Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Табиғи ұрықтандыру және малдарды шағылыстыру



бет16/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   115
акушерство китап

2.1.Табиғи ұрықтандыру және малдарды шағылыстыру
Шағылыстырудың бірнеше әдістері қолданылады: 1/ қолдан, 2/ варковый, 3/ үйірлік, 4/ еркін, 5/ класстық, 6/ гаремдік.
1. Қолдан ұрықтандыру кезінде аналық малды өндірушілерге дара сұрыптайды. Малдардың жыныс актісі ұрықтандырушыны бақылауымен өтеді. Бұл тәсіл ұрықтандырған малдардың санын білуге, жыныс қуатын реттеуге және малдәрігерлік байқауды жүргізуге мүмкіндік береді.
Бір айғырға 40-50, бұқаға 60-100, қошқарға 50-60, қабанға 15-20 аналық малдар бекітеді.
Өндірушілерді аналық малдардан бөлек ұстайды, өйткені, олар аналық малдың жыныс циклдарын тежейді және жыныс қозуларын анықтауды қиындатады. Сондықтан бұл жағдайда ең маңыздысы малдардың ұрықтандыру мезгілін дұрыс таңдау. Ол үшін күйттеушілерді пайдаланады.
Ұрықтандыруға дені сау малдарды жібереді. Шағылыстырудың алдында аналық малдардың сыртқы жыныс органдарын жылы сумен мұқият жуады. Жуғаннан кейін биенің құйрығын таза дәкемен таңып байлайды да бір жаққа бұрады. Биелердің артқы аяқтарына таға салады. Айғырларды жарақаттамау үшін биелерге шығылыстыру бауын кігізеді. Айғырды бірінші шағылысқа биенің күйітін анықтағаннан кейін екінші күнінде (кешке) жібереді және 48 сағаттан кейін қашақтау реакциясы байқалғанша дейін, ал айқын күйіт байқалғанда 24-36 сағаттан кейін қайталайды.
Биенің күйітін анықтағанда тік ішек арқылы фолликулдардың жағдайын бақылаған жөн.
Сиырдың күйітін анықтаған соң екі рет шағылыс (аралары 5-10 мин) өткізеді. Ұрықтынуды жоғарылату мақсатында сиырларды арнайы қоршауда (манежде) қолдан ұрықтандыруын жүргізу қажет. Ешқандай алдын ала жыныстық ынталандыру жұмыстарын жүргізбей сиырларды станокқа енгізсе және қатты стресс пайда болса, онда жыныс функциясы тежеледі және ұрықтануы төмендейді.
Саулықтарда бірінші шағылыс жыныстық күйіт анықталсымен, қайталануы біріншіден кейін 12-24 сағаттан соң.
Мегежіндерді (екі рет) таңертең күйіті анықталғандарды бірінші рет шағылысқа кешке және келесі күннің таңертеңінде жібереді. Егерде күйіті кешке анықталса, онда шағылысты келесі күннің таңертеңінде орындайды, ал кешке шағылысты қайталайды.
2. Варковый қосылу күнде өндірушілермен аналықтарды ұрықтандыруға, олардың күйіттерін, бедеуліктерін табуға және жыныс функцияларын белсендіруге мүмкіндік береді. Ұрықтандыруға белгіленген аналықтарды кең қоршауға кіргізеді, сосын оларға күйіттеушіні немесе өндірушіні жібереді.
Қосылу ұрықтандырушының байқауымен өткізіледі, ол ұрықтанған малдардың санына есеп жүргізеді.
Өндірушілерге бекіткен аналықтың саны қолдан ұрықтандыру кезіндегідей.
3. Еркін қосылу. Өндіруші тұрақты түрде табында болады /аналықтардың жыныс функцияларының ерекше қоздырғышы/. Бұл жағдайда қозу сатысының болуы тездетіледі және жақсы өтеді. Жыныс актісі оптимальды уақытта өтеді, соның нәтижесінен ұрықтану пайызы жоғары болады. Тәсілдің кемшілігі: ол ұрықтандырылған аналық малдардың есебін жүргізуге қиындық туғызады және табынды асылдандыру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік болмайды. Бұл тәсіл тек ет мал шаруашылығында ғана қолданылады. Осы тәсілде бір аталық малға 35-50 аналық малды бекітеді. Еркін қосылудың жылқы шаруашылығында - үйірлік, ал қой шаруашылығында класстық және гаремдік түрлері қолданылады.
4. Үйірлік табынды шаруашылықта қолданылады. Айғырды биелермен тәулік бойы жайылымда ұстайды. Бұл жағдайда биенің өндірушімен шағылысы адамның бақылауынсыз өтеді. Бір сақа айғырға 20-35 бие, ал жас айғырға 12-20 аналық бекітіледі.
5. Класстык қосылу қой шаруашылықтарында қолданылады. Қойларды класстарға бөліп сосын олардың тобына белгілі қошқарларды бекітеді.
6. Гаремдік әрбір қошқарға белгілі санды аналықтарды бекітеді. Өндіруші-қошқар саулықтармен бірге бағылады және оларды ұрықтандырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет