Толық жарамды және толық жарамды емес жыныс циклдары. Жыныс циклының қозу сатысын биологиялық көріністің жиынтығы деп қарау қажет, өйткені ол аналық малдың организмін ең алдымен оның жыныс жүйесін ұрықтануға және өскіннің дамуына қолайлы жағдай туғызады.
Осыдан аналықтарды ұрықтандыру жұмыстарын тек қозу сатысында, ал басқа уақытта ұрықтандыруға ешқандай негізі жоқ деген тәжірибеге өте маңызды қорытынды жасауға болады. Осы сатыда барлық төрт белгілерін: 1) күйлеу, 2) жалпы реакция (жыныстық қозу), 3) күйіт, 4) фолликулдың жетілуі және овуляция анықтау керек.
Егер қозу сатысы уақытында барлық феномендер толығымен байқалса /күйлеу, жыныстық қозу, күйіт, овуляция/ онда жыныс циклдары толық жарамды деп саналады, егер бір немесе бірнеше феномендер циклдан түсіп қалса, мысалы күйлеу (анэстральды), овуляция (ановуляторлық), күйіт (алибидті) жыныстық қозу (ареактивті) онда бұндай цикл сапасы толық емес деп саналады.
Жыныс циклдары толық жарамды болғанда қозу сатысының барлық феномендері синхронды /бір уақытта/ құрылады, мысалы сиырларда қозу сатысы 48 сағат ішінде болады, және асинхронді бұл жағдайда кейбір феномендер кейде қозу сатысы басталғасын 5-6 күннен кейін байқалады.
Жыныс циклдардың ритмі, олардың байқалуы және ұзақтығы әрбір мал түріне орай ерекшелікті. Осы көріністеріне байланысты барлық малдарды поли- және моноцикликалықтарға бөледі.
Бір малдардың түрлерінде жыл бойы циклдары бір мезгілде және көп рет қайталанатынды полициклдық деп атайды. Олардың жыныс циклдары бірдей және қысқа фазалармен сипатталады. Бұларға бие, мегежін, сиыр жатады. Жыныс циклдары ритмикалық жыныстық жетілуден басталып климактерийлік мезгілге дейін /тек буаздылық кезінде болмайды/ қайталанып отырады.
Кейбір жануарларда /ит, мысық және түз жануарлары/ жыл ішінде біреу немесе екі өте сирек үш жыныс циклдары байқалады. Бұндай малдарды моно-, ди-, үшциклдық топқа жатқызады.
Моноциклдық малдардың жыныс циклдарының ерекшелігі ол жыныстық байқалмауының ұзақтығы. Кейбір мал түрлерінде /саулық, ешкі, інген/ жыныс циклының ритмикасы жылдың белгілі мезгілінде байқалады, әдетте көктемде немесе күзде. Жыныс белсенділігінің мезгілдерінде ұзақ жыныс үзіліс мезгілі байқалады. Бұндай малдарды полициклдыққа, бірақ жыныстық маусымдығына орай түріне жатқызады.
Достарыңызбен бөлісу: |