Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет13/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   115
акушерство китап

1.7. Жыныс акті
Жыныс актісі (қосылу-coitus) - аталық малдың жыныс аппаратынан ұрықтарды және қосалқы жыныс бездерін шығуын, сосын олардың аналықтың жыныс жолдарына енуін қамтамасыз ететін, күрделі шартты және шартсыз рефлекстердің жиынтығы.
Осы процесс шартсыз және шартты рефлекстердің жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
Жыныс актісінің білінуі тікелей қоршаған ортадан, организмнің жағдайынан, жыныс рефлекстерінің көріну дәрежесінен және аталық пен аналық малдардың жүйке типіне байланысты.
Жыныс актісі келесі рефлекстерден тұрады: 1/ жыныс мүшесінің қатаюы, 2/ құшақтау /артылу/, 3/ қосылысу /жыныс мүшесін сарпайға енгізу/, 4/ эякуляция /шәует шығару/.
Барлық жыныстық рефлекстер шартсыз рефлекстерге жатады. Бірақ кейбір аталық мал түрлерінде шартсыз рефлекстерге шартты рефлекстер қосылады. Мысалы, айғырларда қолдан ұрықтандыру кезінде жүгеннен ұстауға шартты рефлекс пайда болады.
Шартсыз жыныстық рефлекстердің жиынтығы - жыныстық түйсік /инстинкт/ деп аталады бұл тарихи құрылған әрбір организм бағынатын биологиялық заң, жыныстық түйсік организмнің жыныстық жетілуімен бір уақытта байқалады, ол жыныс бездерінің және организмнің функциональдық жағдайына тікелей байланысты болады. Аналықтарда жыныстық түйсік фолликулдар жетілуі басталуымен, ал аталықтарда спермиогенездің басталуымен байқалады.
Жыныстық гормонның әсері жыныс жүйесімен қана шектелмейді, оның әсері барлық организмге жайылады. Мысалы, аталықтарды пішкенде оларда аналықтарға тән белгілер дамиды және керісінше. Жас аталықтарды пішкенде оларда жыныстық түйсіктің көрінуі тоқталады.
Жыныстық гормондарға организмнің реакциясы жыныстық құштарлық түрінде байқалады. Осының нәтижесінде ұрықтану процессі болады. Қосылу кезінде екі жыныстық жағынан әр түрлі малдардың жақындау, көру, есту, сезу секілді қабылдағыштары олардың жүйке жүйесін қоздырады жыныс актісінің рефлекстерінің пайда болуын қамтамасыз етеді. Қосылу тек табиғи ұрықтану кезінде қажет, ол қолдан ұрықтануда болмайды.
Өзінің функциясын орындау үшін тестикулдан өте қатты дамыған қан жүйесі бар қан тамырлары 3 есе жүректен, 7-есе ми, 9-есе ішек қарындағыдан көп, соның әсерінен аталық бездерінің жұмысына қолайлы жағдай және олардың барлық организмге эндокриндік әсеріне жағдай туады.
Аталық малдың жыныс актісі алдында және сол уақытта тахикардия байқалады. Шағылыс кезінде жүрек жиырылуының жүйелігі жоғарғы деңгейге жетеді және келесі денгейде ауытқиды: бұқада 132-225, айғырда 120-200, қабанда 153-244. Тамырдың соғуы шағылыстан кейін бірнеше минуттан соң әдеттегі қалпына келеді.
Аталықтың жыныс жүйесінің функциясы аналықтардағыдай принципте орталық жүйке жүйесі, гиполамус, гипофиз, тестикулдер арқылы нейрогуморальдық жолмен өтеді. Гипоталамустың (рилизинг-фактор, немесе гонадотропин-рилизинг гормон) нейросекреті гипофизді ФСГ және интерстициальды клеткаларды ынталандыратын гормон (ГСИК), аналықтарда ЛГЌ-деп аталатын гормонды бөлінуіне итереді. Аталық жыныс бездерінің тарамдалған каналдарына әсер етіп спермиогенезді қамтамасыз етеді ал ГСИК гландулоциттерді (лейдиг клеткалары) қоздырып андрогендердің секрециясын бөлгізеді. Гландулоциттермен бөлінген тестостерон белгілі деңгейге жеткенде гипоталамуспен бөлінетін рилизинг-фактор секрециясын әлсіретеді, бірақ оны толығымен тоқтатпайды. Соның нәтижесінде гипофизбен бөлінетін гонадоцитрон секрециясы төмендейді, ол тестостеронның пайда болуы азаюына және гипоталамус тежелуі әсерінің әлсіреуіне әкеледі. Соңғысы көп мөлшерде рилизинг фактор бөле бастайды және гипофиздың алдыңғы бөлігінің секрециясы ФСГ және ГСИК жоғарлайды, қайта андроген концентрациясы гипоталамуспен бөлінетін нейросекреті бөлінуін тежей бастағанша осының салдарынан қайтадан гипофизбен өндірілетін гонадотропты гормондар секрециясы төмендейді.
1. Жыныс мүшесінің қатаюы /рефлекс эрекции/ жыныс аппаратының, соның ішінде жыныс мүшесінің қанмен қатты толуы. Бұл рефлекстің физиологиялық маңызы - ол жыныс мүшесіне қаттылық беру сонымен қатар жыныс актісі әдеттегідей өтуге ықпал жасау. Жыныс мүшесінің қатаюы біртіндеп болады. Алдымен жыныс мүшесінінің дін үңгірлі денесінің кебуі басталады. Содан кейін қынапқа кіргеннен кейін ғана жыныс мүшесі басының каверналық денесі үлкейе бастайды.
Жыныс мүшесінің қатаюы динамикасы осы уақытқа дейін толығымен анықталған жоқ. Қазіргі уақытта жыныс мүшесінің қатаюын физиологиялық процесспен бағалайды, осы уақытта жыныс мүшесінің тамырларынан оның бірқалыптылық жағдайына қарағанда қан мөлшері бірнеше рет көп ағады.
Жыныс мүшесінің қатаюының көрінуіне импульстер бас ми қабығынан шығады, осыдан қозу, есту, көру, сезу қабылдағыштарының әсерінен қозу жұлынның құйымшақ бөлігінде орналасқан эрекция орталығына беріледі. Эрекция орталығынан импульстер жыныс органдарына бағытталып жыныс аппараттары бұлшық еттерінде және бұлшық ет қан тамырларында тиісті реакция тудырады.
2. Құшақтау артылу рефлексі - өндірушінің аналыққа секіріп, оны екі бүйрінен алдыңғы аяқтарымен құшақтау. Айғырмен қабанда бұл рефлекс жақсы байқалады, ал бұқа және қошқарда онша емес. Айғыр мен қабан тұлыпқа секіріп ұрық береді, ал бұқа және қошқар тұлыпқа секірмейді немесе өте сирек барады. Құшақтау рефлексімен бірге қосылу рефлексі көріне бастайды.
3. Қосылу /жыныс мүшесін сарпайға енгізу/-өндірушінің жыныс мүшесінің тері рецепторларының қынаптың кілегей қабығына үйкелегенде пайда болатын термиялық және механикалық тітіркендірулерді қабылдауға бағытталған реакциясы. Бұл көрініс өндірушінің итеру қимылдарынан тітіркеніп эякуляция процессін тудырады.
4. Эякуляция /шәует шығу/ - жыныс аппараты бұлшық еттерінің жиырылуы әсерінен ұрықтардың және қосалқы жыныс бездері секреттерінің аталықтың жыныс жүйесінен шығуы.
Эякуляция процесінде ен қосалқысының, ұрық жолының, зәр шығару жолының бұлшық еттері және қосалқы жыныс бездері қатысады. Бір шағылыс актісінде барлық бөлінген секрет көлемі эякуляция деп аталады.
Эякуляция ерекшелікті жалпы жүйкенің қозуымен (оргазм) өтеді. Бұл жұлынның бел бөлігінде орналасқан эякуляторлық орта тітіркенуінің нәтижесі. Осы процесске бел және жамбас жүйке иірімдері аумағынан иннервацияланатын органдар мен ұлпалар қатысады.
Эякуляция кезінде аталық жыныс аппаратының қосалқы жыныс бездері бірінен кейін біреуі, ең алдымен эрекциядан кейін - ұрықтардан бос бірнеше тамшы секрет бөлетін уретральдық бездер, сосын куперов бездер жұмыс істей бастайды. Куперов бездердің секреттерінен соң ен қосалқысының (ұрықтар массасы) сұйығы, содан кейін простата-секретінің сұйығы бөлінеді, ең сонында көпіршік бездердің секреті түседі. Эякуляция синхронды және ассинхронды болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет