғылыми 
жұмыстарды ұсыну.
Ғылыми жұмыстардың сапасын бағалау үшін мыналарды ескеріп, есепке алатын конкурстық 
(бәйге жариялау) комиссия тағайындалады: ғылыми зерттеу жұмысының өзектілігі, жаңалығы, 
түпнұсқалық санылығы және жаңа әдістемелердің саны; алынған материалдарды математикалық 
өңдеудің осы заманғы әдістерін пайдалану; мазмұндау үлгісінде (стилінде) логикалық, жүйелі 
бірізділік және айқындық; сыртын безендіру.
Конкурстық комиссия жыл сайын жоғары оқу орынының басшылығына ең жақсы ғылыми 
жұмысқа конкурстың нәтижесі туралы есеп береді, сол сияқты ерекшеленген студенттердің тізімін 
ұсынады. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау наградалары тәртіп бойынша университет ғылыми 
конференциясының қорытынды мәжілісінде немесе факультет студенттерінің жалпы жиналысында 
тапсырылады.
ЖОО бітірген соң, ғылыми жұмыстар бойынша тапсырмалар орындаған студенттер бастаған 
ғылыми жұмыстарын өз мамандығының магистратурасына түсіп одан әрі жалғастыруына болады.
Ғылыми үйірме – студенттердің ғылыми қызметінің негізгі ұйымдастыру бірлігі. Оған таңдауға 
және ізденіске бейімділігі бар, зерделі студенттер тартылады.
Ғылыми үйірмелердің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
• өз бетімен ғылыми ізденістің әдістемесі мен тәсілдерін оқытып, үйрету, ғылыми ұжымдардағы 
жұмыстардың дағдыларын қалыптастыру;
• шығармашылық ойлауды дамыту, оқытып, үйрету барысындағы алған білімдерін бекіту және 
тереңдету;
• танып білудің ғылыми әдістерін қолдану;
• теориялық, ғылыми тәжірибелік және практикалық зерттеулердің орындау дағдыларын 
қалыптастыру;
• ғылыми білімдерді түсіндіріп тарату;
• техникалық оқытып, үйрету құралдарын, қолданыстағы стендтерді, макеттерді және спорттық 
қондырғыларды дайындауда өнертапқыштық және рационализаторлық жұмыстарға қатысу;
• барынша дарынды студенттерді табу, олардың шығармашылық потенциалын ғылымдағы өзекті 
мәселелерді жүзеге асыру үшін пайдалану.
Студенттердің ғылыми жұмыстарына жалпы басшылық жасау дене тәрбие кафедрасының 
меңгерушісіне, сол сияқты кафедрадағы білікті ғалымдарға міндеттеледі. Ғылыми жұмыстардың 
негізгі формалары мыналар болып табылады:
• кафедраның жоспарлы ғылыми жұмыстарына қатысу;
• бастамашыл тақырыптар бойынша зерттеу жүргізу;
• практикалар кезеңінде тапсырмаларды орындау;
• ғылыми үйірме мәжілістерінде, ғылыми айтыстарда (диспуттарда) және т.б. дене мәдениеті 
мен спорттың өзекті мәселелерін талқылау;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет