Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Буаздылық пен бедеулік диагностикасы



бет48/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   115
акушерство китап

4.4. Буаздылық пен бедеулік диагностикасы
Мал басының өсімі жөніндегі жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін қай фермада болмасын барлық малдың үш жағдайын айырады:
1/ буаздылық, 2/ туудан кейінгі мезгіл /туудан кейін 3-4 апта/ және 3 бедеулік. Бедеуліктерге (ұрықсыз) барлық ұрықтанбаған немесе ұрықтанған, бірақ туудан кейінгі бір ай мезгіл ішінде ұрықтандырғанда ұрықтанбай қалған аналық малдар және физиологиялық жетілуден кейін бір ай мезгіл ішінде ұрықтанбай қалған басқа малдардың жас аналықтары жатады.
Бедеулік пен буаздылықты анықтау әрбір шаруашылықтағы аса маңызды және міндетті шара болып саналады. Малдарды зерттегенде мамандар тек қана буаздылықты анықтап қоймай, сонымен бірге ең алдымен бедеулікті тез арада жойып оған дер кезінде шара қолдануын белгілейді. Сондықтан бедеулік пен буаздылықты анықтау бірегей, шара болып есептелінеді.
Бедеулік пен буаздылықты анықтайтын тәсілдер екі топқа бөлінеді:
I. Бедеулік пен буаздылықты клиникалық тәсілдер арқылы анықтау:
1. Рефлексологиялық әдіс.
2. Сыртқы зерттеу.
3. Ішкі зерттеулер: а/ тік ішек арқылы. б/ қынап арқылы.
II. Буаздылықты лабораторлық тәсілдер арқылы анықтау.
1. Қынаптан бөлініп шыққан шырышты зерттеу.
2. Қанды зерттеу.
3. Несепті /зәрді/ зерттеу.
4. Сүтті зерттеу.
5. Гармондарды табу.
6. Басқа зертханалық әдістер жүргізу.
Бедеулік пен буаздылықты клиникалық тәсілдер арқылы анықтау. Анамнез арқылы мәліметтерді жинау және малды зерттеумен буаздылықтың екі түрінің белгілерін анықтауға болады.
1/ ықтималды (ерекше емес) - буаздылық белгілерінің болуы мүмкін дегенін көрсетеді, 2/ нақтылы - тек буаз малдарға тән белгілердің болуы.
Анамнез көмегімен аналықтарда мүмкін болатын келесі буаздылықтың белгілері анықталады.
1/ күйлеу белгілерінің, жыныстық қозудың және күйіттің ұрықтандырғаннан кейінгі 30 тәулік ішінде болмауы, 2/ мал тәбетінің жақсаруы, 3/ кейде тәбетінің бұзылуы, 4/ тез болдыруы және терлеуі, 5/ мінезінің біркелкілігі., 6/ жоғарғы өнімді малдардың - сүт безі функциясының әлсіреуі. Шағылыстыру реестріндегі жазулар анамнездік мәліметтердің маңызды бөлігі болып саналады. Анамнез тек буаздылық мезгілін анықтағанда қолданылады.
1. Бедеулік пен буаздылықты рефлексологиялық әдіспен анықтау. Күйіттеушіні қолданып аналықтың аталық малға немесе аталық малдың аналыққа реакциясын анықтайды. Белгілі, көп циклды малдарды ұрықтандырудан кейін, оларда жыныс циклының қозу сатысының барлық феномендерінің көрінуі ұрықтану болмай қалғанын дәлелдейді, басқаша айтқанда бедеулік белгісі. Сондықтан күйіттеушімен аналық малдың күйітін анықтау бедеуліктің дәл белгілері болып саналады, керісінше мезгілі келген аналық малда күйіттің болмауы - буаздылық белгілері деп есептелінеді. Осы әдіс сақа /үлкен/ малдарда 95-100% дейін буаздылықты анықтауға мүмкіндік береді, ал жас малдарда -100% дейін.
Бүгінгі күнге дейін рефлексологиялық әдістен басқа бедеулік пен буаздылықты анықтайтын ең нақтылы әдіс жоқ. Сондықтан, осы әдістің мал өсіру кезінде олардың күнделікті тәжірибесінде қолдану қажет.
Оның ерекше бағалығы келесіде, бедеулік болған жағдайда аналық малдың жыныс күйіті жіберуін болғызбайды және жыныс циклының қозу сатысы феномендері айқын байқалғанда малдарды оптимальды уақытта ұрықтандыру жұмыстарын өткізуге мүмкіндік береді.
Бедеулікпен буаздылыққа рефлексологиялық әдіс арқылы зерттеу үшін әдетте арнайы қамау бөледі, мұнда аналықпен бірге күйіттеушіні жібереді. Мегежіндерді кешен жағдайында ұстағанда станок арасынан күйіттеушіні жіберіп жеке іріктеу жасайды. 100-150 аналыққа бір күйттеуші бөледі. Бір күнде өткізетін үлгінің саны күйіттің ұзақтығына байланысты (кесте).

3-Кесте. Аналықтарды бедеулік пен буаздылыққа рефлексологиялық зерттеу уақыты және саны





Мал түрі

Үлгі саны

Ұрықтандырғаннан кейін үнемі үлгіні жүргізу (күн)

Басы

Аяғы

Бие

Күнде немесе күнара 1 рет

8

30

Сиыр

Күніне 2 рет

10

30

Мегежін

Күніне 1-2 рет

15

30

Саулық

Күніне 1-2 рет

10-12

30

Ешкі

Күніне 1-2 рет

10-12

30

Күйттеушілерді аналықтардан бөлек ұстау қажет. Аналық малдардың күйіттеушімен қатынасы 1-11/2 сағаттан аспау керек. Күйттеушілерді табында ұзақ уақыт бойы ұстауға болмайды, өйткені осы жағдайда олардың жыныстық белсенділігі төмендейді. Күйіті келген аналықтарды күйіттеушімен анықтағасын тез арада қамауға шығарады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет