Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Аталық және аналық малдар жыныс органдарының физиологиясы



бет6/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115
акушерство китап

1.3. Аталық және аналық малдар жыныс органдарының физиологиясы


1.4. Әр түрлі малдарының жыныстық және физиологиялық жетілуі
Жыныстық жетілу - малдардың тұқым беру қабілеттілігі. Бұл аналық жыныс клетканың пайда болуымен, аналық малдарда жыныс циклының көрінуімен, жыныс гормондарының өндірілуімен, екінші жыныс белгілерінің пайда болуымен сипатталады. Жыныс циклының басталуынан аталықтарда спермиогенез және аналықтарда овогенез олардың репродуктивті өмірі бойы байқалады. Малдар аталық және аналықтарға тән ерекшелікті белгілеріне (сырт келбеті, дене пішіні т.б.) ие болады.
Жыныстық жетілуі кезінде мал организмінде жаңа физиологиялық жағдайға әкелетін күрделі морфофункциональдық қайта құру процесі болады. Мысалы, тайыншаларда жыныстық жетілуінен бастап (6-7 ай) гонадотроптық гормондар саны көбейеді (А.А. Сысоев). Олардың әсерінен тек қана жыныстық жүйе ғана емес, сонымен қатар сүт безі де күшті дами бастайды. Жыныс циклының әрбір қозу сатысында сүт безінің безді паренхимасының секрециясы және клеткалардың пролиферациясы байқалады.
Жыныс циклының басталу мерзімі көп факторларға, әсіресе мал түріне, тұқымына, жынысына, ауа райына, асырауына, нейросексуальдық тітіркендіргіштерге, байланысты. Неғұрлым мал түрлерінің өмірі қысқа болса, соғұрлым олардың жыныстық жетілуі ерте басталады. Үй жануарларында жыныстық жетілу түз жануарларына қарағанда ерте келеді.
Малдардың жыныстық жетілуі әр мезгілде келеді (орташа жас, ай):
інген 9-12;
Бие 18;
Есек 12-15;
Сиыр 6-9;
Саулық және ешкі 5-8;
Мегежін 12-15;
Ит 6-8;
Аналық қоян және мысық 4-8.
Жыныстық жетілу әрқашанда малдың дамуы және негізгі өсуі аяқталуынан бұрын келеді. Сондықтан жыныстық жетілу мал организмінің тұқым әкелуіне дайындығын тек оған ғана емес, сонымен қатар ұрпағына да қайшы әсерін тигізеді. Бұндай аналық малдарда жыныс жүйесі, жамбасы, сүт безі толық жетілмеген. Бірінші жыныс циклдары әдетте толық жарамды емес, аритмиялы. Тайыншалар күйттеушілермен жеткілікті қарым-қатынаста болса, оларда бірінші жыныс циклында овуляция саны көбейеді. Жыныс циклдары ритмикалы, олардың тұрақтылығы тездетіледі (А.А. Усаченко). Әдебиетте келесі мәліметтер келтірілген, тайыншаларды 6 кейде 4,5 айлық жасында нәтижелі ұрықтандырған, кейіннен олар жақсы сүтті сиырлар болған. Бірақ, аналық малдарды өндіру жұмыстарына тек физиологиялық жетілуінен кейін қана қолданады.
Физиологиялық жетілуі
Физиологиялық жағынан жетілген аналық пен аталықтар организмнің толық түрде ересек малдардың жетілуімен осы тұқымның және жынысының тірі салмағының 65-70 %-ға және экстерьеріне ие болуымен сипатталады.
Аталық және аналық малдардың физиологиялық жетілуін жасынан, тірі салмағынан және жыныс органдарының даму дәрежесінен анықтайды. Әдетте физиологиялық жетілу жас малдарды өндіру жұмысына пайдалануын көрсететін уақыт келесі мезгілде келеді (ай):
Бие 36;
Сиыр 16-18;
Саулық және ешкі 12-18;
Мегежін 9-12;
Ит және мысық 10-12;
Аналық қоян 4-8.
Табынды толықтыратын жас аналық малдарды уақытында ұрықтандыру өте маңызды. Арнайы кешендердің және ірі фермалардың жұмыс тәжірибесінен байқасақ, құнажындарды интенсивті өсіру кезінде әсіресе ірі сүтті тұқымдарын (қара-ала, холмогор т.б.) оларды 18 айында буаз қылу үшін 16 айлық жасында 150 кг салмағында ұрықтандыру қажет. Кейбір жақсы дамыған құнажындарды одан да ерте жастан ұрықтандыруға болады. Жақсы өсірілген ет тұқымды құнажындарды - қазақтың алабасты, герефорд тірі салмағы 330-350 кг-ға жеткенде 15 айынан кешіктірмей ұрықтандырады. Физиологиялық жетілудің басында құнажындарда тұрақты жыныс циклының көрінуін тудыру маңызды. Ол олардың жыныс жүйесінің оптимальды дамуын қамтамасыз етеді және малдардың ұрықтануын жоғарылатады. Осындай құнажындарда туу кезінде әртүрлі асқынулар сирек кездеседі.
В.Я. Никитинның, Л.Г. Неждановтың, П.Е. Казачоктың зерттеулері көрсеткендей грозныйлық, кавказдық, ставропольдық және меринос қой тұқымдарында 1,5 және 2,5 жастарында жыныс органдарының құрылысы және дамуында айтарлықтай өзгерістер жоқ. Сондықтан физиолгиялық және экономикалық жағынан жақсы дамыған тұсақты бірінші рет 1,5 жаста, ал романов тұқымының түсақтарын бір жаста ұрықтандыру орынды. Осы уақытта малдар әдеттегі дамуға жетеді және жақсы ұрпақ береді.
Өнеркәсіп табындарындағы ірі ақ тұқымды жас мегежіндерді бірінші рет 9-10 айлығында (тірі салмағы 120 кг), ал асыл тұқымды шаруашылықтарда 9-10 айлығында, тірі салмағы 130 кг-нан кем емес болғанда ұрықтандыруға болады. Уақытында ұрықтандырылған табынды толықтыратын аналықтардың өндіру қабілеттілігі көп жылға дейін сақталынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет