Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Төл мен туу жолдарының анатомо-топографиялық қарым қатынастары



бет52/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   115
акушерство китап

Төл мен туу жолдарының анатомо-топографиялық қарым қатынастары

Туу үрдісі төлді аналық малдың жыныс жолдарынан шығарудан тұрады. Ұрықтың анасының жамбас саңылауына дұрыс және дұрыс емес қарым қатынастарын сипаттау акушерлік практикада келесі шартты терминдерді қолданады.


Қалып /жай, күй/ - ұрық денесінің ұзын бойының білігі анасы денесінің ұзын бойы білігінің аралықтарына қатынасы. Келесі қалыптарды ажыратады.
а/ ұзындығы бойына орналасқан /бойлай - дұрыс қалыпты/ - ұрықтың бел омыртқасы анасының бел омыртқасына параллельді /жарыспалы/.
б/ көлденеңінен /дұрыс емес қалыпта/ орналасқан ұрықтың бел омыртқасы анасының құрсақ қабырғасының оң және сол аралықтарында орналасқан және анасы денесінің білігіне тік бұрышты болып келеді.
в/ вертикальді /тік/ - дұрыс емес қалыпта орналасқан - ұрықтың бел омыртқасы анасының бел омыртқасына перпендикулярлі /жоғарыдан төмен/ орналасқан.
Алдыңғы жатыс /предлежание/ - ұрықтың анатомиялық бөліктерінің /құрамдарының/ анасының жамбас кіреберісіне қатынасы. Ол екі түрде кездеседі: а/ баспен келген жатыс - бұл жағдайда ұрық сыртқы жыныс мүшесінің шығаберісіне басымен келеді, бұл көрініс тек ұрық дұрыс қалыпты жағдайында болғанда кездеседі, б/ жамбаспен келген жатыс ұрық дұрыс келген жағдайда кездеседі.
Ұрықтың жатысы дұрыс емес қалыпта болғанда бүйірімен, құрсақпен, арқамен келген жатыстар кездеседі.

5 -Сурет. Төлдеуге дейінгі төлдің баспен және аяқпен келуі кезіндегі жағдайы, орналасуы және аяқтарының орнығуы.


Ұрықтың орналасуы /позициясы/ - ұрықтың арқасы анасы қарынының қабырғалары аралықтарына қатынасы. Оның түрлері: а/ жоғарғы позиция /дұрыс/ егер ұрықтың арқасы анасының бел омартқасына қараса, б/ төменгі позиция /дұрыс емес/ - ұрықтың арқасы анасының вентральдық құрсақ қабырғасына бағытталған, в/ бүйірлі /оң және сол жақты/ - позиция /дұрыс емес/ - ұрықтың арқасы анасы ішінің оң немесе сол бүйір қабырғасына бағытталған жағдайды атайды.
Дене мүшелерінің орналасуы /членорасположение/ - ұрық аяқтарының, басының және құйрығының өз денесіне қатынасы.
Мал жамбастары ұрық шығаратын жол ретінде тәжірибелік малдәрігерлік акушерлікте үлкен маңызы бар деп есептелінеді. Сондықтан акушердің ең негізгі назары аналық малдың жамбас саңылауына аударылуы тиісті.
Анатомиялық ерекшіліктеріне байланысты жас малдардың жамбастары ұрық шығар кезінде үлкейеді, ал ұрықтың жамбасы керісінше көлемі жағынан кішірейеді.
Организмдердің эволюциясы аналық және аталық малдардың жамбас құрылыстарында бірнеше ерекшеліктер туғызды. Жас малдарда осы ерекшеліктері жыныстық пісіп жетілуге дейін онша байқалмайды. Тек эндокриндік жүйесінің жұмысы ғана жыныс айырмашылығының көрінуін туғызады.
Ересек аналық малдың жамбасы аталық жамбасына қарағанда кеңірек. Аталық мал жамбасының сүйектері қуаттылау және өрескелдеу келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет