2.2. Табиғи ұрықтандыру түрлері
Ауыл шаруашылық малдарында табиғи ұрықтандырудың екі типі қынаптық және жатырлық қолданылады.
Табиғи ұрықтандырудың қынаптық тобына сиыр, саулық, ешкі жатады, олардың жатыры онша үлкен емес. Аталықтарында нашар дамыған қосалқы жыныс бездері бар, олар аз мөлшерінде шәует бөледі, бірақ ұрықтардың концентрациясы жоғары болады. Ұрықтың бөлінуі, әдетте аталықтың бір итеру қимылымен қынапта өтеді.
Бұл жағдайда ұрықтың жарты бөлігі жатыр мойынына түсуі мүмкін, ал қалғаны қынаптың қабырғаларына шашырайды. Аналық түткішелерінің үлкейіткішіне ұрықтар өздерінің жылжу қасиеттері, сонымен қатар жатырдың сорып жиырлуы арқылы жылжиды.
Табиғи ұрықтандырудың жатырлық тобына бие, мегежін жатады, оалрдың жатыры көлемді және мүйіздері ұзын болып келеді.
Айғыр мен қабан шағылыс кезінде көп мөлшерде /250 мл және 1 л/ шәует бөледі және олардың жыныс актілері ұзақ. Қосалқы жыныс бездері жақсы дамуына байланысты көп мөлшерде секрет бөлінеді, бірақ шәуетте ұрықтардың концентрациясы үлкен емес. Табиғи ұрықтану кезінде ұрық тікелей жатырға түседі. Қабанның жыныс мүшесінің басы бұранда тәрізді болғандықтан тікелей жатыр мойына кіреді сосын шағылыс кезінде ұрықтар жатырға құйылады, ал жатырдың ритмикалық жиырылуы ұрықтардың жылжуына ықпал жасайды.
Айғырдың жыныс мүшесі басының үлкен болуына байланысты жатыр мойынына кірмейді, бірақ жатыр мойынының тесігі зәр-жыныс жолының тесігімен сәйкес келеді, шағылыс кезінде ұрық жатырға құйылады.
Табиғи ұрықтандыру типтерін білу малдарды қолдан ұрықтандыру кезінде аналықтардың жыныс жолдарына ұрықты дұрыс енгізуін қамтамасыз етеді.
Қынаптық тобына жататын аналықтарға ұрықты жатыр мойынына, ал табиғи ұрықтандырудың жатырлық тобына жататын аналықтарға ұрықтандыру кезінде ұрықты тек жатырға жібереді.
2.3. Қолдан ұрықтандыру
И.И. Ивановтың (1899) қолдан ұрықтандыруды ауылшаруашылық малдарының жалпы сапасын жақсарту әдісі ретінде ұсынуы – малдарды қолға ұстау мен үйретуден кейінгі малшаруашылық саласында ең үлкен жаңалық. И.И. Иванов өзінің ұсынған әдісін қолдан ұрықтану деп атады, бірақ сол уақытта аналық клетканың ұрықтарсыз қолдан бөлінуінің тудыру әдісінің ашылуына байланысты осы түсініктемелерді ажырату қажеті туды. Кейіннен "табиғи және қолдан ұрықтандыру" немесе аналық клеткаға әсер ету жолымен ұрықты тудыру деген терминдер пайда болды.
Алғашқыда қолдан ұрықтандыру бедеулікті емдеу әдісі ретінде қолданылды. Сол уақыттың өзінде И.И. Иванов қолдан ұрықтандыру әдісін тек бедеуілікті емдеу саласынан шығарып кеңінен қолдану мүмкіндігін дәлелдеді.
Ғылым мен тәжірибе тарихында мал мамандарының алдында жоғарғы өнімді ауылшаруашылық мал тұқымдарын шығару мақсаты тұрды және тұрады да.
Қолдан ұрықтандыру әдістері жаңадан құс тұқымдарын шығару мен олардың ет, жұмыртқа, мамық өнімдерін жоғарлатуға мүмкіндік туғызады.
Ұрық. Ұрық - ұрық сұйығы (плазма) мен сперматозоидтардан тұратын лай түсті, жабысқақ, иісті, ақ сұрғылт зат. Бір шағылыс уақытында аталықтан алынған ұрықты шәует деп атайды.
Аталық малдардың шәуеттерінің көлемдері мен құрамдары олардың жыныс мүшелерінің және шағылыс сатыларының ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болады.
Айғырлар шәуетінің көлемі орта есеппен 50-100 мл, көп дегенде 600 мл, қабанда тиісінше 200-400 және 1000 мл, қошқарда – 1-2 және 3,5 мл, бұқада 4-5 және 15 мл, иттің аталығында 2 және 18 мл, әтеште 0,3 және 2 мл. Күрке тауық аталығында орташа шәует көлемі 0,255-0,4 мл аталық қазда 0,1-0,3 мл.
Малдың түріне байланысты ұрықтың концентрациясы да әртүрлі болады. Қынап тәсілімен ұрықтанылатын малдарда ұрықтың концентрациясы жатыр арқылы ұрықтанылатын малдарға қарағанда 5-10 есе жоғары болып келеді. Мысалы: 1 мл қошқар ұрығында 2,5-3,5 млрд, ал қабанның 1 мл ұрығында 0,15-0,21 млрд. ұрық болады.
Химиялық құрамы жағынан ұрық организмнің өте күрделі сұйықтығына жатады. Ұрықтың салмағы 90-98% шамасында судан, 2-10% құрғақ заттан тұрады. Құрғақ заттың 60%-ын белок құрйады. Ұрықтың негізгі құрамы - белок пен липидтер. Белоктың құрамына күкірті бар аминоқышқылдар кіреді. Ұрықтың липидтерінің ішінде бірінші орынды көп мөлшерде фосфоры бар лецитин алады. Фосфордың ұрықта өтетін биохимиялық процестерінде атқаратын маңызы өте зөр.
Қосымша секретінде калий тұзы, ал қосалқы жыныс бездерінің секреттерінде натрийдің тұзы басым болады.
Ұрықта күрделі органикалық қоспалар кездеседі: лактоцитоген, фосфаген, холестерин, несеп, холин, лимон қышқылы. Ұрықтың лимон қышқылының 3%-тен - 10%-ға дейіні аталық малдың жыныс гормонының әсерінен қосалқы жыныс бездерімен өндіріледі. Лимон қышқылының тұзы (цитраттар) ұрықтың аралық жүйесі болып табылады, сондықтан оған лимонды қышқыл натрийді қосқанда ол ұрықтардың өмір сүруін ұзартады.
Ұрықта гиалуронидаза, пероксидаза, каталаза, трипсин тағы да басқа ферменттер кездеседі, әрбір мал түрлерінің ұрықтарында ферменттердің концентрациясы қатты құбылады.
Ұрықта аскорбин қышқылы (витамин С), тиамин (В1), рибофлавин (В2), ретинол (А) тағы да басқа витаминдер табылады. Олардың саны малдардың түрлеріне байланысты өзгереді. Бұқаның ұрығында аскорбин қышқылы 14 мг%, қабанда 4 мг% болып табылған (Манн). Бұқаның ұрығында басқа витаминдер саны 0,089-дан 0,371 мг% аралығында ауытқиды.
Ұрықтың химиялық құрамында манызды орынды қант (әсіресе фруктоза) алады, өйткені ол ұрық энергиясының қайнар көзі болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |