Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Саулық және ешкінің жыныс органдары



бет4/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115
акушерство китап

Саулық және ешкінің жыныс органдары - анатомиялық жағынан ірі қара малдыкінен айырмашылығы тек қана кіші көлемімен. Қынап кіреберісінің ұзындығы 4-5 см, ал қынап ұзындығы 8-12 см, жатыр мойының ұзындығы 5-7 см, оның кілегей қабаты 7-8 көлденең айқын көрінетін қатпары мен кішкентай бүкпелер құрайды. Көлденең бүкпелердің жоғары жағы қынап бөлігіне бағытталған. Бұл жағдайда соңғы бүкпесі қынап қуысына балық ауызына ұқсап екі қалыңдаған еріндер сияқты шығып тұрады. Жатыр денесінің ұзындығы 2-4 см күшті ирелеңдеген және бас жағы тарылған мүйізге өтеді. Жатыр мүйізінің ұзындығы 10 см-ден 20 см-ге дейін малдардың жасына және тұқымына байланысты құбылып отырады.
Жатыр кілегей қабатында көтеріңкі сүйелдерге ұқсас, сопақ немесе дөңгелек пішінді, диаметрі 3-5 мм, ортасында ойық бар. Карункулдер аналық плацентаның өскіні. Олар жатыр денесінде қалай болса, солай орналасқан, ал мүйіздерінде - әдетте төрт қатар карункулден орналасады. Жалпы карункулдердің саны 88-ден 110-ға дейін болады.
Аналық без түтікшелері - қатпарлы, ұзындығы 9 см-ден 18 см-ге дейін. Аналық бездерінің пішіні сопақ болады, ұзындығы 0,5-1 см, ені 0,3-0,5 см.
Биенің жыныс органдары. Сарпайдың терісінде көп мөлшерде /санда/ май және тері бездері бар. Жыныс еріндерінің кілегейлі қабаты ішкі беті жағынан көп қабатты эпителиймен жабылған. Астынан жыныс саңылауының еріндері дөңгелектенген бұрыш құрайды және жақсы көрінетін клитордың басын жабады.
Қынап кіреберісінің ұзындығы 8-16 см. Қынап кіреберісінің жолы астынан жоғарыға және алға бағытталған. Қынап кіреберісінің кілегейлі қабатының қалындығында екі қатар құбырлы бездер орналасқан, олар оның саңылауына бірнеше шығаратын тармақтармен ашылады сонымен қатар күйлеу және қабыну процестері кезінде кілегейлі секрет бөледі. Қынап кіреберісі бүйірлерінің кілегей қабатының астында және сарпай сфинктерінің жартылай астында екі үңгірлі дене орналасқан. Бұл каверналық денелер, шағылыс уақытында қанмен толғанда жыныс еріндерін қалыңдатып, толықтырады және шағылысуды жеңілдету үшін жыныс сауылауын үңірейтеді.
Қынаптың кілегейлі қабаты көп қабатты эпителиймен жабылған, бездерсіз, олар көп санды ұзын бойлық және ұсақ көлденең бүкпесіне жиналған.
Жатыр мойынының ұзындығы 4-8 см, диаметрі 3-5 см. Жатыр мойынының артқы бөлігі қынап қуысына тығын тәрізді төмпешік болып 2-2,5 см шығып тұрады.
Жатыр денесі бұлшық ет тәрізді орган. Краниальді мүйізге, ал каудальды жатыр мойынына өтеді. Екі мүйіз аралығында орналасқан дене бөлігі жатырдың түбі деп аталады. Жатыр денесінің ұзындығы 8-15 см, ені 7-12 см. Мүйіздің ұзындығы 14-30 см, ені 3-7 см.
Аналық без түтікшелері қатты иреленген, өзек түріне ұқсас, ұзындығы 14-30 см. Аналық без түтікшелердің құрсақ шеті үлкейе келе шұңқыр жасайды.
Аналық жыныс бездерінің пішіні дөңгелек, бұршақ немесе сопақ болады, олар құрсақ қуысында орналасады. Олардың оң жақтағысы 3-4, ал сол жақтағысы 4-5 бел омыртқаларының астында ілінген. Жатыр мүйізінің жоғарғы жағы аналық жыныс бездерімен, аналық жыныс безінің жалғамымен қосылған. Аналық жыныс бездерінің диаметрі 2-10 см-ге дейін олардың ұзындығы жыныс циклының фазасына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет