Буаз мал жатырының бұралуы, не түйілуі - жатырдың бір бұтағының не барлық жатырдың ұзын бойымен бұралып қалуын жатырдың түйілуі деп аталады. Бұл әдетте мал буаздығының екінші жартысында кездесетін дерт.
Себебі - жатыр ішіндегі төлмен бірге құрсақ қуыста терең қай жаққа болса да қозғалып айналуы мүмкін, осыдан барып жатыр бұралып кетеді. Бұл аурудың себебі оқыс бұрылудан, құлаудан, малды бір бүйірінен екінші бүйіріне кілт аударудан болуы мүмкін.
Белгілері – төлдеу ұзаққа созылады, қағанақ көрінбейді. Тік ішек пен қынап арқылы зерттегенде қынаптың тарылғаны немесе иреленген қыртыстары бар екені байқалады. Көбіне сарпай қынаптың ішіне қарай тартылып үңірейеді.
Емі - негізгі мақсат жатырды кері қарай бұрып түзету. Бұл үшін жатырдың қай жаққа бұралғанын анықтау керек. Жатырды түзету үшін тегіс жер тауып алады да оған сабан төсейді. Сиырды жатыры бұралған бүйіріне жатқызады. Алдыңғы және артқы аяқтарын біріктіріп матайды. Сиырды шалқасынан жатыры бұралған жаққа қарай күрт аударады. Тап осы кезде төл мен жатыр мойынын ұстап алып, мүмкіндігінше оларды қозғалтпауға тырысады.
Жатыр жарығы. Буаз малдың қарын көк еті соққыдан жыртылып жатыр тері астына шығып кетеді. Ауру түйеде, сиырда, биеде, ешкіде кездеседі.
Клиникалық белгілері. Бір бүйірі, немесе қарынның астыңғы жағы бұлтиып шығып тұрады, ұстап түртіп қарағанда ішінде жиналған шарана суы, кейде төлдің дене мүшелері сезіледі. Уақыт өткен сайын жатырдың тері астына ығысуы көбейе береді, сыртынан қарағанда ісік үлкейе түседі. Бірақ бұл патология төлді өсіп дамуына аса көп кесірін тигізе қоймайды, малдың жалпы жағдайы да өзгермейді, тек туу кезінде мал өздігінен туа алмай көп қиналады да, төл тұншығып өліп кетуі мүмкін.
Емі - ауруды емдеу әдісі табылған жоқ, тек туу актісі басталған кезде төлді тартып шығару қажет, қажетті жағдайларда кесарь тілігін жасайды.
6.1. Іш тастаулар
Іш тастау (лат. abortus, aborior -ерте, мезгілінен бұрын туамын). Буаздылық қалпы доғарылып, құрсақтағы төлдің түгелдей не жартылай ыдырап, бойға сіңіп кетуі не жатырдағы (жетілмеген) төлдің (түсіктің) сыртқа айдалып шығуы.
Іш тастаулар - бедеуліктің бір түрі. Малды өлім-жітімге ұшырататын оның сүтін азайтатын, одан алынатын төл басын кемітетін, экономикалық тұрғыдан алғанда шаруашылыққа үлкен зиян келтіретін дерт. Жұқпалы аурулардың әсерінен туатын іш тастау өте қауыпты деп саналады. Өйткені олардың қоздырғыштары тез уақытта сау малдарға жұға алады. Бірақ көп жағдайда іш тастау жұқпалы емес аурулар салдарынан болады.
Аурудың себебі. Күтімі мен азығының нашарлығы, ұрып-соғулар, зорығу, індетке ұшырау (бруцеллез, т.б.).
Д. Хэммонд іш тастау тудыратын үш негізгі себебтерді анықтаған:
1) аналарынан генетикалық жағынан берілетін өскіннің толық жарамсыздығы.
2) анасы организіміне түскен химиялық заттардың әсерінен туатын ауытқулар.
3) өскін дамығанға дейін аналық секретінің бөліну сапасының төмендеуі немесе олардың қайшы әсері.
Қазіргі кезде ауылшаруашылық малдарында кездесетін іш тастаулар, олардың себептеріне байланысты үш түрге бөлінеді: 1) жұқпайтын 2) жұқпалы, 3) инвазиялық.
4-Кесте. А.П. Студенцов бойынша іш тастаулардың жіктелуі
Жұқпайтын іш тастаулар
|
Жұқпалы іш тастаулар
|
Инвазиялық іш тастаулар
|
Идиопаттық (туа біткен ұрық қабықтарының және ұрық патология-сының аномалиялары)
|
Идиопаттық
(бруцеллез, сальмонел-лез, кампилобактериоз, лептоспироз, листериоз және басқ.)
|
Идиопаттық
(трихомоноз,ток-соплазмоз және басқалары)
|
Симптоматикалық
а) Жатырдың, жүрек- тің, өкпенің, бүйректің, бауырдың және басқа ағзалар аурулары себептерінен ұрық және анасы организмі қарым қатынастарының бұзылуы.
|
Симптоматикалық
(ИАЛ, туберкулез және басқа анасының жұқпа-лы аурулары, микоздар)
|
Симптоматикалық (қан паразиттері және анасының басқа аурула-ры)
|
б) алиментарлық
в) травматикалық
г) қалыпты қолдан
|
|
|
Әрбір іш тастау түрлерінде екі түрін анықтайды: 1) идиопаттық іш тастау (лат. idios - өздігінен, өзінен өзі, өз бетімен) яғни өздігінен болатын ұрыққа немесе оның провизорлы органдарына тікелей әсер ететін, патогендік фактордың ерекшелігімен сипатталатын.
2) Симптомдық іш тастау - анасы ауруының немесе оның азықтандыру, асырауындағы қателіктер салдарынан болатын.
Патогенез (аурудың пайда болу және асқыну процесі). Анасы организмінің және дамып жатқан ұрық арасындағы қарым-қатынастар бұзылуы осы ауруға әкеп соғады. Бұл көрініс ұрық қабықтарының қалыпсыз жағдайынан, жыныс аппаратының, басқа органдардың және организмнің жалпы қалпының ауытқуы салдарынан болады.
Іш тастаудың клиникалық ағымында патогендік фактордің қасиетіне, организмнің жалпы жағдайына және оның реактивті қабілетіне байланысты әр түрлі вариациялар пайда болады.
Клиникалық көрініс жағынан іш тастаулар толық және толық емес түрлерге бөлінеді.
Толық емес түрінде өтетін іш тастау (abortus incompletus) тек көп төлді буаздылық кезінде кездеседі - бір немесе бірнеше ұрықтардың өлуі, содан кейін жатырда тірі калған ұрықтардың толық жетілуі және тууы.
Толық жасырын түрінде өтетін іш тастау (abortus complitus) - көп төлділік және бір төлділік кезінде кездеседі жатырдан шала дамыған ұрықтарды қуу немесе барлық ұрықтардың өлуі байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |