3.7. Донорларды ұрықтандыру
Суперовуляция нәтижелері донорлардың тиімді ұрықтануы арқылы анықталады. Донор сиырларды ұрықтандыруға қолданылатын бұқа ұрығына қойылатын талап, басқа сиырларды ұрықтандыруға қолданылатын ұрықтарына қарағанда жоғары болуы керек. Бұндай бұқалардың ұрығының ұрықтандыруға жарамдылығы 70% астам болуы керек. Қолдан ұрықтандыру уақтылы өткізу үшін бұқа ұрықтарының ұрықтандыруға жарамдығы ғана емес, сонымен қатар күйітінің уақытын да анықтау қажет. Гормональды әдіспен индуцирленген күйіт әдетте орта есеппен 24 сағатқа созылатыны анықталған.
Сиырларды арасына 10-12 сағат салып екі рет тоңазытылған ұрықтың 2-3 мөлшерімен ұрықтандырады. Суперовуляция кезінде овуляцияға ұшыраған аналық жыныс клеткаларының саны көбеюіне байланысты, әр мөлшерде кемінде 50 млн үдемелі қозғалыстағы ұрықтар болуы мүмкін. Донор сиырларды қолдан ұрықтандырудың жоғары тиімділігі ректоцервикальды әдіс арқылы жүзеге асырылады, бұл әдіс донордың жыныс жолдарының жағдайын қадағалауға мүмкіндік береді.
Қолдан ұрықтандыру өткізілген күнді ұрықтандырылан күн деп санайды. Бұл күнді нольмен белгілейді де, осыдан бастап эмбрион дамуын санаққа алады.
3.8. Зародыштарды алу
Аналық жыныс клеткалардың ұрықтануы аналық жыныс түтікшесінде өтеді. Пайда болған өскіндер бөлінеді және олардың көпшілігі ірі қара малда жатыр мүйізіне 4-ші күнде түседі. Бірінші ұрықтандырғаннан кейін сиырлардың зародыштарын 7-8 күнде, саулықтардікін 5-6 күнде алу тиімді. Зародыштарды алу үшін хирургиялық емес және хирургиялық әдістерді қолданады.
А) Донор сиырды сойған соң эмбрионды жуып алу Бұл әдіс соңғы жылдары сиырларға қолданылып жүр. Аналық жыныс клеткаларының овуляция мен ұрықтандырудан кейінгі 4-ші күні жыныс түтігінен жатыр мүйізіне өтетіні белгілі.
Осыған қарай қолдан ұрықтандырудан 3 күннен соң эмбриондарды жыныс түтікшесін жуып алуға болады. Оларды жуып алу үшін 20 мл Дюльбекк ортасы қажет. Бұлай эмбриондарды алу әдісі ауылшаруашылық саласында қолданылады.
Б) Эмбриондарды хирургиялық әдіспен алу (зертханалық жануарлар және ұсақ мал). Қой, ешкі, мегежіндерде тек лапоротомия тәсілін ғана қолданады. Себебі бұл жануарлар сиырларға қарағанда өте ұсақ.
Лапоротомия жасау үшін арнайы лаборатория, не орын қажет. Онда барлық асептика, антисептика ережелері сақталуы тиіс.
Эмбрион жуып алатын ерітінділер өте көп. Бірақ негізгі екеу: ол фосфорлы буфер ерітіндісі және ТСМ-199 фосфорлы-буфер ерітіндісі жазбаша дайындалынады. Бұлар бөлме температурасында екі апта ішінде қолданылады.
Екінші ерітінді ТСМ-199 өз стандартымен эмбрион көшіруге арнайы шығарылған.
Эмбриондарды жуып алғаннан кейін оларды бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |