Қосалқы жыныс бездері секреттерінің маңызы. Қосалқы жыныс бездерінің секреттері ұрықтың сұйық бөлігін құрайды, ал олардың мөлшері шәует көлемін анықтайды. Табиғи ұрықтандыру кезінде осы секреттер қажет, қолдан ұрықтандыруда, ұрықтарға әртүрлі сұйылтқыштар қосады.
Тестикулдың қосалқы секреті қышқыл ортаға (рН 6,3-6,9) ие болады, құрамында көп мөлшерде ақзат глицеринфосфарилхолин және калий тұздары бар.
Уретральдық және куперов бзедер (рН 7,8-8,0) жыныс-зәр жолын зәрдің қалдығынан босатады және жолды ұрықтарға дайындайды осымен оның "санитарлық" функциясы байқалады, ұрықтандыру белсенділігіне әсер етпейді. Секреттің мөлшері аталықтың жыныстық қозуына байланысты. Бұл секрет көлемінің көбеюіне және ұрықта микрофлораның азаюына әкеледі.
Простатикалық бездердің секреті ұрықтардың быламық тәрізді массасын сұйылтады, олардың қалдығын уретра жолы саңылауынан жуып тастайды, шәует көлемін көбейтеді.
Айғырдың көпіршік тәрізді безінің секреті сыртқы ортада қоюланады. Осы көрініс тығынның пайда болуын және жатыр мойынынан ұрықтың ағып кетпеуін қамтамасыз етеді. Бұқада секрет сары түсті, су тәрізді Секреттердің мөлшері шағылысу түріне байланысты.
1.8. Жыныс актінің түр ерекшеліктері
Шағылыстың ерекшеліктеріне байланысты малдарды қынаптық және жатырлық топтарға бөледі.
Қынаптық топқа жататын малдардың шағылысы қысқа, шәует бөлінуі синхронды, ұрық жатыр мойынына түседі.
Бұқада, қошқарда жыныс актылары қысқа. Қозудан кейін өндіруші аналыққа секіреді, сосын жыныс мүшесін қынапқа кіргізіп жыныс актісін бір итеріс қимылымен аяқтайды. Осы көріністің соңы шәуеттің шыққан белгісін көрсетеді. Жыныс актісінің мерзімі 2-10 секунд аралығында болады. Шәует шығуы бір уақытта өтеді. Процесстің тез өтуін былайша түсіндіруге болады, ол қозу кезінде және жыныс қозуы өскенде ұрықтар ен сағағынан ампула тәрізді үлкейген ұрық жолына жетеді. Қосылатын рефлекс болғанша осы жерде жиылып тұрады. Қосылу кезіндегі итеру қимылынан ұрықтар ұрық жолының ампула тәрізді үлкейткіштің және зәр шығару жолының бұлшық еттерінің қарқынды жиырылуы әсерінен, сондай күшпен итеріледі, егер жыныс мүшесі қынапқа енбесе онда эякулят бірнеше метрге шашырайды.
Айғыр. Бас кезінде қатты қозады, кісіней бастайды, екі алдыңғы аяқтарымен жерді тарпиды және биеге жақындауға ұмтылады. Айғырда жыныс қозуы кезінде жыныс мүшесіндегі дін үңгірлі денесінің қозуы басталады. Көптеген өндірушілерде бір уақытта құшақтау және қосылу рефлекстері байқалады. Қосылу рефлексунен кейін 7-10 секундтан соң шәует шығады. Шәует шығып біткеннен кейін қосылу қозғалысы тоқталады, сосын өндіруші биенін үстінен түседі.
Барлық жыныс актісі 1-3 минутқа созылады.
Қабандардың жыныс актісі 10-15 минутқа созылады. Құшақтау рефлексінен кейін қабанда қозу болады. Ол жыныс мүшесін тері қатпарынан шығарып, қынапқа кіргізеді. Шәует шығару уақыты 7-8 мин., кейде 10-15 минут.
Бұғыларда жыныс актісі жүгіру кезінде өтеді. Өту уақыты 10-15 секунд.
Достарыңызбен бөлісу: |