Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет46/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   115
акушерство китап

4.2. Өскін мен ұрықтың дамуы
Өскін мен ұрық дамуында әр авторлар 2-ден 6-ға дейінгі кезеңді айырады. Тәжірибе үшін өскіндік (органдар құрылымдауы өту кезеңі) және ұрық (дене құрылымдауы аяқталып, төл өсуі басталады) кезеңін айыру жеткілікті. Ұрық салмағы буаздылықтың соңғы үштігінде айтарлықтай қарқынмен дамиды, сиырларда 76%, мегежіндерде 74%, жылқыларда 83, қояндарда дене салмағының 91% құрайды.
Сиырда өскін мен ұрықтың дамуы. 1-айында дене ұзындығы 0,8-1,3 см, салмағы 0,3-0,5 г. Көзі мен ауызы нышандары көрінеді, шеткі мүшелері аздаған шығыңқы бөлік ретінде көрінеді. Тамырлы қабаты түктерсіз, жатырдың кілегейлі қабаттарына ілінбеген. 2 айында дене ұзындығы 6-8 см, салмағы 8-30 г. Дене қуыстары жабық. Қарыны ұлғайған. Барлық органдары толысқан. Желін мен ұма нышандары байқалады. Котиледондар бұршақ дәніндей. 3 айында ұзындығы 12-17 см, салмағы 135-400 г. Аталықтарда ұма қалыптасады. Котиледондар көлемі 1-1,5 см.
4 айында ұзындығы 22-32 см, салмағы 1-2 кг. Мүйіз нышандары білінеді. Үстіңгі қабақ пен ерінде түктер білінеді, қабақ доғалары мен шеткері мүшелерде жүн байқала бастайды. Котиледондар көлемі 1,5-2,5 см, 5 айында ұзындығы 30-45 см, салмағы 2,5-4 кг, ендері ұмаға түскен, аналықтарда емшектері байқалады. Еріндері мен қастарында жүн бар. Котиледондар көлемі 2,5-4 см, 6 айында ұзындығы 40-60 см, салмағы 3,5-10 кг. Ерін мен қас маңы жүндері қалың. Кірпіктер мен құлақ маңы жүндері пайда бола бастайды, мүйіздері байқалады, аяқтарының буындарында жүн өскен, котиледон көлемі 4-5 см. 7 айында ұзындығы 50-75 см, салмағы 8-18 кг, ерін, қас, шеткері мүшелерінде жүн жақсы өскен, құлақ ұшы мен омыртқа жотасы бойында сирек жүндері бар, котиледон көлемі 5-7,5 см. 8 айында ұзындығы 60-85 см, салмағы 15-25 кг, барлық дене беткейінде қысқа жүн бар. Күрек тістері шыға бастаған, котиледон көлемі 6-9 см. 9 айында ұзындығы 70-100 см, салмағы 20-67 кг (туар алдында енесі салмағының 1/23-1/16 құрайды). Алдыңғы тістері шыққан, котиледон көлемі 8-12 см.
Бие өскіні мен ұрығының дамуы. 1-айында дене ұзындығы 0,5-1см, салмағы 0,2 г. Белдеме нышанының вентралды беткейінде бауыр жақсы көрінеді (әрқилы дөңес түрінде), одан тамырлы кіндік қабығы шығады. Шеткі мүшелері аздаған шығыңқы бөлік ретінде көрінеді. 2 айында дене ұзындығы 4-7,5 см, салмағы 20 г. Дене қуыстары жабық. Аяқтарында тұяқ нышандары білінеді. Кіндік қабығы жақсы байқалады, онда 8-15 мл лайлы сұйықтық болады. Көзі, ауызы, дене бітімі айқындалады. 3 айында ұзындығы 10-15 см, салмағы 100-180 г. Емшектері мен сүт безі байқалады. Хорионда түктер бар. 4 айында ұзындығы 15-30 см, салмағы 0,7-1,6 кг. Сыртқы жэыныс органдары нышандары білінеді. Ұмасы бос. Ерін маңы терісінде сирек жүндер білінеді. 5 айында ұзындығы 30-45 см, салмағы 2,5-4 кг, ендері ұмаға түскен, аналықтарда емшектері байқалады. Еріндері мен қастарында жүн бар. Котиледондар көлемі 2,5-4 см. 6 айында ұзындығы 40-60 см, салмағы 3,5-10 кг. Ерін мен қас маңы жүндері қалың. Кірпіктер мен құлақ маңы жүндері пайда бола бастайды, мүйіздері байқалады, аяқтарының буындарында жүн өскен, котиледон көлемі 4-5 см. 7 айында ұзындығы 50-75 см, салмағы 8-18 кг, ерін, қас, шеткері мүшелерінде жүн жақсы өскен, құлақ ұшы мен омыртқа жотасы бойында сирек жүндері бар, котиледон көлемі 5-7,5 см. 8 айында ұзындығы 60-85 см, салмағы 15-25 кг, барлық дене беткейінде қысқа жүн бар. Күрек тістері шыға бастаған, котиледон көлемі 6-9 см. 9 айында ұзындығы 70-100 см, салмағы 20-67 кг (туар алдында енесі салмағының 1/23-1/16 құрайды). Алдыңғы тістері шыққан, котиледон көлемі 8-12 см. 10 айында ұзындығы 70-130 см, дене салмағы 18-40 кг. Денесі толығымен қалың жүнмен жабылған, тұяқ табанына мүйіз өсе бастайды. 11 айында ұзындығы 1-1,5 м, салмағы 26-60 кг (туар алдында енесі салмағының 1/14-1/16 құрайды). Денесі толығымен қалың жүн жамылған. Ендері ұмаға түскен. Күрек, азу тістері шыққан.
Саулық өскіні мен төлінің дамуы Өскіндік кезең 46 күнге созылады, одан кейінгі кезең төлдеу кезеңі. Өскіндік шарана буаздылықтың 12 күні шамамен 1 см ұзындық құрайды. 1-ші ай соңына таман оның ұзындығы 40-50 см, өскін ұзындығы шамамен 1 см. Барлық органдары құрымдалған, желбезек саңылаулары айқын білінеді, дене қуыстары жабылған. 2-айында төл ұзындығы 8 см, салмағы шамамен 50 г. Аяқ, қол сүйектеріне тұз шөгіле бастайды. 3 айында ұзындығы 16 см. 4 айында ұзындығы 25 см, салмағы шамамен 2 кг дейін. Еріні мен қабақ үстінде жүн байқалады. 5 айында төл жетілген, дене беткейі жүнмен жамылған, күрек және азу тістері шыққан. Төл ұзындығы 30-50 см, салмағы 2-3,5 кг.
Мегежін өскіні мен төлінің дамуы. Өскіндік кезеңі 38 күн, ал 39 күннен бастап 114 күнге дейін төл кезеңі. 1 айында өскін ұзындығы 1,6-1,8 см. Барлық органдары құрылымданған. Түр ерекшеліктері белгіленген. Құрсақ қуысы жабық. 2 айында ұзындығы шамамен 8 см. Түрлік экстерьерлік белгіленімдері жақсы байқалады, жыныс белгіленеді. Қуысты сүйектер сүйектенуі басталады. Астыңғы жақта күрек, азу тістері шыға бастайды, көздері жабық, салмағы 90-190 г. 3 айында ұзындығы 14-18 см. Ерін, қас, құйрық, құлақтарында жүн өскен, көз саңылауы ашық, астыңғы жақта ұры тістері дамыған. 4 айында төл жетілген, қылмен жабылған. Ұзындығы 20-25 см, салмағы шамамен 1 кг. Басы сүйектеле бастаған, күрек, ұры тістері өткір.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет