№ 3 (106) 2015
47
Түйін сөздер: ЖОО-дағы оқыту үдерісі, интерактивті әдістер, психологиялық мүмкіндіктер, сауалнама
нәтижелері.
Қазіргі таңда басымдылықтар мен әлеуметтк құндылықтар ауысымы
өтіп жатқан жағдайда
оқыту үдерісі әрдайым жетілдіруді талап етеді. Сондықтан болашақ мамандарды дайындаудың
қазіргі жағдайында жоо-да оқыту стратегиясы мен тактикасын түбегейлі өзгертуді қажет етеді
[1]. Кез-келген білім беру ұйымдарында құзіреттілік пен ұтқырлық болашақ маманның басты
сипаттамасы болып табылады. Сондықтан оқу пәндерін меңгерту қарқындылығы білім алушының
белсенділігіне тәуелді болып келетін таным үдерісіне баса назар аударылады [2]. Бұл мақсатқа жету
тек ғана не меңгерілуіне (оқыту мазмұны) тәуелді емес, сонымен қатар, қалай меңгерілуіне: дара
немесе ұжыммен, авторитарлы немесе гуманистік жағдайға байланысты болып келеді.
Дүниежүзілік жаһандану жағдайларына байланысты елімізде жоғары мектептің
алдында болашақ
мамандардың бәсекеге қабілетті, құзіретті, ізгілікті, тұлғалық-бағдарлық
бағытқа бейімдеу
талабы тұр. Бұл талаптың өз деңгейінде орындалуы жоо-дағы оқыту үдерісінің ұйымдастырылу
мазмұнына тікелей байланысты. Осы орайда, болашақ мамандарды дайындауда жоо-дағы оқыту
үдерісінде интерактивті әдістерді пайдалануды психологиялық негіздеу маңызды мәселелердің бірі
болып табылады.
Бүгінгі күні мемлекет тарапынан білім беру саласындағы мамандарға қоғам сұранысы мен
қажеттілігін қанағаттандыру үшін барынша мүмкіндік жасалып отыр. Мұны педагог мамандарды
қайта даярлау мен біліктіліктерін арттыру жұмыстарының қарқынан байқауға болады. Сондықтан
жоо-да болашақ мамандарды даярлау бағытында оқытушылардың интерактивті әдістерді пайдалану
әлеуетін арттыру ерекше болып табылады. ЖОО-дағы оқыту үдерісінде оқытудың интерактивті
әдістерін тиімді пайдалану мәселесі өзекті болып отыр. Себебі, бүгінгі жоғары мектептегі оқу
үдерісін ұйымдастыруды әлемдік деңгейге жеткізу қажеттілігі туындап отырғаны белгілі.
ЖОО-да білім алуда интерактивті әдістерді пайдадану тиімді болып табылады.
Интерактивті
әдістердің мәні ептіліктер мен дағдылардың қалыптасуына бағытталады
[3;4]
. Интерактивті
әдістердің көрініс беруі мен дамуы білім алушылардың қойылған міндетке орай тек білімдерді
игеріп, кәсіби икемділіктері мен дағдылары қалыптастырып ғана қоймай, тұлғаның шығармашылық
және коммуникативтік қабілеттерінің
жетілуімен негізделеді
[5]
.
Жоғарыда айтылған мәселелерге орай, жоо
-да оқыту үдерісін ұйымдастыруда интерактивті
әдістердің психологиялық мүмкіндігін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеу жұмысының
нәтижесін ұсынуда жөн санап отырмыз. Ол үшін авторлық сауалнама құрылды. Төмендегі №1 су-
ретте оқытушылар көзқарасында оқыту үдерісінде интерактивті әдістерді
пайдалану тиімділігі
анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: