1.5. Жыныс циклі
Жыныс циклы физиологиялық және морфологиялық процестерінің жиынтығы, қысыр аналық малдың жыныс жүйесінде және барлық организмде бір күйлеуінен екінші күйлеуіне дейін уақытта өтетін процесс.
Жыныс циклдары малдың жыныстық жетілуімен бірге пайда болады және белгілі мерзімде қайталанады. Аналық малдар қартайғаннан кейін олардың жыныс циклдары тоқталады. Бұл көріністі климактерийлік мезгіл деп атайды. әрбір малда ол әр түрлі болады: биеде 17-25 жыл, сиырда 15-20 жыл, саулық пен ешкіде 8-10 жыл, мегежінде 7-8 жыл.
Жыныс циклын екі негізгі фазаға болуге болады: фолликулярлық - бұл кезде аналық жыныс бездерінде фолликулдар піседі, эстрогенді гормондар бөлінеді және лютеиндену овуляциядан кейін келеді, сары дененің және оның қызметінің пайда болуымен сипатталады.
Жыныс циклы негізгі жүйке процессінің қарым-қатынасының позициясынан үш сатыға бөлінеді: қозу, тежелу, бірқалыптылық.
Жыныс циклының қозу сатысы /проэструс-эструс/ 4-жақсы көрінетін феномендермен бейнеленеді - күйлеу, жыныстық қозу, күйіт, фолликулдардың жетілуі және овуляция. Әр феномендердің өз ерекшеліктері болады да олар жыныс циклының бір жағын қамтып көрсетеді. Жоғарыда көрсетілген феномендер бір-біріне байланысты өтеді, ал пайда болуымен көрінуі жағынан бір мезгілде болмайды. Бұл сатыда аналық мал организмінің функциялары ұрықтандыруға, ұрықтануға және өскін дамуына жағдай туғызуға дайындық жасайды.
Қозу сатысының бастапқы фазасында - проэструсте гонадотропиялық гормондардың әсерінен аналық жыныс бездерінде фолликулдардың өсу және жетілу процесстері белсендіріледі, олармен өндірілетін эстрогенді гормондардың саны көбейеді. Эстрогендердің әсерінен жыныс органдарының қанмен қамтамасыз етілуі күшейеді, клеткалардың пролиферациясы, әсіресе қынап және жатыр кілегей қабықтарында, басталады, олардың секреторлық жұмысы күшейеді.
Қанда эстрогендердің концентрациясының көбеюімен аналық түтікшелер және жатыр мускулатурасының жиырылуы мен тонусы жоғарылайды. Бір уақытта эстрогендердің әрекеті жүйке жүйесін де күшейтеді, бұл жыныстық қозу, содан кейін жыныстық күйітті келтіреді.
а / Күйлеу (oestrus) жыныс органдарынан шырыш бөліну процесі, ол аналық малдың жыныс аппаратындағы морфологиялық өзгерістер салдарынан болады. Бұны сыртқы жыныс органынан, қынаптан, жатыр мойынынан бөлінген шырышты клиникалық, зертханалық тәсілдермен зерттеу арқылы анықтайды. Күйлеу айқын байқалатын пролиферативтік процестермен сипатталды.
Қынап және несеп кіреберісінің кілегей қабығы 3-4 қабат эпителийдің орнына 18-20 қабатпен жабылады, бір уақытта эпителиальдық клеткалар ыдырайды. Сондықтан қынаптың жағындысын микроскоп арқылы қарағанда көп қабат эпителий клеткасымен лейкоциттер анықталады.
а) Күйлеу уақытында жыныс органдарында күшті қан кернеуі байқалады. Кілегей қабат ісінеді және қынап кіреберісінің жатыр мойынының бездері күшейіп жұмыс істейді. Кейбір жануарларда /итте, сирегірек сиырда/ қан кернеуі кіші тамырлардың үзілуімен және қансыраумен өтеді, сол себептен шырыш қанды түрге ие болады. Күйлеу уақытында жатыр мойыны ашылады, одан қынапқа кілегей бөлініп сыртқы жыныс органдарынан ағады.
Күйлеу уақытында жыныс органдардың мүшелері үлкейеді, олардың қозғыштығы жоғары болады.
б / Жыныстық қозу (жалпы реакция) фолликулдың пісуі фазасына байланысты аналық малдың мінез құлқы өзгереді. Аналық мал тынышсызданады, азықтан бас тартады және сүт өнімділігі азаяды. Бұл уақытта аналықтар бір-біріне секіреді, басқа аналықтарды өзеріне секіртеді, бірақ өздеріне аталық малды секірткізбейді. Қанда экстрогендердің концентрациясы көбеюінен күйлеу және жыныстың қозу күшейеді, осы гормондардың жүйке жүйесіне әсерінен жыныстық күйітті шақырады.
в / Күйіт - аналықтың аталық малға ерекше сексуальдық реакциясы. Күйіті келген уақытта аналық мал өндірушіге қарай жақындауға ұмтылады, жыныс актысына кейіптенеді, әлсін-әлсін несеп шығарады аталық малды өзіне секірткізіп шағылысқа жібереді.
г / Фолликулдың пісуі және овуляция аналық жыныс безіндегі фолликулдың жарылуы, осыған орай фолликул сұйығының, оған ілескен бір немесе бірнеше жыныс клеткаларының ағып кетуі. Аналық жыныс безін кескенде екі аймақ көрінеді: қабықты фолликулярлық және милы. Бұлар ірі қан және лимфа тамырларымен, жүйкелер мен жылтыр бұлшық ет талшықтарымен қамтамасыз етілген. Овуляция механизмі әлі толығымен анықталған жоқ.
Овуляцияның алдында аналық жыныс безінің (әсіресе фолликулдар) қан тамырлары кеңейеді, қан ағымы күшейеді, фолликулярлық сұйықтық саны көбейеді. Піскен фолликулдың қабырғасы жұқарады және оның беткейінде фолликулярлық клеткалардан және тамырлардан айырылған конус тәрізді төмпешік пайда болады. Осы жерде ішкі фолликулярлық қысымның көбеюінен фолликулдардың қабығын жұмсартатын коллагенез ферментінің әсерінен қабық жарылады, сопақша тесік пайда болады, сол арқылы аналық клеткамен фолликулярлық сұйық ақырындап ағып кетеді.
Фолликулдардың бірнеше даму сатысын ажыратады. Басында олар ұсақ – примордиалды (бірінші) деп аталады. Олар қабық заттың беткейлік қабығында орналасқан. Примордиалды фолликулдың ортасында әдетте бір қабатты жапырайған фолликулярлық клеткалармен қоршалған бір онша үлкен емес аналық жыныс клеткасы (бірінші катарлы овоцит) болады. Бірақ фолликулдар бірнеше аналық жыныс клеткалары түрінде де кездеседі. премордиалдық фолликулдар, екінші (өсіп жатқан), сосын жетілгенге келесі үлгіде өтеді. Бастапқыда примордиалдық фолликулдар өздеріндегі аналық жыныс клеткасымен көлемі жағынан үлкейеді жапырайған фолликулярлық клеткалар текше сосын цилиндрлікке ауысады.
Екінші фолликулдар дамып графов көпіршігіне (голланд. ғалымы Р.де Грааф атымен аталған) айналады.
Граафов фолликулдары үлкен, биеде 4,6 см, сиырда 1,2, мегежінде 1-1,2, саулықта 0,5-0,7 см диаметр, олар аналық жыныс клетканың беткейінен шығып қабықты заттың барлық қалындығын жайлайды.
Аналық жыныс безінде фолликулдар және аналық жыныс клеткалар өте көп. Фолликулдармен бірге олардың айтарлықтай бөлігі өледі. Фолликулдардың өлу процесі атрезия (грек сөзінен а-болымсыздық, tresis-тесік), ал өлген фолликулдар – атрезиялық делінеді.
Атрезия фолликулдардың дифференциалдық дәрежесінен және көлеміне, жыныс органдарының және организмнің жалпы жағдайына байланысты әртүрлі өтеді.
Фолликулдардың атрезиясы – физиологиялық көрініс. Барлық мал түрінде байқалуына байланысты оны жалпы биологиялық процесс ретінде қарайды. Фолликулдар барлық даму сатысында атрезияға ұшырайды. Атрезияға ұшыраған фолликулдар фолликулин бөледі.
Фолликулдардың атрезиясы әдетте жыныстық жетілудің алдында басталады. Жыныс жағынан жетілген аналықтарда атрезия көп жағдайда овуляциядан кейін және буаздылық кезінде байқалады. Егерде аналық жыныс безінің жүйкелік реттелуі бұзылса онда атрезия күрт күшейеді.
Фолликулдар аз қысымнан (50-100 г) жарылады. Қуыстар немесе атрезиялық фолликулдар 800-1000 г қысым күшіне шыдайды. Овуляция фолликулынталандыру гормонының қатысуымен лютеинизирленген гормонның әсерінен болады.
Овуляциядан кейін жарылған фолликулдың орнына ірі малдарда тік ішек арқылы аналық жыныс безін пальпациялағанда шеттері борпылдақ ойық жеңіл анықталады.
Аналық жыныс безі кішірейеді және жұмсақтанады. Фолликулдың босанған фолликулярлық қуысы ең алдымен қанмен сосын тез өсетін фолликулярлық эпителийдің (дәндесін қабық) клеткаларымен толады. Соңғылары көп бұрышты түрге ие бола отырып лютеинды клеткаларға сары пигмент-лютеинді бөлетін түріне (бөлуші) алмасады, кейбір ғалымдар лютеиндік клеткалар овуляцияға ұшыраған фолликулдың тек ішкі дәнекер ұлпаларының қабығы мен клеткаларынан пайда болады деп санайды.
Пайда болған лютеиндік клеткалар біртіндеп қан ұйығын алмастырады және фолликулдың барлық қуысын толтырады. Фолликулдың дәнекер болып тұратын ұлпасы элементтері шеттерінен орталыққа тамырлар және жүйкелермен бірлесе баратын радиальды қалқаншаларды (қалқаларды) құрайды. Осылай сары дене (түсіне байланысты аталған) құрылады. Пайда болған сары дене (corpus enteum) фолликулдан тығыздау, сиырда аналық жыныс безінің беткейінде көбіне саңырауқұлақ тәрізді шығып тұрады, тік ішек арқылы пальпациялағанда фолликулдаан айқын айырылады. Сары дене ішкі секрецияның уақытша безі болып саналды, ол прогестерон гормонын бөледі. Прогестерон жатырдың сірі кілегей қабығын өскіннің нидациясына және плацентаның даму дайындығына шақырады буаздылықтың сақталуына және сүт безінің безді ұлпасының өсуіне ықпал жасайды. Прогестерон жаңа жетілген фолликулдардың өсуіне және олардың овуляциялануына кедергі тудырады, сондықтан буаз малдарда жыныс циклдары болмайды.
Сары дененің даму дәрежесі және оның эндокриндік функциясы аналық клетканың және фолликулдың тағдырына байланысты. Дамып жатқан фолликулдың үш түрде аяталуы болуы мүмкін. 1) овуляция; 2) атрезия және 3) лютеиндену. Егерде овуляциядан кейін буаздылық болмаса онда сары дене тез арада кері дамуға ұшырайды, осы мезгілде оны жыныс циклының сары денесі деп атайды. Егер буаздылық дамыса, сары дене жақсы үлкейіп аналық жыныс безінің паренхимасының едәуір көлемін жайлайды, оны буаздылықтың сары денесі деп атайды. Егерде фолликулдың атрезиясы болса онда фолликулдың орнына сары дене пайда болмайды.
2. Тежелу сатысы күйлеу және жыныстық қозу белгілерінің әлсіреуі. Тежелу қозу сатысынан кейін басталады. Аналық мал өндірушіге парықсыз көңіл көрсетеді. Жарылған фолликулдың орнына сары дене дамиды. Қан кернеуі әлсірегеннен жыныс аппаратының көлемі барлық жерлерінде кішірейеді. Жатыр мойыны жабылады, шырыш бөлінбейді. Жыныс аппаратының бездері кейін қарай дамиды, қынапқа өскен бұлтық эпителиальдық қабаттар бөлінеді. Аналық мал тынышталады, асқа зауықтылығы орнына келеді, сүттің сапасы, қанның құрамы және басқа қозу сатысында пайда болған өзгерістер қалпына келеді. Аналық мал өндірушіге агресивті көңіл күйін көрсетеді, оны тістеп, аяқпен теуіп қалуға, немесе одан қашып кетуге тырысады. Бұндай қайшы көрініс аналықтың аталық малға сексуальдық реакциясын - қашқалақтау деп атайды. Сонымен тежелу сатысының ерекшелігі инволюция көрісінің басым болуы, қозу сатысында пайда болған морфологиялық және физиологиялық процестердің қайта бастапқы қалпына келуі.
3. Бірқалыптылық сатысы тежелу сатысының жыныс процестерінен кейін болады, сосын жаңа келесі қозу сатысына дейін созылады. Бұл сатыда малдың жалпы жағдайы салмақты, аталық малға қайшы реакциясы көрінеді. Аналық жыныс бездерінде фолликулдер және сары денелер болады, жатыр мойыны жабық.
Кейбір мамандар жыныс циклдарын осы уақытқа дейін әдет бойынша 4 сатыға бөледі: қимылсыз күй /тыныштық/, күйлеу алды және күйлеуден кейінгі уақыт. Бірақ, бұл түсінік мамандарға олардың малдарды өндіру жөніндегі жұмыстарына көмектеспейді және оптимальдық ұрықтандыру мезгілін тандауға негізін бермейді. Бірінші жыныс циклынан кейінгі кезең жыныстық жетілу деп саналады. Осыдан кейін жыныс циклдары малдың барлық жыныс өмірі бойы қартайғанша дейін қайталанып отырады. Қартайғаннан кейін аналық малдардың жыныс циклдары тоқталады. Ақырғысын климактерийлік мезгіл деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |