Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет54/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   115
акушерство китап

Туу үрдісінің ағымы. Толғақ пен күшену жатыр жүйке элементтерін тітіркендіруімен өтеді, олар күшті ауру сезімін тудырады. Толғақ пен күшену және олардың арасындағы үзіліс тірі төл тууын қамтамасыз ететін фактор. Егер олардың арасында үзіліс болмаса, онда тамырлардың оттегі жетіспеуі салдарынан қысылуы байқалып төл өледі.
Жиырылу күші мен ұзақтығына байланысты: 1/ ашылатын күшенулер /дайындық/, 2/ шығаратын күшену мен толғақтар /туу кезі/, 3/ төлдеуден кейінгі күшенулер деп бөлінеді.
1. Ашылатын күшенулер тек жатыр бұлшық етінің жиырылуымен сипатталады. Қысқа күшенулермен басталып бірнеше секундта (ашылатын күшенулер ұзақ үзілістермен 20-30 мин) алмасады. Туу процессі ағымында күшенулер күшейеді және ұзарады (2-5 с), ал олардың арасындағы үзілістер қысқа (1-5 мин) болады. Дайындық күшенулері күші әсерінен жатыр мойынының жолы ашылады, төл қағанақ қабықтарымен шыға беріске жылжиды.
2. Туу күшенулері мен толғақтар жатыр бұлшық етінің және құрсақ прессінің жиырылуынан пайда болады. Күшену мен толғақтар жиі, өте күшті, ұзақ /5 минутке дейін/, ал үзілістері қысқа /1-3 сеундқа дейін/ болады. Олар төлге қысым жасап, оны туу жолдарымен итереді.
3. Төлдеуден кейінгі күшенулер төл туғаннан кейін басталып, қағанақ қабықтарының және қалған қағанақ суының жатырдан шығуына ықпал етеді.
Сонымен толғақ пен күшенулердің түріне және жыныс органдарының өзгеруіне байланысты туу сатысының үш түрін ажыратады: ашылу, туу және туудан кейінгі.
1. Ашылу сатысында ішкі жыныс органдарының бұлшық ет жиырылуы болады. Жиырылу ұрыққа және қағанақ суларына қысым жасайды, соның нәтижесінде олар қысымы аз жаққа басқаша айтқанда жатыр мойынына қарай ауысып, жолының ашылуына ықпал жасайды. Ашылған жолға қағанақ қабықтары, оның ішіне алынған қағанақ сулары еніп жол қабырғасына біркелкі қысым жасайды. Осының әсерінен жатыр мойыны ашылып қынап және жатыр қабырғасымен бірігеді. Қағанақ қабықтарының бөлшектері жатыр мойыны арқылы өтіп, қынапқа түседі, кейде сарпайдың сыртына жартылай шартәрізді борпылдақ қапшық сияқты шығып тұрады. Осы уақытта қағанақ қабықтары жарылады, сосын пайда болған тесіктен қағанақ суының жартысы сыртқа төгіледі. Қағанақ қабының жыртылуымен ашылу сатысы аяқталады.
2. Туу сатысы. Жатыр мойынына қағанақ қабы енуімен бірге төлдің жақын жатқан бөлшектері де кіреді. Қағанақ қабықтарының жарылуынан кейін ұрық сұйықпен бірге жамбас жолына еніп, туу жолдарының рецепторларын тітіркендіреді және бұлшық ет прессінің жиырылуын тудырады. Осы кезде ұрыққа қысым жоғарғы денгейге жетеді. Ұрық туу жолдарына кіреді, жақын жатқан органдары сарпай саңылауына жақындайды. Келесі бұлшық ет прессінің және жатырдың жиырылуы әсерінен ұрықтың жақын жатқан органдары сарпай саңылауынан итеріледі. Осыдан кейін ұрықтың шығуы аяқталады, оның кіндігі үзіледі. Жатыр қуысында қағанақ қабықтары қалады. Ұрық шығару кезінде аналық мал мазасызданады, ыңқылдайды, жатады және тез арада тұрады.
3. Туудан кейінгі саты. Төл туғаннан кейін мал тынышталады, бірнеше минутқа созылатын үзіліс болады. Содан кейін жатыр қайтадан жиырыла бастайды, бірақ оның жиырылуы ондай күшті емес. Жиырылу процесс қағанақ қабықтары жатырдан қуылғанша дейін созылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет