Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Буаз малдың организмдегі өзгерістер



бет47/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   115
акушерство китап

4.3. Буаз малдың организмдегі өзгерістер
Буаздылықтың зәр, қан құрамына, зат алмасуына, несепзәр шығару, демалу, жүректамыр жүйелеріне тигізетін әсері.
Буаз малда төлдің дамуында ішкі құрсақ қысымы жоғарлайды, бүл зәр шығару және нәжіс бөліну актілерін жиілендіреді, дем алудың кеуде типінің басым болуын және оның жиіленуін қамтамасыз етеді. Бүйрек жүмысы күшейеді. Буаздылықтың екінші жартысында зәрде ақзат байқалады. Жүректамыр жүйесіне салмақ түсуіне орай көп жағдайда жүрек бұлшық етінің гипертрофиясын туырады, миокардтың функциональдық жағдайы және тамырлардың тонусы жоғарылайды
Плацентарлық қан айналымының дамыуына байланысты жатыр тамырлары өсіп кетеді, олардың диаметрі  есе үлкейеді. Қан саны  пайызға көбейеді, бірақ оның морфологиялық құрамы өзгермейді. Эритроциттер түрлері пайда болады. Гемоглобин мөлшері құбылады, бірақ нормадан кемімейді. Қанның ұюы жоғарлайды. Эритроциттердің шөгуі, шапшаңдығы тездетіледі. Фосфор және кальций саны азаяды, калий саны жоғарылайды. Жалпы ақзат саны біршама төмендейді.
Зат алмасу үрдісі қатты өзгереді. Бас кезінде асқа тәбеті және азықты қорытуы жоғарлауына байланысты аналық малдың қоңдылығы жақсарады, буаздылықтың соңында малдар жүдейді, ал дұрыс азықтандырмау және ұстау кезінде мүлдем жүдеуі мүмкін. Зат алмасу белсенділігінің ауытқуы тұяқ және мүйіздердің біркелкі емес өсуін тудырады, оларда сақиналар пайда болады.
Кейде минералдық алмасу бұзылуы байқалады. Минералдық заттар болмаса немесе оларды рационға қоспаса сүйек сынулары болады. Тұз алмасуының бұзылуы өз әсерін тістердің декальцинация жағдайына әкеледі. Мәселен бие тістерінің айғырларға қарағанда тез тегістелетінін мысал етуге болады. Минералдық алмасуымен су алмасуы тығыз байланыста болады. Зерттеулер көрсеткендей, буаздылық уақытында ұлпалар суды ұстап қалып шырынды болады және ісікке бейім келеді.
Буаздылық организмде азот заттарының жиналуымен өтеді. Зәрде несепнәр (мочевина) аз болады, аммиак саны көбейеді. Көмірсулардың сіңуі жақсарады. Бауырда гликоген жиналады. Май алмасуының өзгеруі қанда сілті майлардың, липидтердің, соның ішінде холестериндердің саны көбеюімен байқалады.
Жыныс органдарындағы өзгерістер.
Буаздылықтың басталуымен аналық жыныс бездерінде бір немесе бірнеше буаздылықтың сары денелері пайда болады. Фолликулдардың дамуы токталмайды, бірақ күйлеу, овуляция әдеттегідей байқалмайды.
Сиырлар буаздылығының бесінші айында жыныс саңылауынан бірнеше күн бойы буаздылықтың кілегей тығынының сұйылуы нәтижесі ретінде мөлдір созылмалы кілегей бөлінеді.
Шаруашылықтарда буаздылықты дер кезінде  күн аралығында және ұрықтандырғаннан кейін , айдан соң тәжирибе жағдайында анықтау жүмыстары жүргізілмесе, бұл көріністі күйлеу белгісі деп санап, қолдан ұрықтандыру әдісін қолданып жиі буаз малдардың іш тастауын туғызады.
Биелерде буаздылық уақытында аналық жыныс бездері үлкен фолликулдардың көп мөлшерде дамуы нәтижесінде үлкейеді. Күйлеу кезінде жатыр кілегей қабығы эндокриндік әсерден ісінеді, қанмен көп мөлшерде инфильтрацияланады, жатыр бездері гипертрофияланады. Ұрықтанудан кейін аналық жыныс аппараты ұрықтардың енуіне берген реакция нәтижесі ретінде осы өзгерістер бұдан да айқын көрінеді.
Ұрықтың дамуынан бастап, одан кететін импульстер жатырдың қайта құрылуы процессін тереңдете түседі. Жатыр көлемі және салмағы жағынан (буаз емес жағдайымен салыстырғанда  есе) ұлғаяды. Осы өсу буаздылықтың бірінші жартысындағы бұлшық ет талшықтарының гиперплазиясы және гипертрофиясы, ал жатырдың созылуы екінші жартысындағы нәтижесі. Буаз жатырдың кейбір бұлшық ет талшықтарының ұзындығы  мкм (буаз емес жатырда не бәрі  мкм) жетеді.
Буаздылықтың бірінші жартысында жатыр қабырғасы шырынды болады және қалыңдайды (кілегей және бұлшық ет қабықтарының дамуы нәтижесінде). Буаздылықтың аяғында жатыр көлемі үлкейгенде оның қабырғасы қатты созылуына байланысты, жұқарады. Жатырдың кілегей қабығында плацентаның аналық бөлігі құрылады. Екі мүйізі бар малдарда бір буаздылық кезінде төл жатқан мүйізі қатты үлкейеді. Жалпақ жатыр байланыстары созылады. Олардың қалыңдығында жылтыр бұлшық еттердің талшықтарының саны кобейеді. Жатыр қабырғасында орналасқан тамыр саңылаулары  есе кеңиді. Тамыр иірімі жатыр байланысында және оның қабырғасы қалыңдығында жоғалады.
Ортаңғы жатыр артериясынан өтетін қан мөлшері көбейеді. Саулық пен мегежінде буаздылық бойы бұл  есе көбейеді (В.И.Шапкарин, В.А.Кокарев).
Жатыр мойыны көлемі жағынан үлкейеді, оның кілегей қабығы гипертрофияланады, жолы тығыз жабылады. Оның саңылауы қою, жартылай кілегей тығынмен мойын сағасының сыртынан сәл қынап саңылауына шығып тұрады. Қынап кілегей қабығы ақшылт, буаздылық соңында гиперемияланған.
Буаздылық аналық организмінің жыныс циклының толық табиғи көрінісінің нәтижесі. Овуляциядан кейін аналық клетка пісуімен, әсіресе ұрықтанудан соң пайда болған өскін анасы организмінің қайта құру импульстерінің жүйесі болады. Өскін өзінің провизорлы органдарымен анасы организмі органдарының жүйесіне қосылып, оның органдарына және нейрогуморальдық жүйесіне ерекше әсер етеді.
Қазіргі жағдайда жатырдағы пролиферативтік процесстерді буаздылық кезінде жыныс циклдардың болмауын сары дененің әсерімен түсіндіреді, сонымен қатар сары дененің өзінің жұмысын ынталандыратын механизм толығымен анықталған жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет